Талдықорған: +3°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ЖЕТІСУДАН» СӨЙЛЕП ТҰРМЫЗ. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА РАДИО АШЫЛДЫ

2 ақпан 2022
КҮНДЕРЕК
"ЖЕТІСУДАН" СӨЙЛЕП ТҰРМЫЗ. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА РАДИО АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жастайымыздан Қазақ радиосын тыңдап өскен соң Жетісудың жеке үнжариясы ашылды деген хабарды естігенде төбеміз көкке жеткендей болды. Әр қазақтың шаңырағында Қазақ радиосы саңқылдап, аға буынды күннің жаңалығынан хабардар етсе, жас жеткіншекті әсем ән мен тамылжыған күйге бөлеп, еңбектеген баланы әсерлі ертегісімен тербетті емес пе?! Дәл содан ләззат алып, талай жігіт пен бойжеткен арманға қол созды. Ал қырды асып, қой баққан қазақтың қанжығасында байланып жүрген радио жыр-дастанмен қойшыны да, кең иық даланы да әнге бөлегені рас. Міне, сол Қазақ радиосы күллі елдің жаңалығын жеткізсе, өңірдегі биылғы жылдың басты жаңалығы ретінде Жетісудың жеке радиосы ашылғанын айтуға болады.

Радионың ашылу салтанатында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Керімбек сөз сөйлеп, бұл ұлт үшін, Жетісу жұртшылығы үшін және жастардың тәрбие құралы екендігін айтты. Сонымен қатар, «Жетісу» радиосының жұмысына қоғам болып атсалысуымыз керектігін жеткізді. Игі шарада Қазақстанның Құрметті журналисі, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін жүрекжарды лебізі мен ақ батасын арнады. «Радио ең бірінші ұлтқа қызмет етуі керек. Бұл тұрғыда «Жетісу» радиосының алар орны ерекше. Мұны неге айтып отырмын? Өйткені, «Жетісу» радиосының ашылуына көп еңбек сіңірген ең бірінші ұлттың ақмаңдай ұлына айналған Бейсен Құранбектің еңбегін айта кетуді жөн деп санаймын. Дәл сол бастаманы соңына дейін жалғастырып, Жетісудың үнін есіткен, бүгінгі телеарна басшысы Серік Әбікен, орынбасары Досан Қызайбекұлы және Есболат Айдабосынға үлкен алғысымды білдіремін. Еңбектерің жемісті болып, Бейсенжанның аруағы қолдасын!» — деді.

Бұдан кейін «Жетісу» телеарнасының басшысы Серік Әбікен мен Бейсен Құранбектің інісі Төлеген Жанысбек сөз сөйлеп, радионың ашылуымен құттықтады. Қадірменді қонақтардың сөзінен кейін Қазақстанның Құрметті журналисі Әміре Әрін, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Керімбек радио лентасын қиып, Жетісудың алғашқы үнжариясын әуе толқынына қосты.

Көп жылдан бері облыс орталығы Талдықорған қаласында Жетісу радиосы ашылады деген хабарды еститінбіз. Бүгін сол айтулы күнге жеттік. Талдықорған қаласында Жетісу радиосы жеке хабар тарататын болды.

Жетісу радиосына журналист-жазушы Есболат Айдабосын жетекшілік жасайды. Бүгінде құрамында жеті адам қызмет істейді. Онда екі редактор, техник, музыкалық редакторлар бар. Радиоға басшылық етіп отырған Есболат Айдабосыннан жаңа ашылған радио жайлы сұрағанымызда мынадай жаңалықтармен бөлісті: «Жетісу радиосы таңғы сағат 7-ден бастап түнгі сағат 12-ге дейін хабар таратады. Жалпы 24 сағат жұмыс істейді. Онда бірнеше бағдарлама жарыққа шығады. Мысалға өткенімізден сыр шертетін «Тарих» бағдарламасы, бір әннің шығу тарихы жайлы «Ән-тарих» деген бағдарлама болады. Сонымен қатар, поэзия сағатына байланысты «Үркер» атты бағдарлама тыңдарманға ұсынылады. Тәрбиелік мәні зор «Ғибрат», жеке тұлғаларды насихаттауда, көпке немесе бір адамға шапағаты тиген адамдарды таныстыру бойынша «Шапағат», проза сағаты бойынша «Білте шамның жарығы», өлке шежіресінен сыр шертетін «Жерұйық» деген бағдарламалар жоспарланып тұр», – деді ол.

«Жетісу» радиосының хабарлары Талдықорған қаласында 107.2 әуе толқыны бойынша таратылады. Бұл толқын облыстың әр аймағында өзгеріп отырады. Мысалы, Жаркентте — 106.5, Текеліде — 104.8, Үшаралда — 104.3, Лепсіде — 103.8, Балқаш ауданы, Балатопарда — 102.1, Құйғанда — 101.7, Райымбек ауданы Қызылұш, Жалаңаш ауылдарында 100 жиілігінен тыңдай аласыз. Дәл қазіргі уақытта «Жетісу» радиосы Талдықорған жиілігі бойынша іске кірісті. Болашақта «Жетісу» радио толқыны облысымыздың барлық аумағында таралады. Қазір бұл бағытта техникалық жұмыстар жүргізілуде.

«Жетісу» радиосының алғашқы хабары тікелей эфирмен бастау алды. Онда облысқа және республикаға танымал тұлғалар радионың ашылуымен құттықтап, лебіздерін білдірді. Эфирде алғашқы болып ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін үн қатты.

Жер жаннаты Жетісудың жеке үнжариясының ғұмыры ұзақ болғай!

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Бүгін, 17:12
Кітап оқитын шекарашы

Кітап оқитын шекарашы

Бүгін, 15:43
Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Бүгін, 15:24
Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бүгін, 15:00
Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.