Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жер әсемі – Жетісу

21.01.2022
КҮЛТӨБЕ
Жер әсемі – Жетісу
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу  –  жердің жаннаты.  Қазақ даласының  шұрайлы өлкесінің бірі – жеті өзенді өлке.   Өңірдің тарихы тереңде.  Шұрайлы өлке жаудың талай шапқыншылығына ұшырады, бірақ елдің рухы сынған жоқ.  Жерімізге қызығушылардың меселін қайтарып, қазағына  нәсіп болған қасиетті өңір.  Жер көлемі  224 мың  шақырымдық даланың асты-үсті түгел байлық.  Облыс аумағына  тау, ну, су, құм, жайлау,  сағымды жазық дала, бәрі дерлік кіреді. Аумақта  Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Тентек, Жаманты, Ырғайты, Шілікті, Түрген, Есік, Бүйен атты өзендері,  Балқаш, Алакөл, Жалаңашкөл, Сасықкөл,  Қошқаркөл деп аталатын көлдері бар.

Облыс аумағының ауа райы да әртүрлі.  Көңіліңе ұнаған жерге қоныс аударып, тіршілік кешемін десең еш кедергі жоқ. Салқынды ұнатасыз ба, Кегенге бар. Ыстықты жаныңыз сүйе ме,  Жаркентке қоныс теп. Жер жағдайына қарай өз кәсібіңізді таңдауға болады.  Қалаға жақын орналассаң  кәсіпкерлікпен шұғылдан. Еш кедергі жоқ.  Қолыңнан келетін істі таңдап, жоспарыңды жасап, Үкіметтен несие ал.  Кезінде Верный уезі, Жетісу облысы, Алматы округі атанған өңір  1932 жылдың 10 наурызынан Алматы облысы болып құрылды.  Он жылдан аса уақыт осы аталыммен тарихы  өріліп,  жер аумағы белгіленді.  Батыр ұл-қыздары Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанып, елдің атын шығарды.  Соғыс аяқталардан  бір жыл бұрын, яғни, 1944 жылы 16 наурызда  Алматы облысынан Талдықорған облысы бөлініп шықты.   Екі облыс өздерінше өз әкімдіктеріне бағынып, өндіріс пен ауылшаруашылық құрылымдарын құрып, дамытты.  Ірі кәсіпорындар құрылды. Ауылшаруашылығы өнімдері ет-сүт өңдеу, дәнді дақылдар өсіру мақсатты түрде іске асырылды. Мал басы көбейтіліп, азығын дайындау науқаны Үкіметтің назарына алынды. Кейіннен, 1959 жылдан 1967 жылға дейін Талдықорған облысы  Алматы облысының құрамына қайта кірді. Бұл жылдар Жетісуда  білім-ғылым жақсы жолға қойылып, жоғары оқу орындарында  заманға қажетті мамандықтар бойынша білім беру жүйелі  жүзеге асырылды.  Облысты 1968 жылдан  Бәйкен Әшімов басқарды. Ол тұрғын үй, мекеме, ғимараттардың салынуы, «Жетісу» шағын ауданы, Талдықорған аккумулятор зауыты іргетасының қалануына  ықпал етті. Кейіннен облысқа  Әріпбай Алыбаев жетекшілік етті.  Сахан Құсайынов облысқа басшылық еткен 1978-1982 жылдары  өндірістің дамуы, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт мекемелерінің құрылыстарын салуға көп көңіл бөлінген.  Облыс орталығында «Жетісу» стадионы, драма театрының ғимараты тұрғызылды.  Ол аудан, қалалардың тазалығы, көркемдік ерекшелігіне ерекше көңіл бөлді. Тоқсаныншы жылдары ел тоқырауға ұшырады.  Көптеген кәсіпорын жабылып, халықтың күн көрісі  қиындады. Экономика құлдырады.  Жұмыссыздықтан елдің жағдайы ауырлады. Облысты қайтадан екіге бөлді.  Сонымен,  1997 жылы Талдықорған облысы таратылып,  аудандар Алматы облысына қосылды. Талдықорған облыс орталығы статусынан айрылған соң жұмыссыздық бұрынғыдан да көбейді.  Халық ілдәлдалап күн көрді. Елдің үлкендері, ақсақалдар жоғары жаққа хат жазып, облыс орталығы статусын қайта беруді сұрады. Жаратқан жар болып, 2001 жылы қыркүйек айында Талдықорған қайтадан облыстың орталығы мәртебесін алды.  Мемлекеттік мекемелер Талдықорғанға көшті.  