Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

АЛҒЫСПЕН КӨГЕРГЕН АЗАМАТ

02.02.2022
ЖАНСАРАЙ
АЛҒЫСПЕН КӨГЕРГЕН АЗАМАТ
WhatsAppTelegramFacebook

Өзін көптен бері жақсы білетін, азаматтығы мен аппақ көңілін, адамгершілік асыл қасиеттерін айрықша бағалайтын ағалар туралы жазу қиынның қиыны. Бұл көп жылғы журналистік тәжірибемнен түйген тұжырым. Жазу барысында мінезінің жақсы бір қыры жайында айтып өтсең қашанда ең бір негізгі, жақсы қыры қалып қойғандай, нағыз қажетті бір жайт айтылмай қалғандай, ең бір сәтті сөзді, теңеуді қалдырып кеткендей сезініп қиналып отырасың. Бүгінде жетпістің бесеуі деген биік белеске ат басын тіреп отырған сондай ардақты ағалардың, қадірменді қарттардың бірі Ержанбек Нұрбеков ағамыз жайлы сыр шерткенде дәл сондай күйді бастан кешірдік.

Өмір баспалдақтары

Зер салып қараған адам Ерекеңнің өмір, еңбек жолдарының дәйім биіктерге бастап отырғандығын байқар еді.  
Жамбыл облысындағы Жуалы ауданының түкпіріндегі (ар жағы Шымкент облысы – Н. Ә.) Қызтоған деген шағын ауылда дүниеге келген қара бала ешкімді жатырқамайтын көпшіл, айналасындағылардың бәріне көмектескісі келіп тұратын қамқор азамат болып өсті. Бәлкім, бұл мінезінің қалыптасуына оның көп балалы отбасында туып-өскендігі де себеп болған шығар деп ойлаймыз. 
– Біз бір әке, екі анадан 19 бала өсіп-өндік, – дейді бұл мәселе жайында Ерекеңнің бауыры Қажымұқан Мырзабеков. – Ұлдың үлкені болғандықтан ба, Ержанбек ағамыз бала күнінің өзінде барлығымызға қамқорлық танытып, жақсылық жасағысы келіп тұратын. Жазғы каникул кезінде үлкендерге қаратпай үйдің бар жұмысын тап-тұйнақтай етіп істеп қоятын. Бұл мінезінен есейе келе де айныған жоқ. Осы күнге дейін туындай қалған әлдебір мәселелерімізді шешуге қол ұшын беріп, жағдайымызды ойлап алаңдап жүреді. Сабақты да өте жақсы оқып, жоғары оқу орнына өз күшімен түсіп кетті. 
Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген жас маман кейінгі еңбек жолын 1969 жылы, сол кездегі Балқаш ауданына қарасты «Құйған» кеңшарында ферманың мал дәрігері болып бастаған екен. Содан кейінгі жерде аталған шаруашылықтың бас мал дәрігері, Күрті аудандық комсомол комитетінің екінші, бірінші хатшысы, Күрті ауданындағы «Айдарлы» кеңшарының партком хатшысы, «Құйған» кеңшарының директоры, Күрті аудандық агроөнеркәсіптік бірлестігінің төрағасы, халық депутаттары Күрті аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Күрті аудандық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымдары болып жалғасып кете береді. Аудан тарайтын тұста көршілес Жамбыл ауданына қызметке ауысып, дәл осындай дерлік қызметтер атқарып, ел құрметіне бөленгендігі бөлек әңгіменің тақырыбы. Облыстық, республикалық деңгейде атқарған лауазымды қызметтері де көпшіліктің көз алдында.
Жаңа ғана Ерекеңнің еңбек жолының «Құйған» кеңшарында, оның орталығы Балатопар ауылында басталғанын айтып өттік. Жамбыл облысында туып-өскен жас маман Алматы облысының шалғайдағы құмды өңірін, жазы аптап ыстықты, қысы шыңылтыр аяз болып келетін ауданды, адамдары еркөңілді, дарқан болып келетін ауылды жатырқай қойған жоқ. Арада көп уақыт өтпестен сол ауылдың бір перзентіндей, осы өңірдің бір азаматындай болып бәрімен қоян-қолтық араласып, бір туғандай болып кетті. Содан кейін де шығар, араға жеті жылдай уақыт салып осы шаруашылыққа директор болып тағайындалғанда шаруашылық жұмысшылары, жалпы ауыл тұрғындары оны өз жерлестеріндей өзгеше қуанышпен қабылдаған болатын. 
