Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МАЙ ЗАУЫТЫНЫҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ

11.02.2022
КҮЛТӨБЕ
МАЙ ЗАУЫТЫНЫҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ
WhatsAppTelegramFacebook

Кеген ауданындағы Шырғанақ ауылында тұратын Серік Саниязов өңір тұрғындарына жақсы таныс. Туған жеріне кіндігі байланған бірегей азамат. Адамгершілік асыл қасиеттері мол. Еңбектің торысы. Малды ауылда өскен. Еңбекпен, іспен шыңдалып, өсіп-өніп, тереңге тамыр тартқан бәйтерекке айналып келе жатқан жағдайы бар. 

Құрбы-құрдастарының арасынан маңдайы жарқырап ерекше көрінетін ауылдың қара домалақ баласы кішкентай кезінен елгезек, әр нәрсеге үйір, тілалғыш, іске икемді болып өсті. Сабағын да жақсы оқыды. Азаматтық борышын абыройлы өтеп қайтты. Жұмыстан қол үзбей жүріп зоотехникалық-малдәрігерлік техникумды бітірді. Математиканы да жақсы оқыған жігіт «Қарқара» кеңшарына қарасты Тасбұлақ бөлімшесінде сауын фермасының есебін жүргізді.

Ұзын бойлы, келісті келбеті, маңдайы жарқыраған қажырлы, қайратты, қандай жұмыс болсын тындырымды атқаратын жігіт сенімге бөленіп, Шырғанақ ауылындағы май зауытының аға шебері болып орналасты. 1986 жылдан шаруашылықтар тарағанға дейін май зауытының ыстығы мен суығына көніп, қиындығын бірге көтерісіп, қыры мен сырына әбден қанығып, жұмыс жүргізу, сүт өнімдерін шығару технологиясын да жақсы меңгерді.

1992 жылы май зауыты жұмысын тоқтатқанымен оны қайта қалпына келтіру Серіктің назарынан бір сәт те шыққан жоқ.  2001 жылы «Жігер» атты акционерлік қоғамының басшылары іздеп келіп, май зауытының жұмысын қайта жүргізу жөнінде ұсыныс білдіргенде қатты қуанып кетті. Шалғай аудандағы, ел ішіндегі сүт өнімдерін шығаратын білдей бір зауыттың 10 жылдай бос тұрғанына іші ашып, қабырғасы қайысып жүретін. Жоғы түгенделгендей күй кешті.

Кейбір қондырғылары істен шыққан, көп бөлшегі қолды болған зауытты қайтадан іске қосу оңайлыққа түскен жоқ. Өйткені, 1992 жылдан кейін кәсіпорынды әркім бір жүргізіп жүріпті. «Жігер» АҚ бірсыпыра дүниесін тауып берді. Май зауытының дәуірі жүріп тұрған кезде еңбек еткен адамдарды тауып, жұмысқа орналастырды. Шын мәнінде сапалы өнім шығару үшін технологиясына сай жұмыс жүргізуді мойнына алды.

 Бұрынғыдай сүт өткізіп тұратын кеңшар, ұжымшар деген жоқ. Сондықтан Серік бастаған азаматтар малды ауылдан сүтті өздері жинап, зауыт жұмысын жүргізді. Зауыт негізінен таулы өңірдің құнарлы шөбін жеп, мөлдір суын ішетін сиырлардың сүтінен сапалы, дәмді сарымай, ірімшік шығара бастады. «Жігер» АҚ Елордамызда құрылған «Мал өнімдері корпорациясымен» бірлесе жұмыс істеген тұста зауыттың жағдайы одан сайын жақсара түсті. Корпорацияға мемлекет қомақты қаражат бөліп отырды. Сол кезде Серік басқаратын май зауыты сүт тасымалдайтын әртүрлі маркадағы 6 -7 автокөлікке ие болды. Соның арқасында жазда әр күн сайын 18-20 тоннаға дейін сүт қабылданып, күн сайын 750-800 келіге дейін сарымай, оның сыртында 1 тоннадан астам сүзбе өндіріліп жүрді. Бұл жақсы көрсеткіш еді.

Зауыт жиырмадан аса адамды жұмыспен қамтыды. Олардың да жағдайы жаман болған жоқ. Зауыттың орнықты жұмысы, жақсы жетістігі үшін Серік Саниязов облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттталды.

