Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛАЛАР ҮЙІРМЕСІ ЖАБЫЛУЫ МҮМКІН

03.03.2022
ҰЛТ ҰЯТЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛАЛАР ҮЙІРМЕСІ ЖАБЫЛУЫ МҮМКІН
WhatsAppTelegramFacebook

«Алматы облысында Президенттің тапсырмасымен ашылған тегін үйірмелердің бәрі жабылуы мүмкін. Себебі, әкімдік оларды қаржыландыратын ақша жоқ дегенді алға тартқан. Ал бұл үйірмелерге 58 мыңға жуық бала барып жүрген. Енді осы 1954 үйірмені ашқан кәсіпкерлердің де, онда жұмыспен қамтылған мамандардың да, балалардың да тағдыры беймәлім болып тұр», — деп хабарлайды «Жетісу» газетінің сайты «Қазақпаратқа» сілтеме жасап.

Талдықорғанға Алматы облысының әр аудан, ауылында үйірме ашқан жеке кәсіпкерлер жиналды.

Айтуларынша, олар кәсібін былтыр мамыр айында аша бастаған. Енді ашылғанынан жабылғаны тез болайын деп тұр. Себебі, ақылы үйірмеге баласын беруге ата-аналарда жағдай жоқ дейді. Балаларды тегін үйірмемен, мамандарды жұмыспен қамтыған олар қалайша Алматы облысының әкімдігі Президенттің тапсырмасын орындамайды деп наразы.

— Президентіміздің бастамасы қайда қалды? Осы балаларды оқытамыз деп даярланған үйді, оны мектепке айналдырудың өзі де үлкен еңбек екені неге естен шығып кетті? — дейді Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны, үйірме басшысы Қырғауыл Тәкейқызы.

— Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақта тамыз айында балаларды тегін оқыту үйірмесін ашқанбыз. Қазіргі таңда бізде 36 үйірме істеп тұр. 1600-ге жуық оқушыны тегін оқумен қамтамасыз етіп жатырмыз. Кешегі күні бізге қаржыландыру тоқтады деген ақпарат келді. Енді бұдан кейін балаларға қалай жеткіземіз? Балалардың болашағына балта шабу ғой, былай қарасаңыз, — дейді Ескелді ауданының тұрғыны, үйірме басшысы Биболсын Жексенбекұлы.

— Әр қазақтың баласына айына 12 мың теңге төлеп, үйірмеге оқыту негізі қиын емес деп ойлаймын. Бір балаға 12 мың теңге төлеу Қазақстанның қолынан келеді, — дейді Талғар ауданының тұрғыны, үйірме басшысы Қуаныш Жүзбаев.

Жиналғандарды әкімдік өкілдері Мәдениет үйіне шақырып, үйірмелерді қаржыландыруға «облыста қаражат жоқ» деп бірден ашып айтты. Алматы облысының шенеуніктері расымен бағдарлама Президенттің тапсырмасымен былтыр мамыр айында басталғанын, былтыр 48 мыңнан аса бала тегін үйірмемен қамтылып, оған 1,5 млрд.теңге ақша бөлініп, толық игерілгенін, ал биыл тағы 2,4 млрд теңге бөлініп, ол ақша түгесілгенін айтты.

— Бүкіл осы 57 600 баланың үйірмеге баруын қайта жалғастыру үшін осы жылға 14 млрд.теңге қажет, — дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев.

— Біз тек қана қаржы тапшылығына байланысты қаржыландыруды тоқтатып жатырмыз. Ары қарай сіздер істеп жүре береміз десеңіздер, ол — өз қақыларыңыз, — деді Алматы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев.

— Ата-аналардың ақы төлеуге жағдайы жоқ. «Балалар жылы» дегенде қуанғанымыз ұзаққа бармады ғой. Басқасы басқа, осы балаларға тегін жасаса деп сұраймыз, — дейді ата-ана Ләтипа Тіләлина.

Бір үйдің өзінен 3-4 бала тегін үйірмеге баратын отбасылар көп. Ертең олардың ата-анасының үйірмеге қаражат төлеуге шамасы келмейді деген ата-ана да, үйірме иелері де Президенттің тапсырмасы орындалсын дейді. Ал әкімдік мәселені шешіп, республикадан қаражат сұрау үшін Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаевамен жиын өткізілетінін жеткізді.

Аталған мәселеге байланысты Алматы облысының әкімдігі түсініктеме берді. Облыс әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев арнайы брифинг өткізді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылған балалар спорты мен шығармашылығын дамыту жөніндегі жобалар шеңберінде Алматы облысында 2021 жылдың маусым айынан бастап шығармашылық және спорттық үйірмелерге 2 млрд. 540 млн. теңге бағытталып, игерілген. Оған қоса операторлық қызметтерді орындауға жергілікті бюджет есебінен 8 штаттық бірлік бөлінді. Соның нәтижесінде көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың үйірмелерге тегін қатысуына мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, індет салдарынан бизнесі тұралаған кәсіпкерлерге де қолдау көрсетілді. 95 мыңнан астам бала қамтылып, 4 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылған. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметі бойынша бүгінгі күні спорттық және шығармашылық мемлекеттік тапсырыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың artsport.edu.kz порталында 419 жеке кәсіпкер тіркеліп, жұмыс істеуде, 10 658 өтініш қаралып, 3 703-і мақұлданды, балалар саны — 95 389. Тағы да 2 мың өтініш қаралу үстінде, күніне шамамен 150-ге тарта өтініш түсіп жатыр.

2022 жылдың бекітілген бюджетінен бөлінген 4 млрд. 400 млн. теңгенің бүгінгі күнге 3,1 млрд. теңгесі игерілді. Ай сайынғы жұмсалатын шығынның 2 млрд. 632 млн. теңге екенін ескерсек, жұмыс істеп тұрған үйірмелердің қызметін одан әрі қолдауға биылғы жылдың соңына дейін қосымша 20 млрд. теңге қажет.

Осыған байланысты осы жылдың 14 ақпанында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің келісімімен ваучер беру уақытша тоқталды, ал 2022 жылдың 1 наурызынан бастап өңірде шығармашылық үйірмелерді ұйымдастыру жұмыстарымен айналысатын кәсіпкерлерге бюджет қаржысының болмауына байланысты қаржыландыру тоқтатылғанны туралы хабарлама жіберілді.

Бұл мәселені шешу үшін Президент Әкімшілігінің, тиісті министрліктер мен жергілікті атқарушы органдар басшыларының және жұртшылықтың  қатысуымен жедел жиын өткізілді. Жиында балалар спорты мен шығармашылығын қаржыландыру тетіктерін енгізу ережелерін жетілдіру туралы өзекті мәселе талқыланды. Бұл саланы жергілікті бюджеттен қаржыландырудың қиындығына байланысты республикалық бюджеттен қолдау қажет. 

«Бұл проблема — барлық облыстарға ортақ мәселе. Мұны өзіміз шеше алмайтын болғандықтан мәселені бірінші болып көтердік, өйткені, біздің өңірдің демографиялық өсімі жоғары, жыл сайын 20 мыңдай бала өмірге келеді. Қазіргі кезде облыста 4 пен 18 жас аралығындағы 574 831 бала тұрады. Қалыптасқан жағдайды сараптай отырып, біз өз ұсынысымызды 10 наурызға дейін Президент Әкімшілігінің қарауына жолдаймыз. Бұл мәселе Президент Әкімшілігі басшылығының ерекше бақылауына алынды», — деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.