Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ТАЛДЫҚОРҒАН ЛАҢКЕСТЕРІ ҚАРУ-ЖАРАҚ ҚОЙМАСЫН БАСЫП АЛҒЫСЫ КЕЛГЕН

16 қаңтар 2022
САЯСАТ
ТАЛДЫҚОРҒАН ЛАҢКЕСТЕРІ ҚАРУ-ЖАРАҚ ҚОЙМАСЫН БАСЫП АЛҒЫСЫ КЕЛГЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде төтенше жағдай орын алған сәттен бастап Талдықорған гарнизонына қарасты әскери бөлімдер өз міндеттерін аса жауапкершілікпен атқарып, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету іс-шараларына жұмылдырылды. Бұл туралы Талдықорған әскери гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдай күндері террористер әскери бөлімдерді де айналып өтпеді. Содырлар әскери бөлімдер мен қару-жарақ сақтау қоймалары маңында оқ атып, ішке кірмекке әрекет етті. Алайда әскери қызметшілердің қырағылықтары мен батылдықтарының арқасында лаңкес террористердің ойлаған мақсаттары орындалмады.

Қазіргі таңда Талдықорған қаласының кіреберістерінде, сонымен қатар, шаһар ішіне де блокбекеттер қойылды. Ол жерде әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері  азаматтардың құжаттары мен көліктерін қатаң түрде тексеруде. Сонымен қатар, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері стратегиялық маңызды нысандарды да күзетке алған.

– Төтенше жағдай орын ала салысымен дабыл бойынша көтеріліп, жауынгерлік тапсырмаға дайын болдық. Қазіргі таңда қаладан кіріп-шығатын жердегі блокбекеттерде автокөліктерді тоқтатып, мұқият тексерудеміз. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарымен бірлесіп, қаланы лаңкестерден тазарту жұмыстарын да жүргіземіз, – деді десанттық шабуылдау бригадасының қызметшісі, капитан Азиз Анарқұлов.

Қарулы Күштер мен Ауған соғысының ардагерлері блокбекеттерде тәулік бойы қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің жағдайын біліп, азық-түлікпен қамтамасыз етті.

– Осындай қиын-қыстау сәтте күшіміз бірлікте екенін көрсетуіміз керек. Сол себепті қаламыздың тыныштығын күндіз-түні қырағылықпен күзетіп жүрген әскери қызметшілерімізге рахмет айтып, қолымыздан келгенше қолдау көрсетудеміз, – деді «Алматы облысы әуе десанттық әскері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ауған соғысының ардагері Еркін Ерғожанов.

Талдықорған қаласының кіреберістерінде, қала ішіне қойылған блокбекеттерде қызмет атқаруға қосымша көмекке жақын гарнизондардың жеке құрамы жұмылдырылды.

Бүгінгі күні әскери қызметшілер құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, террористік операцияларға қатысып, қаланы лаңкестерден тазартуда.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Бүгін, 18:30
Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

Бүгін, 16:30
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Бүгін, 16:12
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Бүгін, 14:30
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

Бүгін, 13:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.