    2009 жылдары корпорация бөлектеніп, «Жігер» АҚ-ның қаражат жағдайы қиындап кетті. Сөйтіп, бір жылға жетпей зауыт жұмысын тоқтатты. Серік өзі жүргізіп көргенімен көптеген кедергіге кезікті. Кеден Одағы құрылғаннан кейін сүт өніміне деген сұраныс төмендеп, жұмысы алға баса қоймады. Содан кейін аталған корпорация өз мүлкін сатып, аукцион арқылы сүт тасымалдайтын 8 автокөлікті, май зауытының 3 қондырғысын, дайын өнімдерді сақтайтын 5 тоңазытқышын қоса сатып алды. Енді «Жігер» акционерлік қоғамына қарасты май зауытын сатып алсам деген жақсы ниетте жүр. Қаражат жағынан қысылып жүрген жайы бар.

Өмір көрген, еңбекпен ержеткен азаматтың алдағы жоспары жаман емес. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында Бөлексаз ауылындағы бос тұрған, 100 бас сиырға арналған мал қораны сатып алды. Алдағы уақытта күрделі жөндеуден өткізіп, сауын фермасын ашсам деген ниетте. Егер май зауытын өз қарауына алса, оны да күрделі жөндеуден өткізіп, сүт өнімдерін шығаруды қайтадан қолына алмақ. Бұл жақсы дүние, қолдайтын мәселе, қуанарлық жағдай. Өйткені, Кеген ауданы аумағында сүт өнімдерін шығаратын бірде-бір зауыт, цех, құрылым жоқ. Осыдан оншақты жыл бұрын Кеген ауылынан сүтті қабылдап, оны ұқсатып, өңдеп, май, ірімшік, балмұздақ секілді сүт тағамдарын шығармақшы болып әрекет еткен Сержан Ыстыбаев атты азаматтың ісі алға баса қоймады. Сондықтан май зауыты жұмысының жайын жақсы білетін Серікке зауытты күрделі жөндеуден өткізіп, қайтадан іске қосуына облыс, аудан тарапынан лайықты назар аударылса, қаражат жағынан қолдау көрсетілсе нұр үстіне нұр болмақ.

Бүгінде  Серік пен ұлы Нұрбек бірлесе жұмысын жүргізіп келе жатқан «Саниязов» шаруа қожалығының 250 гектар егістік, шабындық, жайылымдық жері бар. Қожалық алдағы уақытта жер көлемін ұлғайтуды, мал басын көбейтуді жоспарлап отыр. Біздің кейіпкеріміз ел мақтаған, жұрты жақтаған, халқының қалаулысы болған азамат. Аудандық мәслихаттың 3 мәрте депутаты болып жемісті жұмыс жүргізді. Ерен еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің «Ауылшаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен, Тәуелсіздігіміздің, елордамыздың және мәслихаттардың мерейлі мерекесіне орай мерекелік медальдармен марапатталды. Кеген ауданының Құрметті азаматы атанды.

   Серік Шырғанақ ауылындағы өнегелі отбасының иесі. Шырғанақ ауылындағы екі қабатты коттедж үйі бақыттың құшағына бөленген. Зайыбы Қуаныш екеуі екі келін түсіріп, екі қыз ұзатып, олардан сүйкімді немере-жиендерін сүйіп отыр. Шырғанақ ауылындағы май зауытының түтінін қайта түтетуге аудан болып атсалысқаннан ешқашан ұтылмаймыз. Серік қолына алып жатқан сауын сиыр фермасы, май зауыты іске қосылса, біраз ауылдасы жұмыспен қамтылады. Ең бастысы, таулы өңірде сүт өнімдерін шығаратын бір зауыттың болғаны өте жақсы дүние болар еді.

                                                                                

Қанат БІРЖАНСАЛ, 
Алматы облысы

Кеген ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда робот сот орындаушы 29 млн теңге үнемдеуге көмектесті

Жетісуда робот сот орындаушы 29 млн теңге үнемдеуге көмектесті

24.07.2026
Тамызда қай өңірлерде қуаңшылық күтіледі?

Тамызда қай өңірлерде қуаңшылық күтіледі?

24.07.2026
Партиялар сайлаушылармен кездесуге дайындықты бастады

Партиялар сайлаушылармен кездесуге дайындықты бастады

24.07.2026
Республикалық арналарда партияаралық теледебат ұйымдастырылады

Республикалық арналарда партияаралық теледебат ұйымдастырылады

24.07.2026
Қазақстандықтардың 22,8 млрд теңге айыппұлы кешірілді

Қазақстандықтардың 22,8 млрд теңге айыппұлы кешірілді

24.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.