Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі қалада блокбекеттер өз жұмысын тоқтатқанын жария етті.
«Алматы облысында террористік қауіп-қатердің «қызыл» деңгейінің күшінің жойылуына байланысты Талдықорғандағы блокбекеттер алынып тасталды. Қарулы Күштердің әскери қызметшілері тұрақты орналасу пункттеріне оралды», — деп хабарлады Талдықорған әскери гарнизоны.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





