Талдықорған: +25°C
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

СЕНІМ. МӘМІЛЕ. КУӘЛАНДЫРУ: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН НОТАРИАТЫНА — 25 ЖЫЛ

15.03.2022
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
СЕНІМ. МӘМІЛЕ. КУӘЛАНДЫРУ: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН НОТАРИАТЫНА - 25 ЖЫЛ
WhatsAppTelegramFacebook

Экономикалық және жекеменшіктік құқықтық қатынастарды реттеуге байланысты нотариат қызметі қолданысқа енген. Қазақ елі де заман ағымына сай өткен ғасырдың басында құқықтық қатынастарды басқару мен реттеудің жаңа жүйесіне көшті. 1921 жылы нотариаттық столдар жойылып, нотариаттың қызметтері мемлекет құрылымдарына берілді.

1923 жылы «Мемлекеттік нотариат туралы» Ереже қабылданды. Ал тәуелсіздік алғаннан кейін, 1997 жылғы 14 шілдеде ҚР «Нотариат туралы» Заңы қабылданып, ол Қазақстан Республикасындағы нотариустардың құқықтық мәртебесін өзгертті. Соған сай биыл ҚР нотариатына – 25 жыл толады. ҚР Конституциясының 13-бабына сәйкес, кез келген адамның білікті заң көмегін алуға  құқығы бар. Нотариустар бұл көмекті нотариаттық іс-әрекеттерді орындауы арқылы жүзеге асырады. ҚР «Нотариат туралы» Заңының  34-бабында көрсетілгендей бұл әрекеттердің қатарына мәмілелерді куәландыру да жатады. Нотариустың заңгер ретінде мәмілені куәландыру оның заңдылығында күмәндануға жол бермей, керісінше, оның сауатты жасалуына және тараптардың мүдделері мен   заңнамаға қайшы келмейтіндігіне кепілдік береді. Нотариус мәмілелерді куәландыру барысында, өзге кез келген әрекеттерді орындаудағы сияқты, азаматтардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгiн анықтап алуы және мәмiлелерге қатысушы заңды тұлғалардың құқықтық қабiлеттiлiгiн тексеруі тиіс.

ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар (жас балалар) үшiн мәмiлелердi, ұсақ мәмілелерді есепке алмағанда олардың атынан заңды өкілдері жасайды. Заңды өкілдері ретінде ата-аналары, асырап алушылар немесе қорғаншылары танылады. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар мәмiлелердi олардың заңды өкілдерінің келісімiмен жасайды. Ал сот әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың атынан мәмілелерді қорғаншылары не қамқоршылары жасайды. Мәмiле өкiлдер арқылы жасалған жағдайда олардың өкiлеттiгi тексерiледi.

Тараптардың психикалық жағдайына не олардың мас күйінде болуына күмән туса, нотариус нотариаттық іс-әрекет жасауды кейінге қалдырады. Нотариус тараптарға олар табыс еткен мәмілелер жобасының мазмұны мен мағынасын, оның құқықтық салдарын түсіндіреді. Сондай-ақ, оның мазмұны тараптардың шын ниеттеріне сәйкес келетінін және заң талаптарына қайшы келмейтіндігін тексереді. Нотариус өзіне өтініш білдірген адамдарға жасалынған мәміленің құқықтық салдары туралы мәлімдей отырып, мүдделі емес, білікті және маманданған кеңесші қызметін атқарып, азаматтарды болашақта орын алуы мүмкін қателіктер мен заңнама бұзылуынан сақтандырады.

Осылайша, азаматтардың кәсіби көмек алу құқығын және құқықтық қорғанысын қамтамасыз етеді. Кәмелеттік жасқа жетпеген немесе қорғаншы не қамқоршысы бар басқа тұлғалардың мүлкінің кемуіне әкеп соқтыратын кез келген мәмілелерді жасаған кезде осындай мәмілені жасауға қорғаншы және қамқоршы органның келісімін талап етіледі.

Мәміле куәландыру кезінде нотариустың тікелей өзінің қатысуымен қол қойылуы маңызды болып табылады. Егер азамат дене кемiстiгi, ауруы немесе әлде бiр өзге себептер салдарынан өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша басқа азамат қол қоя алатыны заңда нақтыланған. Егер азамат нотариаттық іс жүргізу тілін білмесе, онда нотариатты түрде куәландыратын құжат мәтінін нотариус, не аудармашы оған аударып, ол туралы құжатқа белгі қойылады.

