Талдықорған: +3°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТҮРКІСТАНДА ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫНА ҚАТЫСҚАН АРДАГЕРЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛТАЙЫ ӨТЕДІ

3 ақпан 2022
КҮНДЕРЕК
ТҮРКІСТАНДА ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫНА ҚАТЫСҚАН АРДАГЕРЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛТАЙЫ ӨТЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль АЭС-інде орын алған апат зардаптарын жоюға қатысқан ардагерлер Талдықорған қаласында бас қосып, бірнеше мәселені қарады. Бірінші кезекте «Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының төрағасы Құсайын Мұстафаның республикалық қоғамдық бірлестікке қызметке ауысуына байланысты жаңа төраға сайланып, аталған облыстық филиалдың осыған дейін атқарған жұмысы баяндалды. Сондай-ақ, ақпан айының 18-21 күндері аралығында Түркістан қаласында өтетін «Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайына қатысатын делегаттар анықталып, алқалы жиында көтерілетін мәселе, айтылатын ұсыныс, жеткізуге тиісті талап-тілектер сараланды.

1991 жылы «Чернобыль одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылса, 1993 жылы «Чернобыль одағы» Талдықорған облыстық бірлестігі ашылып, біраз жыл өнімді жұмыс атқарды. 2016 жылдың наурыз айында бірлестіктің облыстық филиалы құрылды. Филиалға содан бері Құсайын Мұстафа жетекшілік етіп келді. Биыл оның қызметі республикалық бірлестікке ауысуына байланысты аталған кездесуде оның орнына ардагерлер бірауыздан Нұрхайын Мухиддинді облыстық филиалдың төрағасы етіп сайлады.

– Нұрхайын Мухиддинұлы осыған дейін «Чернобыль ардагерлері мен мүгедектерінің» Іле аудандық ұйымын басқарған тәжірибелі және қолынан іс келетін азамат. Оның бірлестіктің жұмысын ширатып, ардагерлердің мұң-мұқтажын жоғарыға жеткізіп, әлеуметтік мәселелерін шешіп, түрлі шараны жоғары деңгейде ұйымдастыра алатынына сенеміз, – дейді әріптестері.

Жалпы, 1986 жылы 26 сәуірде орын алған Чернобыль АЭС-індегі апат зардабын жоюға елімізден 32 мыңнан астам адам қатысты делінсе, бүгінде оның 5 мыңнан астамы әлі де арамызда жүр. Оның 500-ден астамы облыс тұрғындары. Ал өткен жылы оларды әлеуметтік, құқықтық жағынан қолдауға арналған заң қабылданып, көптеген түйткілді мәселелерін шешуге ықпал етті.

– Бүгінде Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандарға қолдау көрсетіліп жатыр десек те шешуге тиісті мәселелер де жетерлік. Чернобыль ардагерлеріне, мүгедектеріне жылына бір рет «SCAT» компаниясы ұшақпен тегін ұшуға, баратын жеріне пойызбен 50% жеңілдікпен барып, қайтуға жағдай жасалған. Өткен жылы заңның қабылдануына орай облыс ардагерлеріне 150 мың теңгеден бір реткі әлеуметтік көмек көрсетілсе, жыл сайын 26 сәуір күні 50 мың теңгеден сыйақы беріліп келеді. Мүгедектік куәлігі бар азаматтарды емдеу-сауықтыру орталықтарына тегін жіберу ісі де қарастырылған. Сонымен қатар, Чернобыль ардагерлерінің жесірлеріне де әлеуметтік көмек көрсету қолға алынған. Бүгінде Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында, Іле ауданының Казцик ауылында ескерткіш қойылса, Іле ауданының Құйған ауылындағы №32 орта мектебінде музей ашылды. Сонымен бірге өткен жылдан бері Чернобыль ардагерлері тұрған үйлерге ескерткіш тақта қою жұмысын бастадық. Ал қайтыс болған әріптестеріне өзіміз ұйымдасып, қалтамызға қарай материалдық көмек беріп келеміз. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді, – дейді Нұрхайын Мухиддин.

«Чернобыль одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі 1991 жылы І, 1994 жылы ІІ құрылтайын ашып, онда толғақты мәселелер көтеріліп, оны шешудің жолдары қарастырылды. Биыл республикалық бірлестіктің төрағасы Бақытжан Әшірбаевтың ұсынысы бойынша, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеевтің қолдауымен 18-21 ақпан аралығында Түркістан қаласында бірлестіктің ІІІ құрылтайы өтпек. Онда өткен жылы қабылданған заң бойынша Чернобыль ардагерлері мен мүгедектерінің құқықтық мәселесі талқыланып, әлеуметтік қолдау тетіктері сөз болмақ. Съезге кезіндегі Кеңес одағы құрамынан шыққан елдер мен ТМД мемлекеттерінен де делегаттар келеді деп күтілуде. Ал оған республиканың 14 облыс, 3 қаласынан үштен делегат қатысып, өз өңіріндегі қордаланған мәселелерді ортаға қоймақшы. Кездесу барысында көпшілік аталған съезге қатысатын  делегаттарды сайлады.

Шын мәнінде Чернобыль АЭС-індегі апат зардаптарын жоюға қатысқандар – нағыз патриоттар. Мүгедектік куәлігін алмаған, ала алмай жүрген азаматтар да жетерлік. Тіпті, өздерінің әлеуметтік жағдайына қарайласатын бірлестіктің бар екенінен хабарсыз жандар да баршылық. Содан кейін де ондай азаматтар бүгінгі таңда бірлестіктің қатарына өтпей, тағайындалған жеңілдіктерден сырт қалып келеді. Сондықтан мақаламыздың соңында сондай жандар болса, «Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Нұрхайын Мухиддинұлына немесе Құсайын Мұстафаға (суретте көрсетілген) хабарласып, өздеріне тиесілі жеңілдікті дер кезінде пайдаланса дегенді айтқымыз келеді. Сондай-ақ, Чернобыль ардагерлері: «Облыс орталығынан да бір ескерткіш ашылса», — деген талап-тілегін тілге тиек етті.

Қажет АНДАС

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Бүгін, 17:12
Кітап оқитын шекарашы

Кітап оқитын шекарашы

Бүгін, 15:43
Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Бүгін, 15:24
Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бүгін, 15:00
Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.