Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ШАРУАСЫН ӨРІСТЕТКЕН КӘСІПКЕР

28.12.2021
КҮЛТӨБЕ
ШАРУАСЫН ӨРІСТЕТКЕН КӘСІПКЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Аудан аграрлы өңір болғандықтан егінін егіп, малын бағып, шаруасын шалқытып отырған шаруашылықтар аз емес. Олардың тірлігін көргенде марқайып қаласың. Солардың бірі деп Сарыбастау ауылдық округіндегі «Қызылшоқы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін айтуға болады. Аталған серіктестіктің бүгінгі тыныс-тіршіліктерімен танысу үшін Сарыбастау ауылына арнайы бардық. Бізбен аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Жалғас Қатжанов бірге жүрді. 

Тілшілерді аталған шаруа қожалығының жетекшісі Алдан Бекиев күтіп алды. Ол бізбен тілдесіп, өздерінің жүргізіп отырған шаруасы жайында айтып берді. Алдан Ботайұлы 2016 жылдан бері осы шаруашылыққа жетекшілік етуде. Айтуынша,Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан әртүрлі көмектің арқасында серіктестіктің шаруасы шалқып келеді. «Қызылшоқы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1997 жылы құрылыпты. Содан бері шаруаларының тасы өрге басып, алдыңғы лектен көрінуде. Шаруашылықта негізінен егін егіліп, мал бағылады. 
Оларда қазір алты мың үш жүз гектар жер бар. Оның мың бес жүз гектарына шөп өсіріледі. Қалғанына жаздық арпа және күздік бидайдың тұқымы себіледі. Ал жайылымдық жер сегіз мың гектарды құрайды. 2017 жылы тұқым шаруашылығы деген статус берілген. Осы ретте шетелден «Вакула», «Приазовский», «Щедрый» деген үш сұрыпты арпа әкелінген. Бұл тұқым ыстыққа төзімді әрі өнімді мол беретінімен ерекшеленеді. Шаруашылық жетекшісі  соңғы кезеңдердегі құрғақшылыққа байланысты барлығы алты жүз гектар егістік алқабын жаңбырлатып суаруға мүмкіндігі жететін он құрылғы сатып алынып, орнатылатынын айтты. Осы арқылы көпжылдық шөп өсірілмек. Қазір осы бойынша жұмыстар жүргізілуде. 
Бұл іс жолға қойылған соң түйіршіктелген шөп шығаруға арналған құрылғы орнатылып, шағын зауыт жұмысын бастайды. Нәтижесінде тағы он бес шақты адам жұмыспен қамтылады деп көзделіп отыр. Түйіршіктелген шөп қожалықтағы малға беріледі. Артылғаны өзге шаруашылықтарға сатылады. 
Қожалық жұмысын алға жылжытуда ауылшаруашылығы техникаларының алар орны ерекше. Қазір елуден аса техника сақадай-сай жұмыс атқарып тұр. Техникаларды жаңалау мақсатында лизингке техникалар сатып алынған. Мәселен, 2018-2019 жылдары он екі бірлік, өткен жылы бесеуі алыныпты. Мал шаруашылығымен де айналысып отырған серіктестікте қазір төрт жүз елу бас мүйізді ірі қара, мыңнан аса қой, үш жүзге жуық жылқы бар. 
Қожалық иесі төрт түліктен мол өнім алу бағытында қой, жылқы және ірі қара мал тұқымын асылдандыруға бет алыпты. Мәселен, қазір ірі қара бойынша Қазақтың ақбас сиыры мен бұқалары бағылуда. Ал жылқының «Жабы» тұқымын өсіруге ден қойылған.   
Серіктестікте жетпіс шақты адам еңбек етеді. Оларға ай сайын 200-250 мың теңге көлемінде жалақы төленеді. Оның сыртында жұмысшыларға шаруашылық атынан тегін тамақтандыру, санаторийлерге жіберу, жемшөп, отын қорымен қамтамасыз ету, той-томалақтарына қол ұшын созу сияқты көмектер көрсетіледі. Ал шалғай ауылдардан келіп, жұмыс істейтін еңбеккерлер үшін жатақхана бар. 
Қыстан қысылмай шығу үшін мал азығы да молынан дайындалыпты. Сондай-ақ, қожалықта алдағы уақытта құс шаруашылығымен шұғылдану қолға алынып, құс фабрикасын ашу жоспарлануда.  

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Сарыбастау ауылы,
Кербұлақ ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

23.07.2026
Қараталда экологиялық рейд өтті

Қараталда экологиялық рейд өтті

23.07.2026
Құрылтай сайлауы: қоғамдық сенімнің жаңа сынағы

Құрылтай сайлауы: қоғамдық сенімнің жаңа сынағы

23.07.2026
Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

23.07.2026
Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

23.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.