Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Бағланованың «Бозторғайы»

11.03.2022
КҮЛТӨБЕ
Бағланованың «Бозторғайы»
WhatsAppTelegramFacebook

«Қара шаңырақ» дейтін киелі ұғымды қастерлеп, оның жылдар бойғы қалыптасқан отбасылық қалыбын бұзбай, құндылықтарын сақтау – босаға аттаған келінге зор жауапкершілік жүктейді. Ал есімі елге мәшһүр, жұлдызы жарқыраған танымал тұлғаның келіні болу бұл жауапкершіліктің жүгін жүз еселей түсерін бастауыш сынып мұғалімі Марал Сағынайқызы сол кезде сана сүзгісінен өткізіп, жүрегімен сезінген екен. Ендеше, Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі, Халық Қаһарманы, дүлдүл әнші Роза Бағланованың келіні Марал Бағлановамен арадағы сыр-сұхбаттан сусындай отырыңыздар.

– Марал, әлемге танымал әншінің келіні болу бақыты бұйырған екен. Алғаш босаға аттағанда қандай сезімде болдыңыз? Қорқыныш немесе қобалжу болмады ма? 
– Енеммен 11 жыл бірге тұрдым, 2001 жылы жасым 21-ге енді толар шақта келін болып түстім. Көзімді жаңа ашып, дүниенің не екенін енді танып жатқан уақыт еді. Дәл осы шақта келін болып түскенім үшін өзімді өте бақытты санаймын. Университетте оқып жүрген студент кезімде өте белсенді болдым. Содан да шығар, келін боларда еш қорқыныш болған жоқ, керісінше, жоғары мәдениетті, өте танымал адамға келін болатыным үшін қуандым. Бір жағынан «менің тіршілігім ұнамай қала ма?» деген уайым болды. Бірақ, табалдырық аттағаннан бастап осы үйде бұрыннан тұрғандай әсерде жүрдім, еш жатырқау болған жоқ. Мұның барлығы анамыздың өте мейірімділігінен деп білемін.
– Енеңізді қалай атайтын едіңіз? 
– Тойдан кейінгі үш күн ішінде «Роза Тәжібайқызы, кей сәтте апа» деп жүрдім. Сосын өзі «мама» деуіме рұқсат берді. Ол кезде анамыз 79 жаста еді. Бала жастан салт-дәстүрді танып өскендіктен, келін болып келген күннен сәлем салдым. Бірақ, бірер аптадан соң өзі «жаным, маған сәлем салмай-ақ қой, ризамын саған» деп рұқсатын берді.
– Қартайған шағында келіпсіз, күтімі мен үй тіршілігіне үлгеру де оңай болмаған шығар?
– Ол кісі өте жинақы болды, уақытпен жүретін. Асы, киімі  дайын тұру керек. Оған қоса, күйеуімнің қас-қабағына қарап, балалардың күтіміне де үлгеруге тырыстым. Қазір ойлап отырсам, үлкен еңбек екен. Үйден қонақ үзілмейтін. Жыбырлап жүре беремін. Сондайда Роза анамыз: «Болды ғой енді, болды, жыбырлай бермей, жатып, демалсаңшы»,– деп жанашырлық танытып отыратын. Қазір сол мейіріміне шөліркеп, сағынамыз. 
– Немерелерінің есімдерін өзі қойды ма?
– Анамыздың ұлы – Тәжен. Одан тараған немерелерінің есімін өзі қойды. Тұңғыш немересінің есімі – Ақерке. Үлкен ұлымызды әкесінің атымен Тәжібай деп қойса, одан кейінгі қызымызға Маржан есімін берді. Ал әжесі өмірден озған соң дүниеге келген төртінші немересіне әншінің атасы азан шақырып қойған бала күнгі Үрбибі есімін бердік. 
– Ене мен келін арасындағы сыйластықтарыңыз жайында сыр ақтара отырсаңыз. Бір әулеттің ғана емес, бүкіл бір ұлттың мақтанышы болған әншінің бойынан қандай асыл қасиеттерді көре алдыңыз?