Көшті облыстың жаңа әкімі Шалбай Құлмаханов бастап келді. Бұл кез  Алматы облысының жаңа тыныспен қарыштап дамуына мол мүмкіндік жасалған кезі еді. Алдымен Талдықорғанға жаңа тұрғын үйлер салынып, көшелері жөнделді.  Ғимараттар салынып, басқарма, департамент  мекемелері ағымдағы және күрделі жөндеулерден өтті. Ауыл, аудан орталықтары тазаланып, шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау білдірілді. Сол кезден бастап бүгінге дейін көптеген шағын кәсіпорындар іске қосылды. Бүгінде облыста 128 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Мектептер мен балабақшалар көптеп салына бастады. Облысты басқаруға Серік Үмбетов 2005 жылы келді.  Серік Әбікенұлы «Бақыт қайда барасың – берекесі бар елге барамын» деген нақылмен елді татулыққа, береке-бірлікке шақырып,  еңбекке жұмылдыруды ерекше назарда ұстады.  Осы ұстанымын жұмысымен де ұштастырып, Талдықорғанда  «Достық үйі», «Тіл  сарайы», «Жастар» спорт сарайы, Теннис ғимараты, Ардагерлер үйін салғызуға мұрындық жасады.  Олардың жабдықталуы, елдің бос уақытын тиімді пайдалануы, ұлттар арасында достықтың салтанат құруына ықпал етті.   Облыстың тарихи, ұлттық нақышының  айшықталуына  күш салды.  Ол Талдықорғаннан Үш ата, Қадырғали Жалайыри, Қаракерей Қабанбай, Сүйінбай Аронұлы ескерткіштерін орнатты. Халықтың ішімдіктен бас тартып, ұлттық тағамдарға ден қоюына ықпал етті. Серік Әбікенұлының тұсында аудан орталықтарында қымызхана, шұбатханалар көптеп салынды. Облыстың орталығына жыл сайын бір аудан өз киіз үйін тігіп, қала тұрғындарын  ұлттық  тағаммен қамтамасыз етіп отырды. 
Өз кезегінде 2011 жылдан облысты Аңсар Мұсаханов басқарды. Бұл жылдары үдемелі индустриялы-инновациялық бағдарламалық міндеттерді жүзеге асыру арқылы облыс экономикасының қарқынды дамуы, өндіріс өнімдерін көбейту, жаңа құрылыстардың бой көтеруі және  қолжетімді баспаналардың салынуына баса назар аударылды. 
Облыс орталығы қайта Талдықорғанға көшірілгеннен облыстың бірінші басшыларының орынбасары қызметін атқарған Амандық Баталовтың облысқа сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Оны ел біледі, алғысын айтады.  Амандық Ғаббасұлы 2014 жылдан облысты басқарды. Құрылыстың қарқынды жүруіне, астық алқабының кеңейтілуіне, егістікті суаратын ирригациялық жүйенің жаңартылуы, мал басының өсуі, халықтың әл-ауқатының жақсаруына ерекше қызмет етті. Облыстағы 16 аудан мен  3 қаланы түгелдей назарда ұстады.  Орынбасарлық қызметте отырғанда  өңірді бес саусақтай меңгерген ол бар күшін әлеуметтік жағдайдың жақсаруына жұмсады. Халықты баспанамен қамтуға ерекше көңіл бөлді. Талдықорғаннан жаңадан Неке сарайы, драма театры, саз мектебі, Оқушылар сарайы, Жастарға қызмет көрсету орталығы салынды.  Жаңадан бірнеше шағын аудан, даңғылдар тұрғындардың игілігіне берілді.  Осының нәтижесінде  облыс орталығы Талдықорған қаласы тұрғындарының саны 200 мыңға жетіп, облыс халқының саны 2 млн-нан асты.  Бала туу көрсеткіші артты. Сырттан көшіп келушілерінің қатары өсті.  Ол бір кездері облыстың негізгі күн көріс көзі болған ауылшаруашылық дақылдарын  қайта өсіруге  ықпал етті.      Ауылшаруашылығының егістік алқабы 972 мың гектарға жеткізілді. Оның ішінде қант қызылшасы 16 мың, жүгері 95 мың, картоп 40 мың гектардан асты. Бүгінде  облыста 1,3 млн. бас ірі қара мал, 4,5 млн. бас қой-ешкі бар.  
