Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ДАЛАНЫҢ ДАРА ҰСТАЗЫ

26 желтоқсан 2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Халқымыздың білім-ағарту саласының көш басында тұрған ұлы тұлға – Ыбырай Алтынсарин. Ол еліміздің алғашқы педагогы, қазақ жерінде мектеп ашып, жастарды білімге шақырған дана әрі дара ұстаз. 


Ыбырай Алтынсарин балаларды тек оқу-сызуға үйретіп қана қоймай, қазақша оқулықтар құрастырып, жастарды білімге, еңбекке баулитын өлеңдер, шағын әңгімелер жазды. Жас буынды заманға сай білім алып, орыс тілін үйренуге, ғылыммен айналысып, кәсіп түрлерін меңгеруге  үндеді. Мұнымен қатар балаларға жаңа бағытта білім беретін мұғалімдер дайындауға да бар күш-жігерін жұмсады. 

Шындығында қазақ қоғамы ол кезде өзгеріске дайын емес еді. Балалар діни білім алды, халқымыз мал бағуды ғана кәсіп етті. Сондықтан да елдің санасын өзгеріске бұрып, білім алуға, жаңа кәсіпті игеруге  шақыру ерлікпен пара-пар іс болды.

Ыбырай халық арасындағы әділетсіздік пен теңсіздікті  көріп, осы орайда көпшіліктің санасын оятуға тырысады. Қазақ қыздарын оқытуға айрықша назар аударады. Жастардың, әсіресе, қыздардың білім алуына кедергі келтіретін  әдет-ғұрыптарға қарсы күреседі. Осы мақсатта Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастырады.  Бұл оның  ағартушылық ісіндегі атқарған үлкен ісі деуге болады.

Балаларды оқытудың негізгі жолы – оқулық екені сөзсіз. Қазақтілді оқулық жасау жолында біраз тер төгіп, орыстілді еңбектерге зер салады. «Қазақ хрестоматиясын» құрастырады. Онда балаларға арналған түрлі шығармалар мен әңгімелер топтастырылады. Олардың негізгі денін өзі жазса, кейбірін  орыс оқулықтарынан  аударады. Сонымен қатар халық ауыз әдебиетінен де шығармалар қосады. Хрестоматиядағы әрбір өлең, шығарма балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа, адалдыққа үндеді. Білім-ғылымды серік етіп, еңбектенген адамның санасы озық болып, талай биікті бағындыратынын насихаттады. Бұл орайда  Ыбырай Алтынсариннің  шығармаларының дені  балаларды тәртіп пен жақсы үлгі-өнегеге шақырып, ойы мен санасын қайырымды іске бағыттауға арналды.  

Ыбырай Алтынсариннің шағын көркем шығармалары бүгінгі таңда да жас ұрпақты тәрбиелеуде қолданылып келе жатқан биік құрал. Оның барлық шығармалары дерлік, әсіресе, бастауыш сынып балаларына білім беруде ұтымды қолданылып келеді.  Ы. Алтынсариннің қалдырған мол мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, жас буынды тәрбиелей берері сөзсіз. 

Бибігүл ЕСІМБЕКОВА, 
        «Аққайың» бөбекжайының тәрбиешісі 
            Ұзынағаш ауылы,
            Жамбыл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Бүгін, 18:30
Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

Бүгін, 16:30
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Бүгін, 16:12
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Бүгін, 14:30
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

Бүгін, 13:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.