– Біз Ержанбек екеуміз еңбек жолын мен туып-өскен Балатопарда бастадық. Оның өскен өлкесі Жамбыл облысы болса да біздің елге бірден сіңісті, ешкім оны жатсынбады. Өзінің кішіпейілдігімен, қарапайымдылығымен, кісіге деген жақындығымен, биік адамгершілік қасиетімен аз уақыттың ішінде балатопарлық болды да кетті. Тура сол ауылдың баласындай, төл перзентіндей, – деп араларынан қыл өтпестей дос болып кеткен Жолтай Балтабеков дәл осы күндер жайында қимастықпен әңгімелейді.
Оңтайландыру тұсында тарап кеткен Күрті ауданын сол өңірде қызмет атқарған азаматтар бүгінде өзгеше бір сағынышпен еске алады. Олай болатын жөні де бар. Аудан құрылған алғашқы күннен бастап басшылық кімнің қай өңірден, тіпті қай республикадан көшіп келгендеріне назар аударған жоқ, әркімді іскерлік, біліктілік талаптарына қарай бағалады. Содан кейін де 1972 жылы аудан құрылған тұста көршілес аудандардан қызмет ауыстырған, Қазақстанның батыс өңірі мен Түрікменстан, Қарақалпақстаннан көшіп келген ағайындар мен жергілікті тұрғындар бір үйдің баласындай болып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып дегендей тату-тәтті тіршілік етті, ортақ шаруаға бір кісідей жұмылды. Сол қатарда Ержанбек Ормаханұлы да басшылықтың назарын аударып, арада үш жыл өтер-өтпесте Күрті аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, содан кейінгі уақытта бірінші хатшысы болып сайланды. 
Қазір әркім әртүрлі баға беріп жүрген кеңестік дәуірде комсомол жетекшілерінің негізгі бөлігі өздері атқарып жүрген қызметке ынты-шынтыларымен беріліп жұмыс істеді. Басқарушы партия ұсынған идеологияға құлай сеніп, уақытпен санаспай еңбек етті. Осы жұмыста үлкен жауапкершілік қажет екенін сезінді. Қалай дегенмен де мұны айтпай кетуге болмайды. Жастар жетекшілерінің бұл кезеңдегі құлшынысы жайында сөз еткенде осы жайт ең алдымен ойға оралады. «Сол кезде бір-бір ауданның жастар ұйымын басқарған азаматтар кейін де басшылық қызметтерде болды. Көпшілігі әлі де аттан түсе қойған жоқ» деп пікір білдірген, сол тұста облыстық комсомол комитетіне жетекшілік еткен мемлекет және қоғам қайраткері Шәмша Беркімбаева жаңағыдай азаматтардың қатарында Ержанбек ағамыздың да жемісті жұмысын атап өткен еді. Десе дегендей, дәл осы тұста аудан комсомол ұйымының жұмысы жанданып, БЛКЖО мен Қазақстан комсомолы Орталық комитетінің ауыспалы Қызыл тулары мен вымпелдерін бірнеше рет жеңіп алған болатын.  
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа басқару институттары өмірге келіп, әкімдіктер құрыла бастады. Дәл осы кезде Күрті ауданының әкімі болып Серік Үмбетов тағайындалды. Жаңа басшы өзінің бірінші орынбасары қызметіне көп ойланбастан Ержанбек Нұрбековті таңдаған. 
Ерекеңнің Серік Әбікенұлымен таныстығы ертеден басталғанымен жақын араласып, бірін-бірі жақсы танып білуі сексенінші жылдардың үлесіне тиеді. Ол жылдары екеуі қатар жатқан қос шаруашылықты – Серік Әбікенұлы «Желтораңғы» кеңшарын, Ержанбек Ормаханұлы «Құйған» кеңшарын басқарған болатын. Сол кезден басталған араластық-құраластықтары күні бүгінге дейін, яғни қырық жылдан астам уақытқа жалғасып келеді. Мәселенің анығына көшетін болсақ бір кездегі таныстықтары бүгінде шынайы достыққа, жарасымды сыйластыққа ұласқан.  
Ерекең Күртіден кейінгі жылдары да үлкен өмір, еңбек баспалдақтарынан өтіп, қызмет биігіне көтерілді. Нақтырақ айтатын болсақ, Жамбыл облысы әкімінің аппаратында ауылшаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, сол облыстағы аумақтық басқарманың бастығы, Т. Рысқұлов, Жуалы аудандарының әкімі, шегара мен көліктегі мемлекеттік ветринарлық бақылау басқармасының басшысы, Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, Қазақстан Президентінің Іс басқармасы аппаратының басшысы, ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі лауазымдарын, сол қызметтерге орай өзіне тиесілі міндеттерін зор жауапкершілікпен, біліктілікпен атқара білді. 

