Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БІРЕГЕЙ БІЛІМ ОРДАСЫ

11.02.2022
КҮЛТӨБЕ
БІРЕГЕЙ БІЛІМ ОРДАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Білімнің құдіретін «Прометей алауына» баласақ, оның қайнар көзі мектепте, университетте жатыр. Біз меңзеп отырған білім ордаларының өзара сабақтастығы қоғам сұранысын қанағаттандыруда,  ел ертеңін кемелдендіруде ерен еңбекпен өлшеусіз үлес қосып келеді. Сондай іргелі оқу орындарының бірі, әрі бірегейі – І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті.

Тарихы 1972 жылдың 25 қазанынан басталатын білім ордасының 50 жылдық тарихы бар. «Елу жылда ел жаңа» деген пәлсапаның төркініне үңілсек, осы жылдар аралығында университет келбеті де, ғылыми әлеуеті де  артты.

Педагогикалық институт болып іргесі қаланған оқу орнында алғаш филология және физика-математика факультетінің іргесі қаланды. Жылдар жылжыған сайын кезегімен музықалық-педагогикалық,  мектепке дейінгі, бастауыш білім беру методикасы, инженерлік-техникалық  факультеттері ашылды. Уақыт өте университеттің іргетасы  кеңейіп, ғылыми әлеуеті мен материалдық-техникалық мүмкіншілігі артты. Қазіргі таңда университет бакалавр деңгейі бойынша гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану, техникалық ғылымдар, құқық және экономика, педагогика және психология, дене шынықтыру және өнер сынды жоғары мектептерінен тұратын қоғам сұранысын қанағаттандыратын елуден астам мамандықтың  ашылуына мұрындық болды. Магистратура бойынша отызға жуық мамандық түлектерін қанаттандырса, докторнатура (PhD) деңгейінде 11 мамандық негізінде ғалымдар даярлап отыр. Бұл оқу орнында қызмет еткен ғылыми әлеуеті мен тәжірибесі зор  ұстаздардың,  әр жылдары басқару тізгінін қолға алған ректорлардың және бүгінгі басшылық тізгінін ұстап отырған Қуат Маратұлы Баймырзаевтың маңдай терімен жеткен меже деп білеміз.

Қазіргі таңда І. Жансүгіров атындағы ЖУ өз түлектері үшін білім алу аясын кеңейтіп, қазақстандық ұлттық және алдыңғы қатарлы жиырма бес университетпен, шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықта жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша Польша, Ресей елдерімен қосдипломдық бағытта, академиялық ұтқырлық бойынша АҚШ, Испания, Португалия, Оңтүстік Корея, ҚХР және тағы басқа елдердегі жиырмаға жуық жоғары санаттағы университеттермен академиялық ұтқырлық негізінде байланыс орнатылған. Яғни біліміңіз жеткілікті болса, Жетісу университеті арқылы өзіңіз таңдаған мемлекетте бір академиялық кезең бойынша білім алуға мүмкіншілігіңіз бар. Университет қабырғасында жүріп-ақ ғылымда өзіндік қолтаңбасы бар отандық ғалымдар мен шетелдік ЖОО-ның ұстаздарының дәріс тыңдау мүмкіншілігіне ие бола аласыз. Бұл университеттің білім берудегі құзіретін айқындайды.

Бүгінгі қоғамдық сұранысқа ие шетел тілдерін оқытуда да университеттің үлес салмағы басым. Тарихы 1996 жылдан бастау алатын мамандықтың бүгінде аясы кеңейген. Мұнда корей, қытай, неміс және түрік тілдері екінші тіл ретінде оқытылады. Яғни, бітіруші әр түлектің екі немесе одан да көп тілді меңгеруін қамтамасыз етеді. 2012 жылдан бастап кафедрада білімгерлердің академиялық ұтқырлығы жүзеге асырылады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білімгерлер қысқа мерзімді білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламаларына қатысу арқылы шетелде білімін жалғастырып, шетелдік ғылыми тәжірибені игеру мүмкіндіктеріне ие болады. «6В01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының білімгерлері ішкі және сырттай академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысады.

Университеттің материалдық-техникалық базасы замануи талапқа сай. Университет иелігінде үш оқу ғимараты, үш студенттер үйі, спорттық алаңдар, бассейн және  мұрағаты бай  кітапхана бар. Оқу ғимараттарындағы аудиториялар оқытушылар мен білімгерлердің  толыққанды жұмыс жасауына негізделе отырып жабдықталған. Яғни, соңғы үлгідегі құралдармен қамтамасыз етілген. Білімгерлердің терең білім алуының кепілі болып табылатын кітапхана қоры мен жұмыс жасау кестесі де біріздендірілген. Болашақ маманның алаңсыз өмір сүріп, уақытын білім алу мен салауатты өмір салтын ұстануға орайластыру үшін студенттер үйіндегі жағдай белгілі бір тәртіпке негізделіп, бассейнде, спорт кешенінде арнайы кесте қойылған.

Білім қарашаңырағы осы жылдар аралығында ел игілігіне қызмет етіп жүрген талай тұлғаларды қанаттандырды. Ғарышты бағындырған А. Айымбетов, әлемдік додада Көк Туды желбіреткен М. Мамыров, қара сөздің хас шебері Ж. Оспанұлы, білім саласындағы үздіктер А. Фазылжанова, Н.Жанатбекова, Е. Есенғабылов, С. Долаевтар біздің мақтанышымыз болып саналады. Уақыт еншісіне жазылатын келер күндерде де  талай мықтыларды түлететін  І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің мұраты биік, болашағы айқын.  

Дәулеткерей МҮЛІК,

І. Жансүгіров атындағы ЖУ

шетел тілдері және аударма ісі бойынша

білім беру бағдарламасының

оқытушы-ассистенті 

Қатысты жаңалықтар

Республикалық арналарда партияаралық теледебат ұйымдастырылады

Республикалық арналарда партияаралық теледебат ұйымдастырылады

24.07.2026
Қазақстандықтардың 22,8 млрд теңге айыппұлы кешірілді

Қазақстандықтардың 22,8 млрд теңге айыппұлы кешірілді

24.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Сайлау науқаны: Бюллетеньді суретке түсіруге тыйым салынды

24.07.2026
Алимент енді арнайы шотқа аударылады

Алимент енді арнайы шотқа аударылады

24.07.2026
Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

23.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.