Экономиканы көтеруге индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы оңды әсер етті. Соның  нәтижесінде  «Кока-Кола», «RG BRANDS», «Хамле», «Филип Моррис», «Джей Ти Ай», «Фуд Мастер», «Danone», «Адал», «Кнауф-Гипс», «АлаЦем», «Эффес» сияқты ірі брендтік кәсіпорындар қанатын жайды.  Бұдан бөлек, «Ауыл – ел бесігі», «Нұрлы жер» секілді мемлекеттік бағдарламалар аясында  ауыл, аудан орталықтарында денешынықтыру-сауықтыру кешендері,  саябақтар мен скверлер салынып, инфрақұрылым жақсартылуда. Спорт саласында облыс бойынша барлығы 13 денешынықтыру-сауықтыру кешені ірге көтерді. Тағы төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Талдықорған қаласында Орталық Азияда теңдесі жоқ заманауи жүзу бассейні ашылды.  Облыста елді мекендерді газдандыру және жылу көздерін газбен жылытуға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.  Өткен жылы  облыс халқының 59 пайызының (1,2 млн. адам) газға қол жеткізуі қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта елді көгілдір отынмен қамтамасыз ету 61 пайызға жеткізілмекші.  Облыстағы бір өзекті мәселе жер көлемі үлкен  Райымбек   ауданын екіге бөлу еді. Халық аудан орталығына бару үшін  ұзақ жол жүретін. Оның үстіне  шалғай елдімекендер  көрші шетелмен шегаралас жатыр.  Аудан орталығының шалғайлығы елді титықтатты. Облыс басшысы  ауданды екіге бөлу мәселесін қолға алды.  Сөйтіп, аудан Райымбек және Кеген деп екіге бөлінді.  Облыста соңғы жылдары туризм жақсы дамып келеді.  Таулы аймақтар, тарихи орындар, қорықтар, туризмге сұранды. Сырттан келушілер көбейді.  Алакөлге шет елден келушілер саны артқан.   «Алтын емел» қорығындағы  “Әуенді бархан” құмды тауын көргісі келетіндердің қатары өскен.  Ақсу-Жабағылы қорығында 1200 өсімдік, 42 түрлі  жануар, 238 құс бар.   «Түрген сарқырамасы» – Іле-Алатау ұлттық саябағы Алматы облысының туристер баратын орындарының бірі. Облыс бірнеше шет елді жалғап тұрған тас жол дәлізі. Қытай мен Қырғыз елін қосып жатқан автомобиль жолының жалпы ұзындығы 9633 шақырымды құрайды.
Ал, 2021 жылдың қарашасынан облыс тізгіні тәжірибелі маман, білікті басшы Қанат Бозымбаевтың қолына тиді. Аз уақытта  Қанат Алдабергенұлының  да жұмысы көрініп, оң нәтижеге қол жеткізілуде. Облысымыз достықтың ордасындай. Заманға қарай күнкөрісі мен  кәсібі, білім беруі мен  мәдениеті өркендеген өлке жыл санап еңсе көтеруде.  Болашақта рухани жағынан еңселене түссе деген ниет бар.  Жаз жайлау, қыс  қыстауда  алаңсыз өмір сүрген  думаншыл Жетісу жұрты  той-думанда «Алма бағы жайнаған, бұлбұл құсы сайраған, Жер әсемі – Жетісу, тамаша ғой айналам» деп әндететін.  Халық болашақта да  даланы ән мен күйге бөлеп ғұмыр кешсе дейміз.

Гүлжан ТҰРСЫН,
Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Тамызда қай өңірлерде қуаңшылық күтіледі?

Тамызда қай өңірлерде қуаңшылық күтіледі?

24.07.2026
Партиялар сайлаушылармен кездесуге дайындықты бастады

Партиялар сайлаушылармен кездесуге дайындықты бастады

24.07.2026
Республикалық арналарда партияаралық теледебат ұйымдастырылады

Республикалық арналарда партияаралық теледебат ұйымдастырылады

24.07.2026
Қазақстандықтардың 22,8 млрд теңге айыппұлы кешірілді

Қазақстандықтардың 22,8 млрд теңге айыппұлы кешірілді

24.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Сайлау науқаны: Бюллетеньді суретке түсіруге тыйым салынды

24.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.