Нотариаттық куәландырылған мәмiленiң мәтiнi анық және түсiнiктi жазылуға немесе басылуға, мәмiленiң мазмұнына қатысты сандар мен мерзiмдер ең болмағанда бiр рет сөздермен, ал заңды тұлғалардың атаулары қысқартусыз, олардың тұрған жерi көрсетiле отырып жазылуға тиiс. Азаматтардың тектерi, аттары мен әкесiнiң аттары, олардың тұратын мекенжайлары толық жазылуы керек. Өшiрiп тасталған, қосылып жазылған, сызылған сөздерi, түзетулерi бар мәмiлелердiң мәтiнiн куәландыруға немесе құжаттарды, сондай-ақ, қарындашпен жазылған құжаттарды куәландыруға болмайды. Көлемi бiр парақтан асатын құжатта парақтар тiгiлген, бауланған және мөрмен бекiтiлген болуға тиiс.

Тараптардың қалауы бойынша  нотариус  шартты бұзу туралы келісімді куәландырады. Шартты бұзу туралы келісім бөлек куәландырылады. Көрсетілген шарттарды бұзған кезде бұрын алынған мемлекеттік баж және осы шарттарды куәландыру үшін құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтердің төлемдері тараптарға қайтарылмайды.

Мәмілелердің мазмұны баяндалатын құжаттар данасының саны нотариаттық іс-әрекет жасауға өтініш берген адамдардың санымен белгіленіп, екі данадан кем болмауы тиіс. Құжаттардың бір данасы нотариустың ісінде қалады.

Жылжымайтын және жылжымалы мүлікті иеліктен шығару туралы шарттар кез келген жерде куәландырылады. Нотариаттық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін мәмілелерді жасау кезінде нотариус мәмілелерді жасауға ортақ бірлескен меншіктің басқа қатысушыларының келісімі туралы өтінішті талап ету міндетті. Сондай-ақ, жұбайлардың ортақ меншігі болса, екінші жұбайының келісімі талап етіледі.

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын иеліктен шығару үшін жер учаскесінің меншік құқығы да шығарылуы тиіс. Жалпы, мүлікті иеліктен алу туралы мәмілелерді куәландыру кезінде нотариус құқық анықтаушы құжатты, құқықтық кадастрде тіркелгендігі туралы құжаттың үзіндісін, иеліктен шығарылатын мүліктің бағасы туралы актіні талап етеді. Айырбастау шартын нотариус тараптардың таңдауы бойынша жылжымайтын мүліктің кез келген объектісінің тұрған жері бойынша куәландырады. Бұл ретте нотариус ауыртпалықтың жоқ екендігі фактісін анықтайды.

Неке келісімшарты – міндетті нотариаттық куәландыруға жататын мәміле түрі. Неке келісімшарты некеге тіркелгенге дейін де, кейін де куәландырыла береді. Одан біржақты бас тартуға жол берілмейді. Өсиет Азаматтық кодекстің  тәртібіне  сай  дайындалады және ол нотариустармен қатар нотариаттық іс-әрекеттер жасаушы басқа да лауазымды тұлғалармен куәландырыла алады. Өсиеттердi куәландырған кезде өсиет қалдырушыдан өсиетке қалдырылатын мүлiкке оның меншiк құқығын растайтын дәлелдемелер тапсыру талап етiлмейдi. Өсиет өзі бұрын жасаған өсиеттің белгілі бір бөлігін өзгерту туралы жазған өтінішті нотариусқа беру және бұрын жасалған өсиетті өзгертетін жаңа өсиет жасау жолымен өзгертіліп, өсиеттің күшiн жою немесе өзгерту туралы өтінішті нотариат куәландырады.

Нотариус пен нотариаттық iс-әрекеттер жасаушы лауазымды адамдар бiр немесе бiрнеше адамның атынан бiр немесе бiрнеше адамдардың атына сенімхаттарды куәландыра алады. Мүлікті басқаруға, мәмілені жасасуға, қайта сенім білдіруге берілетін сенімхаттар міндетті нотариаттық куәландыруға жатады. Заңды тұлға берген сенімхат нотариаттық куәландырылуы мүмкін. Сенім білдірілген адамның (ұсынылған) оған берілген сенімхаттың жойылғаны туралы өтініші нотариатты куәландырылуы тиіс.

Бұл шарттардың тараптары көбінесе қарапайым заң білімдерінен хабарсыз болғандықтан кәсіби маман көмегін қажет етеді. Мұндай кәсіби маманның бірі болып нотариус табылады. Жылжымайтын мүлікпен жасалынатын мәмілелердің барлығын нотариалдық куәландыруға міндеттеу азаматтық қатынастың қатысушылары әрекеттерінің заңдылығын бақылауға, соттардағы даулардың азаюына мүмкіндік береді.

Осылайша, азаматтық құқықтық қатынаста жылжымайтын мүлік айналымының тез және сенімді болуын, оған қатысушы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы нық сенімді кепіл бола алады.

Айнұр ТОЛЫМБЕКОВА,

Алматы облысы өңірінің нотариусы

Қатысты жаңалықтар

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

02.07.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

02.07.2026
Кәсіп ашуды армандады

Кәсіп ашуды армандады

02.07.2026
Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

02.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.