Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАҢА ДӘУІРГЕ ЖАҢАША КӨЗҚАРАС

24.01.2022
КҮЛТӨБЕ
ЖАҢА ДӘУІРГЕ ЖАҢАША КӨЗҚАРАС
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен жұмада ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлермен кездесіп, еліміздегі қалыптасқан ахуалды және халық игілігі үшін билік пен бизнестің өзара ықпалдастығына қатысты жолдарды айқындау қажет екенін айтты. Президент бүгінде біздің алдымызда бүкіл қоғамдық тыныс-тіршілікті түбегейлі трансформациялау міндеті тұрғандығын, мұның стратегиялық мәні бар екендігін атап көрсетті.

– Қағаз жүзіндегі әлеуметтік-экономикалық мәселе мен оның қазіргі шынайы жағдайының арасындағы алшақтық сын көтермейді. Сондықтан шұғыл түрде экономикалық саясатты қайта қарау жұмысына бірлесе кірісу керек. Таза, ашық және әділ іс-әрекеттердің жаңа тәртібін анықтаған жөн, – деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл айтқанының аса зор маңызы бар. Өйткені, Мемлекет басшысының пікірінше, аз ғана элиталық топтар ықпалының артуы және халықтың басым бөлігінің табысының азаюы қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндірді. Бұл қоғамның экономикалық, әлеуметтік, содан кейін саяси бөлінуіне әкеп соқтыруы мүмкін деген ойының шет жағасы біздің қоғамда биылғы қаңтар айындағы оқиғадан-ақ көрініс бергені де анық. 
Президент айтып отырған: «Аз ғана элиталық топтар ықпалының артуы және халықтың басым бөлігінің табысының азаюы қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндірді. Бұл қоғамның экономикалық, әлеуметтік, содан кейін саяси бөлінуіне әкеп соқтыруы мүмкін», – дегені келіп те тұр.
Біз Тәуелсіздігіміз өмір бойы тоймен өтетіндей күйде болдық. Қолында байлығы барлар, несін айтасыз, айға қарай сырықпен секірмесе де дүниені шайқап бақты. Жарайды, өз тапқан мал дүниесі дейік. Бірақ тым астамшылыққа бой алдырдық емес пе?
Атам қазақтың байлық уыстағы мұз екендігін, бірде болмаса бірде еріп кетеді дегені немесе дүние байлығын боққа теңеген даналықтары да сабақ болмай кетті. Керісінше, халықтың басым көпшілігі кедейлікпен өмір сүріп жатты. Тіпті, халықтың күнкөрісі ауырлап та қиындап кеткені бар.
Халықтың басым көпшілігі кедей болған соң,  қоғамда әлеуметтік теңсіздік орнаған соң сол кедей топтың баршасы «байлардың» аузына қарауға, солардың ықпалымен жүруге ыңғайланып алды. Бұлай істемеймін, әділдікке жетем дегендердің жеткен жері түрме болды немесе басқа да жағдайлар.
Қазақстандық қоғам «қалталылардың», биліктегілердің ыңғайына қарай осылай қалыптасқаннан кейін қара халық не істеуге керек еді?! Кедейшілік жайлап алмаса ар сатылар ма еді, тән сатылар ма еді?! Қазақ қыздары кім көрінгенге тұрмысқа кете берер ме еді? Кім-көрінгенге тоқалдыққа тие берер ме еді?! Жастарымыз жат, өзге дін ағымдарының жетегінде кете берер ме еді?!
«Ораза-намаз тоқтықта» деген қазақы философияның даналығын осы арада танимын. Міне, осындай жағдайдан кейін жағымпаздық… мақтау-мадақтау… айтар сөзіңді айта алмайтын күн туған секілді. Жағымпаздана жүріп, мақтай жүріп күніңді көру белең алды. Бұл бәріміздің қасіретіміз еді. Сұлтан Бейбарыс бабамыздың «мұқтаждық пен аштық айбарлы арыстанның өзін қыңсылаған төбетке айналдырады» дегеніне тоқтар едім.
Қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздік және бар заңымыздың орындалмауы және қоғамды жайлап алған жемқорлық еліміздің және халқымыздың соры болды, тәуелсіздігіміздің түбіне жете жаздады.
Ендігі жерде Қазақстанда байлар мен барлар, биліктегілер ғана үстемдік ететін емес, Заң ғана үстемдік ететін, халқымыздың әл-ауқатын тез арада жақсартатын, халқымызды еңбекке жұмылдыра алатын және осы елдің иесі де, киесі де Қазақ екендігін өзімізге де, өзгелерге де сезіндіріп, сендіре алатын саясат та, жұмыс та  жүргізілуі керек.
Қартын сыйлайтын, қыз баласын қорғап, ардақтап ұстайтын, ұлдарын ынжық етпей  намысшыл, рухшыл, мал табуға епті етіп тәрбиелеумен бірге тілін де, дінін де былғамай таза ұстайтын қоғам керек. 
Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру арқылы қазақ баласы өзінің жеке басының мәдениетімен де, білімімен де, көптілді болуымен де, іскерлігімен де, еңбекқорлығымен де, өз отбастарын ардақтап, шаңырақтарын шайқалтпай ұстай білетін және көпбалалы болуымен де даралануға тиісті. 
“Елінде қарты болмаса, жастары болар диуана» деген Махамбеттің бір айтқанын да қазақ қоғамы ескеруі керек қой деп ойлаймын.
«Ұлттық табыстың әділ бөлінуі бойынша теңгерімсіздік пен проблеманың бар екенін» айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес-қауымдастығы осыдан сабақ алып, жаңа Қазақстанның негізі болуға тиісті жаңа экономикалық саясатты қалыптастыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Біз Қазақстанның жаңа дәуірін құруды бастадық. «Отыз жыл бойы қайда болдыңдар, отыз жыл бұрын неге айтпадыңдар?» деген бос сөзді қоя тұралық та елімізді қалай жаңартамыз, әділетті қоғамды қалай құрамыз, қайтсек бай да бақуатты өмір сүреміз, сол жайында ой бөліссек етті.
Өткен отыз жылға да және кімнің кім екендігіне де уақыт, сол уақыттың иелігіндегі тарих жауап береді әлі. Ал әзіргіміз бос сөз болып қала береді.
Қазақстанның жаңа дәуірін қалыптастырып, елімізді қазіргі тығырықтан алып шыға алатын және әділдік пен адалдық орната алатын Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенемін!
Біздің жақсы күндеріміз алда! Бірлікте, ынтымақта болайық! Тәуелсіздікті нығайтайық!

 

Жабал Ерғалиев,
қоғам қайраткері

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда робот сот орындаушы 29 млн теңге үнемдеуге көмектесті

Жетісуда робот сот орындаушы 29 млн теңге үнемдеуге көмектесті

24.07.2026
Тамызда қай өңірлерде қуаңшылық күтіледі?

Тамызда қай өңірлерде қуаңшылық күтіледі?

24.07.2026
Партиялар сайлаушылармен кездесуге дайындықты бастады

Партиялар сайлаушылармен кездесуге дайындықты бастады

24.07.2026
Республикалық арналарда партияаралық теледебат ұйымдастырылады

Республикалық арналарда партияаралық теледебат ұйымдастырылады

24.07.2026
Қазақстандықтардың 22,8 млрд теңге айыппұлы кешірілді

Қазақстандықтардың 22,8 млрд теңге айыппұлы кешірілді

24.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.