ІЗІҢІЗ БАР ШАҒЫЛЫНДА КҮРТІНІҢ

Басқарумен қаншама аудан, өңірді 
Жұлдызыңыз шырқау көктен көрінді. 
Абыройды серік етіп келесіз 
Алға тартқан жолдарымен өмірдің.  
 
Жиып қойып, демалысты, күлкіні, 
Алмағандай көрінесіз бір тыным.  
Қолтаңбаңыз қалды Балатопарда, 
Ізіңіз бар шағылында Күртінің.  
 
Қасиетті ауылында ән-жырдың 
Дауысыңыз талай-талай жаңғырды.  
Сізді жақын туысындай көреді 
Елі-жұрты Ақсеңгірдің, Жамбылдың.  
 Жемісті шақ Құландағы кезіңіз, 
Десек ешкім теріс демес сөзіңіз. 
Алғыспенен ер көгерсе шынымен 
Көгеретін бір азамат өзіңіз.  
 
Жұмыспенен ұштастырып ғылымды, 
Еңбегіңіз назарға көп ілінді.  
Жалаулатқан жетпіс бестің асуы – 
Дүбірлі той құтты болсын бүгінгі! 
 
«Ерекең!» деп құрметтесе еліңіз, 
Биіктесін дәйім белес-беліңіз. 
Мерейіңіз таси берсін осылай, 
Жамбыл атам жасы – жүзге келіңіз.

