Алматы облысында «Көктем-2022» республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дайындау, сондай-ақ, су тасқыны қаупі жағдайында облыс тұрғындары мен аумақтарын қорғауды ұйымдастыру бойынша басқарушылық шешімдерді пысықтау мақсатында екі күн бойы «Көктем–2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығуға азаматтық қорғау органдарының бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қатысты. Оқу-жаттығу шеңберінде қызметкерлердің өзара іс-қимылы және халықты хабардар ету мәселелері пысықталды. Ал негізгі күш-жігер су тасқынына қарсы практикалық іс-шараларды өткізуге бағытталды.
«Азаматтардан өтінеріміз, сіздің учаскеңізге іргелес жатқан арық желілері мен құбырлы өткелдер бар болса, оларды тазарту арқылы су тасқынын алдын алуды сұраймыз», — делінген төтенше жағдай хабарламасында.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