– Роза Тәжібайқызы бала күнінен Күндей әжесінің бауырында болып, қазыналы қарттың тәрбиесін сіңіріп өсіпті. Әншілікке баулыған да осы әжесі. Немересін еркелетіп үнемі «бұлбұлым, жұлдызым» деп отырған екен. Расымен қазақ елінің жұлдызы, халқының бұлбұлы болды. Ақиқаттан айнымай, шынайы болуды үйреткен әжесінің өсиетінен еш уақытта аттамады. Турашылдықты, шыншылдықты қатты жақсы көретін. Анамыз қанағатшыл еді, барға асып-таспады. Өзі куә болған бала күнгі ашаршылықтан аман қалған елдің көрер жарығы бар екен дейтін. Атасының әсемдеп соққан күміс бұйымдарын сатып, тапқанын талғажау еткен қиындықты да көрген. «Арпа-бидай ас екен, алтын-күміс тас екен» дегенді сол кезде бастан кешкенін айтып отыратын. Сөйтіп, халықтың басына төнген талай нәубет жылдардың куәсі болған, соғысты көрген анамыз тәубесін ұмытпайтын.
– Әншінің сәндік бұйымдары, концерттік көйлектері сақталған ба? 
– «Алтын – сәнге, күміс – емге» дегенді жиі айтатын анамыздың баскиімі мен өзі таққан маржан тастардан, күмістен жасалған әшекей бұйымдары бар. Оларын қол орамалға түйіп жүретін еді. Сол түюлі күйінде тұр. Анамыздың иісі кетпесін деп сақтап қойдым.
Көзі тірісінде концерттік киімдерінің біразын Қызылордаға, Астанаға таратқан еді. Анамыз бар кезде ол кісінің жеке ісіне, киімдеріне, архивіне араласпайтынмын. 
Анамыз өмірден өткен соң бір костюмін Астанадағы опера және балет театрына, бір костюмін туған жері Қазалыға, тағы бірін Астанадағы Ұлттық музейге бердік. Концерттік тағы бір костюмі өзімде қалды.
– Атақты әншінің сүйікті асы қандай еді? 
– Анамыздың сүйіп жейтін тағамы – қойдың басы және қазы болатын. Кейде алыс жолдан қайтқанда «бас асып қойшы» дейтін. Бір оқиға есіме түсіп отыр. Түнгі сағат 3 шамасы. Мен ет асып қойғанмын. Өзіміз екінші қабатта тұрамыз. Есік ашық тұр. Анамыз: «Ой, менің Бозторғайым бұрқыратып жатыр» деп разы кейіппен дабырлап көтеріліп келеді. Бастың миын аршып, мипалау жасап беретінмін, ішек-қарынды жақсы көретін. Сөйтіп, екеуміз тамақтанып, әңгімелесіп, таңды атырғанымыз бар.
– Сонда сізді «Бозторғай» дейтін бе еді?
– Келін болып келгеннен кейін-ақ, «Бозторғай» деп атап кетті. Біздің қамымызды көп ойлайтын анамыз «мен кеткенде көрерсің» деп отыратын. Тәжен екеуі табыс тауып, мен соны құраушы едім. Тәжен екеуміздің ендігі мақсатымыз – балаларды аяғынан тұрғызу, анамыздың архивін жинап, тарихта қалдыру. Биылғы 100 жылдық мерейтойына орай, біраз шаруаның басын қайырдық.
Қазір анамыздың шаңырағында тұрамыз. Ол кісінің көзін көрген жандар келіп, Құран оқып тұрады. Бір қызығы, менің әжем мен Роза анамыз бір мектепте оқыған екен. Құдалықта бір-бірін көріп, таңғалып, құшақтасып риза болды. Өзім көпбалалы отбасынан шықтым. Содан болар, әншінің көңілінен шығуда еш қиындық болған жоқ. Бір-біріміздің көңіл-күйімізді қас-қабағымыздан танитынбыз. Сынаптай сырғыған уақытта тоқтау жоқ қой. Кешегі 21 жасар жас келін Марал мен бүгінгі шақтың арасы жер мен көктей. Анамыздың әр сөзін салмақтап, саралап, сағынып отырамын.
– Жақсы келінді жолықтыру әр ананың арманы шығар. Бұл орайда әншінің ақ батасын алған екенсіз, бақытты ғұмыр тілейміз. Емен-жарқын әңгімеңізге рахмет, Марал! 

Ұлбосын ИСАБЕК,
Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда мемлекеттік балабақшалардың қызметі тексеріліп жатыр

Жетісуда мемлекеттік балабақшалардың қызметі тексеріліп жатыр

24.07.2026
ІІМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

ІІМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

24.07.2026
Автонесие алу жеңілдейді

Автонесие алу жеңілдейді

24.07.2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 680 мыңға жетті

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 680 мыңға жетті

24.07.2026
Жаңа әдіспен ота жасалады

Жаңа әдіспен ота жасалады

24.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.