Жемісті жылдар

Өз замандастары, қатар құрбы-құрдастары секілді Ерекең де кеңес кезінде қызмет атқарды, Тәуелсіздік таңы атқанда өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын көппен бірге өткерді, сол қиындықтан жол тауып шығу жолында біліктілікпен, білгірлікпен еңбек етті. Бұл жайында айтқанда Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Ақсеңгір тәжірибе шаруашылығын басқарған кезі алдымен ойға оралады. 
Тоқсаныншы жылдардағы тығырықтан шығудың жолын әр басшы өз білгенінше қарастырды емес пе? Дүкен сөрелерінен ең бірінші кезекте қажетті азық-түлік түрлері жоғалып кетті. Басқасын былай қойғанда нан пісіретін ұнның өзін табу қиынға айналды. Сол кезде Ерекең өзі туып-өскен Жамбыл облысының Жуалы ауданынан бидайдың өнімділігі жоғары «Бәйшешек» сортының 100 тоннасын сатып әкеледі. Қуанышқа қарай, сол жылы ауа райы да қолайлы болып, астықтан мол өнім жиналады. Қамбаға түскен 4 мың тонна астықтың 400 тоннасы ұнға айналдырылып, тұрғындарға таратылады.  
Дана халқымыз «Жаурасаң от жақ, қорықсаң от жақ, қарның ашса от жақ» деген даналығын бекер айтпаған. Азық-түлік салған қаптың түбі көрінгенде қас қылғандай үйдің іші де азынап, жаурай бастасаң шаруаңның шалқайғаны осы болар. Ержанбек Ормаханұлы аталған шаруашылықты басқарған кезінде ең алдымен осы мәселені ойластырған болатын. Соған орай күз түспей жатып Екібастұз қаласына барып, ондағы бір кәсіпорынмен келісімшартқа отырып ауылға 34 вагон көмір әкеліпті. Оның 500 тоннасы аудан орталығына түсіріліп, шаруашылықтың салық жөніндегі қарыздары бартерлік жолмен жабылған. Осылайша ауылдағы әр үйдің мұржасынан қою түтін бұрқырап, білікті басшы тұрғындардың орынды ризашылығына, алғысына бөленді. Ауылдық округ аумағындағы аурухана мен екі мектеп, екі балабақша, Мәдениет үйі де қыстан қысылмай шығады. 
Ержанбек Ормаханұлы Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов атындағы ауданды басқарып тұрған кезінде де өңір айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Аудан бюджеті осы кезең ішінде екі есеге ұлғайып, егістік көлемі 34 мың гектардан 65 мың гектарға дейін көбейді. Мал басы еселеп артып, мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын ғылыми тұрғыда жүргізу тәжірибесі қалыптасты. 
Тұрар Рысқұлов атындағы ауданда 2003 жылдың мамыр айында болған зілзала жұртшылықты үлкен әбігерге түсірді. Үйлер мен ғимараттар қирап, аудан экономикасына айтарлықтай зиян келді. Осындай сын сағатта аудан әкімі күндіз-түні көпшілікпен бірге болып, оларды сабырға, ауызбіршілікке шақыра білді. Ең бірінші кезекте жүзеге асырылуы тиіс өзекті шешімдердің қабылдануына күш салып, тиісті қызметтердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етті. 
Еліміздің басқа өңірлерінен көмекке келген құрылысшылардың жұмысын үйлестіріп, олардың қарқынды еңбек етулеріне тиісті жағдай жасау да аудан әкімінің мойнындағы шаруа болатын. Ержанбек Ормаханұлы бұл орайдағы міндеттерін де үлкен жауапкершілікпен атқара білді. Нәтижесінде қысқа мерзім ішінде 8 мыңнан астам тұрғын үй салынып, күрделі жөндеуден өткізілді. Зілзаладан қатты зардап шеккен үш мектеп пен екі емдеу орталығының ғимараттары толықтай қайта салынып, аудан орталығына су құбыры тартылды, көшелер жарықтандырылды. 
Сол жылдары ауыл әкімдерінің барлығына қызметтік көлік алынып беріліп, оларға қойылатын талап та күшейе түсті. Аудан әкімінің табандылығының, мәселені жоғары орындарға дұрыс қоя білуінің арқасында оңтайландыру деген желеумен жабылып қалған алты ауыл әкімдігі қайта ашылды. 
Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға баса көңіл бөлген іскер басшы басқа да көптеген игілікті істерді жүзеге асырды. Соның бірі жайында бөліп айта кететін болсақ, осыдан 20 жыл уақыт бұрын, нақтырақ айтқанда 2002 жылдың көктемінде сол кездегі аудан әкімі Ержанбек Нұрбековтің бастамасымен аудан орталығында халқымыздың біртуар перзенті Тұрар Рысқұловтың ескерткішін орнату жөніндегі игілікті іс қолға алынды. 
Халқының аяулы перзентінің есімін иеленген аудан жұртшылығы бұл бастаманы қызу қолдап, арнайы ашылған қорға қаражаттарын құйды. Ескерткіш жобасына конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталған соң оны жасау қолға алынды да орталықтағы Тұрар бюсті темір жол бекетіндегі перронға апарып қойылды. Түркістан-Сібір темір жолының алғашқы қадасын қадаған тау тұлғалы Тұрардың бейнесі осылайша теміржол бекетінен де орын тепті. Бір мезгілде «Тұрар – мәңгілік тұлға» атты кітап шығаруға да аудан әкімі мұрындық болды. 
Ерекең қызмет еткен басқа аудандар мен шаруашылықтардағы, мекемелер мен ұйымдардағы атқарылған шаруалар жайын да осы қалыппен тізбелей беруге болады. Бір сөзбен айтқанда өзі еңбек еткен өңірлерде оның ешкімге ұқсамайтын қолтаңбасы, соңында сайрап жатқан ізі қалды, сол өңір тұрғындарының көңілдерінде өзіне деген ризашылық сезімдері орнықты. Ең бастысы да осы емес пе?

