Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

АРАЛАС МЕКТЕПТЕН АРЫЛАТЫН УАҚЫТ ЖЕТТІ! ТАЛҒАРДАҒЫ ДАУ ӘЛІ БІТКЕН ЖОҚ

28.01.2022
ҰЛТ ҰЯТЫ
АРАЛАС МЕКТЕПТЕН АРЫЛАТЫН УАҚЫТ ЖЕТТІ! ТАЛҒАРДАҒЫ ДАУ ӘЛІ БІТКЕН ЖОҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Атам қазақтың аса бір жағымсыз, жайсыз хабарды естігенде: «Ой, Алла-ай, жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты»  деген ықылым заманнан бері айтылып келе жатқан қағидаға бергісіз қанатты сөз бар. Алайда ай мен күннің аманында бұл қанатты сөзді жарияға жар салып тағы да бір қайталауымызға тура келіп отыр. Оған не себеп болды десеңіз, әлеуметтік желідегі желдей есіп, елді дүрліктіріп жүрген Талғар қаласының жоғары тау жақ беткейіне (Инкубатор) шағын ауданында салынған жаңа мектепті «аралас мектеп» етіп ашамыз деген айғай-шуы қарапайым халықтың ашу-ызасын туғызды. Жалпы осы «аралас мектеп» деген кімге керек? Соның астарына тереңірек үңіліп көріңіздерші.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында мектептерде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді басты назарда ұстау қажеттігіне көңіл бөле келіп: «Біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыра береміз», – деп соқырға таяқ ұстатқандай нақты айтып, тапсырма да берген еді. Сонымен бірге Мемлекет басшысы өзінің дәстүрлі Жолдауында: «Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс. Бұл отаншылдықтың басты белгісі болып табылады», – деп тағы да қазақ тілін білу баршамызға ортақ міндет екенін ескертті.

Ел Президенті осындай қолдау көрсетіп отырғанда, мемлекеттік тіліміздің өркендеуіне балта шабатын шешімге жол беріп отырғандардың өрескел қылығына қалай ғана күйінбейсің?! Сонда жергілікті билік пен білім басқармасы Мемлекет басшысының бұл сөзін аяқасты еткені ме? Қолдамақ түгілі құлаққа да ілмегені ме? Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан «Жаңа Қазақстанды» құрудың асыл діңгегі қазақ тілінің мәртебесін көтеруден басталатынын ұмытпайық. Аралас мектептен арылмай, ұрпағымызға ана тілінде тәрбие бермей, Тәуелсіздіктің тұғыры биік болмақ емес!

Аралас мектеп деген бұл – дерт. Ұлтымыздың жазылмас жарасы. Тілімізді шұбарлап, бізді шүршіт жасаудың ең тиімді әрі төте жолы. Бұл үрдістің кешегі кеңес үкіметінің кезінен келе жатқан кесел екеніне көз жеткізетін уақыт жетті ғой қаншалықты ақымақ болсақ та. Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі отыз жылда осы олқылықтың орнын толтырып, аралас мектептердің санын азайтамыз ба десек, керісінше тағы да бір мектепті аралас етіп ашамыз деу ел намысын аяққа таптап, ұлттың болашағынан үмітін үзу деген сөз. Ұлттың үнін, ұлттың мұңын түсінетін адамға бұдан асқан қорлық, бұдан асқан сорлылық жоқ. Талғардағы жаңадан салынған осы мектептің аралас болуын жан-тәнімен қалаған билік басындағы құзыретті «тұлғалар», әлі де болса ойланыңдар! 

Мектеп – ұлттың келешегі, келбеті, бет-бейнесі мен беделі. Білімнің бастау бұлағы, ұлтымыздың жанар шырағы, негізгі қайнар көзі! Бұлақ пен бастау таза болмаса, одан сусындап өскен ұрпақтың рухы да тазармайды. Олар да қанаттары қатып, бұғанасы бекімей жатып осы дертпен, яғни өзінің туған ана тілінде сөйлей алмайтын рухани дертпен ауыратын болады. Ал өзіміз қолдан жасап беріп отырған ол дертті өмір-бақи емдеп жаза алмайсың. Қазақ тілінде сөйлемейтін, тіпті сөйлей алмайтын, сөйлесе де немқұрайды, «басын жарып», «көзін шығарып» тілді бұзып, шұбарлайтын шүршіттердің санын ғана көбейтеміз. Бұны бізге осы күнге дейінгі өмір тәжірибесінің өзі көрсетіп отырған жоқ па? Мұндай кері кеткен керенаулық пен келеңсіздік кімге керек сонда? Не үшін керек? Тәуелсіздік алдық дегенімізге 30 жыл болды десек те, әлі есімізді жиып, етегімізді жауып үлгермедік қой. Үш ғасырға жуық жүргізілген орыстың отарлау саясаты мен ұлттың қамын ойлаған Алаш арыстарын «халық жауы» деп жаппай қырғынға ұшыратқан кеңестік жүйенің кесапатын көрген қазағым қашан оянасың? Әлі күнге дейін орысқұлдық саясаттың шырмауынан шыға алмай шыр-пыр болып жүрген мемлекетті құрушы негізгі ұлт болып саналатын қазақ халқының жанын жегідей жейтін «аралас мектеп» сияқты сыртын сылап тұрсаң да ішің жылап, сылағы құлап тұратын санамызға еркімізден тыс зорлап таңған «кеңестік интерноционализмнің» жалған сарқыншағы осы «аралас мектеп» емес пе? Біз алдыңғы аға буын өкілдері келешек жастарымыздың алдында бәріміз де жауаптымыз.

Бүгінге дейінгі ұлтымыз шеккен зардапты болашақ жастарымыз шекпесін десек, аралас мектептерді ашу емес, оның азайып, жоқ болып жойылуына барынша күш-жігерімізді салуымыз керек. Ұзақ жыл білім беріп, ұрпақ тәрбиелеген ұстаз ретіндегі ұсынысым – кезінде өзге ұлттардың үстемдік құрып тұрған басымдылығына қарамай ауадай қажеттілікпен ашылған Тұрар Рысқұловтай ірі тұлғаның атындағы бүгінде аядай ғана балабақшаның ескі ғимаратында қысылып-қыстырылып отырған №9 қазақ мектебін толықтай осы жаңадан салынған мектепке көшіру керек те, «аралас мектеп ашамыз» деген айқай-шуды өшіру керек. Оған екі мектептің де орналасқан жері, аумағы, аралары өте жақын. Ескі мектептің жаңа мектепке баратын оқушыларының ыңғайына да өте қолайлы. Бойында қазақтың қаны тулаған, халқы шеккен қасіреттен хабары бар ұлтының намысы мен ұрпағының болашағын ойлайтын ұлтын сүйген ұлықтар болса, осы ескертпелер мен жанайқайымызды түсініп, ұсынысымызды қабылдайды деген сенімдеміз.

Камнұр ТӘЛІМҰЛЫ,

ҚР Білім беру ісінің үздік қызметкері,

Талғар ауданының Құрметті азаматы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.