Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

КІМДІ КІНӘЛАП, КІМДІ ЖАЗҒЫРАМЫЗ? ШЕКЕДЕН ҚАРАЙТЫН ШЕНДІЛЕР НАЗАРЫНА!

20.03.2022
ҰЛТ ҰЯТЫ
КІМДІ КІНӘЛАП, КІМДІ ЖАЗҒЫРАМЫЗ? ШЕКЕДЕН ҚАРАЙТЫН ШЕНДІЛЕР НАЗАРЫНА!
WhatsAppTelegramFacebook

Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі, 
Өрнегін сендей сала алмас. 
Білгенге маржан, 
Білмеске арзан, 
Надандар бәһрә ала алмас. 
Қиналма бекер тіл мен жақ, 
Көңілсіз құлақ, ойға олақ,
– деп ашынған көңілмен заманының зарын төккен заңғарым-ай! Жүрсек те талантыңа таңғалып-ай. Тәуелсіздік алған соң кім ойлаған, дақ түсіріп аламын деп арға бұлай?

Бүгінде ашынып айтқанымыз емес, ашығын айтсақ арымызға дақ түсіріп алдық. Дақ емей енді немене? Анамыздың ақ уызымен емген ана тілімізде сөйлемесек.Тіпті, тегі қазақ болғанмен тілі басқа шалалар ана тілінде сөйлей білмесе. Шала-пұла білетіндердің өзі сөйлегісі келмесе, арына түскен дақ емес пе?! Сөздің ақиқатында ана тілін арсыздар мен ақылсыздар ғана мойындамайды.

Ал «ақылсыздар» деп астын сызып айғайлата атап отырғаным кімдер өзі? Егер адамдар жайында айтатын болсақ, олар әсте «ақылсыздар» тобына жатпайды. Себебі бәрі де ақылды. Әсіресе, бүгінгі таңда шет елдерде оқып, жат елдің жауырын жаба тоқып, өзгенің қаңсығын өзіне таңсық көріп, ай мен күннің аманында ана тілінен жеріген, қос-қостан жоғары оқу орындарын бітірді деген дипломы бар «білімпаздарды» «ақылсыз» ақымақтардың қатарына қоса аламыз ба? Алланың ақылсыз етіп жаратқан айуандары қой мен ешкі, сиыр мен жылқы, түйе түліктері емес пе еді? Қой жануарының мөңіремей маңырайтынын, сиыр малының маңырамай мөңірейтінін, құлынның кісінейтінін, ботаның боздайтынын біле тұра, ақыл мен пайымды парасат иесі болып жаратылса да ана тілінде сөйлей алмайтын адам баласының әрекетін неге балап, немен бағалауға ақылым жетпей қиналамын.

Ерекше бір шындық бар. Ол данышпан Абай бабамыз айтқандай: «Махаббатпен жаратқан адамзатты», соның ішінде, Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің, оның ішінде мемлекеттің өзге ұлт өкілдерін былай қойғанда, өз ішімізден шыққан биік мәнсап иелері мен өз ана тілінде ант қабылдай алмай, халықтың қанын қайнатқан қауқарсыз «халық қалаулыларын» көрген кезде жебедей жерге, тірідей көрге кіріп кете жаздағанымызды несіне жасырайық?!

Ал енді сол ұлтсыздар мен ұждансыздардың осыншалық ұятқа қалған өз кемшіліктерін түзетуге тырысып, туған халқынан кешірім сұраудың орнына, беттері бір бүлк етіп, шіміркенуді білмейтін шіркіндердің шекесінен қарап, шіренетіндерін қайтерсің? Өз тілімізді өзге ұлттардың сыйлап, құрметтеп күнделікті үйренуіне ұйытқы болып, үлгі-өнеге көрсетуіміздің орнына қоғамға еш қажеті жоқ болып бара жатқан қасиетті қазақ тіліміздің басқа ұлттардан емес, өз жатырын жарып шыққан өгей ұлдарының арқасында төрден емес, есіктен, терезеден емес, тесіктен әрең сығалап, бойының бұғып, сағының сынып тұрғанына кімді кінәлап, кімді жазғырғандаймыз?!

«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», – дегенді айтқан Ахмет Байтұрсынұлының осыдан тура бір ғасыр бұрын жалпақ жұртқа жар салған жанайқайына бүгінде құлақ түріп, қамқорлық танытып жатқан қайсымыз бармыз? Туған тіліміздің туын желбіретіп, тұғырын биіктетудің орнына күн өткен сайын тығырыққа тіреп тынысының тарылып бара жатқанына қалайша жүрегің қан жыламайды?!

Билік басында отырған шен-шекпенді шенеуніктердің бұрынғы өткен-кеткен кемшіліктер мен кешегі кеңес кезіндегі тіл төңірегіндегі теңсіздікті былай қойғанның өзінде, Тәуелсіздік алғанымызға отыз жылдан асқанда тілімізге деген «құрметіміздің» осыншалық бейшара халге түскеніне ең болмаса сезімдері селт ете ма өзі?! Жоқ, әлде оларға бәрібір ме?

Ана тілің – айбының! Ақыл-ой мен рухани байлығың. Ана тілінің ақ уызына жарымаған, өне бойына ұлт рухы дарымаған ұлтын сүймейтін, тілін білмейтін ұждансыз дүбәраларды қандай адам қатарына жатқызуға болар еді? Әсіресе, өз ана тілін білмеу былай тұрсын, білгісі де келмейтін әр деңгейдегі отырған шенділерге айтарым: ана тілің – тірегің! Соғып тұрған Жүрегің. Арың менен ұятың, Намысың мен жігерің!

Егер біздің жүрегіміз еттен жаралып, бойымызда ар мен намыс жігер атаулыдан бір кішкентай жұрнақ қалған болса, осынша сорақылықты бастан кешіріп, сорымыз бұлай қайнамас еді ғой.

Тіл — тірегі, тіл — жүрегі халқымның, 
Тіл тұрғанда құны да жоқ алтынның.   
Жаны ауырып іздейтұғын жоқшысы ол, 
Дәстүр-ғұрып, ата-баба салтымның,
– деп толғасақ, небәрі осы үш-ақ әріптен тұратын «тіл» деп аталатын кие қонған қасиетті сөзіміздің астарында қаншама қазына байлығымыз, ғасырлар бойы өткен тарихымыз бен баянды болашағымыз жатқан жоқ па?

Ендеше, әрі қарай езе бермей, ел басқарған ер-азаматтардың егер де кеудесінде қазағым деп соғатын жүрегі болса, өз ана тілімізді, яғни, мемлекеттік тілімізді менсінбей мансұқтауды доғаратын кез жетті, ағайын! Абай данаша айтсақ: «Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел!» — дегім келеді. Алла біздің бұл күнәмізді кешірсе екен. Себебі, сөздің жүйесі, Тілдің киесі болады. Ана тілінде әруақтардың демі бар.

Арманым биік асқарда, 
Елімді алға бастарда. 
Ана тілін сүйетін, 
Бар үмітім жастарда!
– деп өз ойымды өлең жолдарымен түйіндей келе Мағжан ақынша айтсақ: «Мен жастарға сенемін!» Бар сенімді жастарға артып, жастардан күтеміз. Жастар, сендер намысты қолдан бермес, қайтпас қайсар, жігерлі болыңдар!

Камнұр ТӘЛІМҰЛЫ,

Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Талғар филиалының меңгерушісі,

Талғар ауданының Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.