Ержанбегім бір төбе…

Мақаламыздың басында Ержанбек Ормаханұлының көп балалы отбасында өсіп, тәрбиеленгенін айтып өттік. «Өтемістен туған он едік, онымыз атқа мінгенде жер қайысқан қол едік» деп Махамбет ақын жырлағандай, бір ғана Қанымай анадан, тіл-көзіміз тасқа, он бала дүниеге келіпті. 
Осыдан 14 жыл бұрын, яғни сонау 2008 жылы 103 жасқа келіп, немерелері мен шөберелерінің алдында қайтыс болған асыл ананың кезінде сүйікті ұлы жайында айтқан толғанысын келтіре кеткеніміз жөн шығар. «Менің балаларым демейін, Алланың берген он баласын бағып-қақтық, өсірдік, оқыттық. Немере, шөбере, шөпшек сүйіп жатырмыз. Жаратқанның мұнысына шүкір, – деген екен ғасыр жасынан асқан әз ана. – Жүзден асқан жасым бар, ақ қырау шалған шашым бар. Балаларым да, келіндерім де, қыздарым да, күйеу балаларым да ыстық. Бәрі бірдей маған. Әйтсе де «Сегіз ұлым бір төбе, Ер Төстігім бір төбе» деп ертегінің Ерназары айтқандай, балалардың ішінде ағайынның басын қосып, солардың бірлігін ойлап жүретін Ержанбегім шындығында бір төбе. Қайда жүрсе де бауырларын ойлайды, ағайынның бірлігінің қамын жейді. Жастайынан атқа мініп, ел басқарды, әлі де қызметте. Ана баласына не тілейді? Аман болсын, ел алдында осы абыройы асқақтай берсін! Алпысын көргеніме құдайға тәуба деймін!».
Иә, ғасыр жасынан асқан әз әже перзентінің алпыс жасқа келгенін көргеніне тәубе деп өмірден ризашылықпен өткен екен. «Сіз бір бүгін жатқан байтақ даласыз, жұмақтың дәл төріне барасыз. Өйткені Сіз он баланы өсірген жүзден асқан дана, Аруанасыз» деп Қадыр ақын тебірене жырлағандай, Қанымай әжеміздің жаны бүгінде жұмақтан жай тапқан болар-ау. 
Ерекеңнің асқар таудай әкесі Ормахан атамыз да ұзақ жылдар бойы трактор-егіс бригадасының бригадирі, зейнетке шығар алдында он шақты жыл шопан болып еңбек етіпті. Арнайы оқып білім алмаса да көзі ашық, көкірегі ояу қария еңбегімен ел құрметіне бөленген абыройлы да беделді жан болыпты. 
Саналы ғұмырындағы ерен еңбегі, жемісті жылдары үшін Ержанбек Ормахан­ұлы «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, әлденеше мерейтойлық медальдармен марапатталды. Еңбек еткен жылдары ғылыми жұмыстармен де айналысып, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты атанды. Шаруашылықта, өңірлерде жетекшілік жұмыстарын атқарған кезеңдерінде бұл орайдағы білімінің тиімді жүзеге асып, толымды табыстарға жеткізгені айналасындағыларға да, басшыларға да мәлім десек ешбір асырып айтқандық бола қоймайды. 

Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінде келісімшартпен еңбек еткен жылдары да бұл орайдағы білімінің көп кәдесіне жарағандығы сөзсіз. Содан кейін де шығар, ауылшаруашылығының білгірі аграрлық комитетте қабылданатын заңдарды сараптамадан өткізіп, ұсыныс-пікірлер әзірлеуде де дәйім белсенділігімен танылып жүрді.
Ерен еңбегімен ел дамуына өзіндік мол үлесін қосқан Ержанбек Ормахан­ұлының алдағы уақытта ғұмыр бойғы бейнетінің зейнетін көріп, өмір жасының ұзара беруіне тілектеспіз. «Жас кезіңде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген ақ тілектің мәні мен мағынасы да осында деп ойлаймыз.

Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ,
Қазақстанның Құрметті журналисі

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.