Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Татулық тұғыры теңселмесін

24.01.2022
КҮЛТӨБЕ
Татулық тұғыры теңселмесін
WhatsAppTelegramFacebook

Дүйім Қазақстан аумағында барыс жылының бастапқы тәуліктері дүрбелеңмен өтті. Батыстан бастау алған бейбіт шеру тасадан тас атушы күштердің ықпалымен бүлікке ұласты. Мұқым елдің тыныштығы ұрланды, далада оқ атылды, қалалар отқа оранды. Содырлар салған сойқанның соңы қаншама жазықсыз жандардың, әскерилер мен тәртіп сақшыларының ажалына әкеліп соқты. 

Біз қазақ тектіліктен тамырын ажыратпаған, татулықтың тұғырын тік көтерген мемлекет екендігімізді осындай уақытта көрсеткеніміз абзал. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, бірлік туы астындағы бірегей тірлігімізге оралуымыз керек. 
Ереуілге шыққан елдің талап-тілегі, ұсыныс-сұранысын қанағаттандыру мақсатында Мемлекет басшысы жедел шешімдер қабылдап, жаңаша өзгерістерге жол ашқандай. Оған «Қасіретті қаңтар сабағы: Қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» атты баяндамасында айтқан сөздері дәлел бола алады.
Тірнектеп тапқаны талан-таражға түскен халық наразы. Әсіредіншілдер оңы мен солын ой таразысына салып үлгермеген жастарды үгіттеп, шаһарларда төңкеріс жасауға шақырды. Діттегендері орындалды, дүрбелең салдарынан орасан зор зардап келді, қарапайым халық жапа шекті. Берен мылтықтан безере атылған қорғасын оқ жазықсыз жандарға шүйлікті, жас жауынгерлер де ажал құшты. Содырлар салған сойқанның соңы ұлттық мүддені, мемлекеттік бүтіндікті бүлдіруге бағытталғанын анық көрдік. Оларға азық-түлік бағасының түсуі, әлеуметтік маңызды заттардың құнының арзандауы емес, билікке қол жеткізу, шаңырағымызды ойрандату ғана маңызды. Оған тоналған дүкен, өртенген көлік, бұзылып-шағылған ғимараттар дәлел.
Барлық дүрбелеңнің артында геосаясаттық мәселелер жатқандығы да жасырын емес. Сырт күштер террорлық-экстремистік әрекеттерімен мемлекеттік мекемелерді шабуылдап, бейбіт тұрғындарға оқ атуға дейін барды. Ақиқат астарын ақтарсаңыз мүлдем жат пиғылды жандардың ісі екендігі тайға таңба басқандай көрінеді.
Ендігі кезекте Мемлекет басшысының лезде қабылдаған шешімдерінің, яғни «Қасіретті қаңтар» сабағы: Қоғам тұтастығы – Тәуелсіздік кепілі» атты Үндеуіндегі батыл бастамаларға бет бұрсақ. Дүрбелең дауылы саябырсыды, енді соның себеп-салдарымен күресетін уақыт келді. Бұл ретте Президент, ең алдымен, қауіпсіздік тақырыбын тізгін етіп, алдағы уақыттағы экономикалық-әлеуметтік өрістеуіміздің басты бағыттарын көрсеткендей. Соның ішінде халық жағдайын тұрақтандырудың тың жолдары, ел қауіпсіздігі мен бүтіндігін сақтау шаралары, экспорт пен импортты өркендетудің жаңаша мүмкіндіктері, инвестиция тарту, орта және шағын кәсіпкерліктен нәпақасын тауып отырған жұртшылыққа демдесу, қаржы нарығын реттеу, жастар тәрбиесіне жіті назар аудару, білім беру жүйесін жандандыру, экстремизм-терроризм сынды әрекеттерге тосқауыл болу мәселелері елдің көңіл көкжиегіндегі дүниелерді дөп басқандай. 
Жұрт тірлігіне жаңаша толқын, тың өзгерістер келе жатқандай. Үндеуде ең алдымен бұқараның ахуалы назарға алынып, жемқорлық атаулыны жоюға барынша күш салынатыны жеткізілді. Әсіресе, мемлекет көмегімен байып, қаржы-қазынасын шетелге тасыған шонжарлардың дүние-мүлкі есептеліп, тексерістер жүргізілетіні қуантты. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қорының құрылуының да өзектілігі жоғары. Қайырымдылыққа жақын меценаттар аталған қорға қаражат құюды бастап та кетті. Қомақты ақша ел игілігіне жұмсалып, қуанышын қалың жұртшылық көре түссе деген ниет бар.
Бізге қазір керегі – сабыр. Мемлекет басшысы тиісті шараларды қолға алды, кінәлілер жазалануда, бағалар бір жүйеге келтірілуде. Халықты билік естіді, енді билікті тыңдайтын мезет жетті. Арандатушылыққа ермей, татулық тұғырын теңселтпей береке-бірлікте ғұмыр кешейік.

 

Ұлжалғас ДҮЙСЕБАЕВА,
Алакөл ауданының
Құрметті азаматы 

Қатысты жаңалықтар

Партиялар сайлаушылармен кездесуге дайындықты бастады

Партиялар сайлаушылармен кездесуге дайындықты бастады

24.07.2026
Республикалық арналарда партияаралық теледебат ұйымдастырылады

Республикалық арналарда партияаралық теледебат ұйымдастырылады

24.07.2026
Қазақстандықтардың 22,8 млрд теңге айыппұлы кешірілді

Қазақстандықтардың 22,8 млрд теңге айыппұлы кешірілді

24.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Сайлау науқаны: Бюллетеньді суретке түсіруге тыйым салынды

24.07.2026
Алимент енді арнайы шотқа аударылады

Алимент енді арнайы шотқа аударылады

24.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.