Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЕТІСУДЫҢ ЖЕЛМАЯ АҚЫНДАРЫ

26.12.2021
КҮЛТӨБЕ
ЖЕТІСУДЫҢ ЖЕЛМАЯ АҚЫНДАРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Өлеңге Жамбыл жүйрік, әнге Кенен, су жорға Үмбетәлі қара дөнен» деп, қазақ поэзиясының құлагері І. Жансүгіров жырлағандай, биыл Жетісу өңірінде туып-өсіп, соңына өшпес мұра қалдырып кеткен Үмбетәлі ақын мен Нұриланың айтысына 100 жыл толып отыр. Осы айтулы оқиғаны еске алып, өткен тарихқа көз жүгірту үшін сәрсенбі күні Ү. Кәрібаев атындағы әдеби-мемориалды музейінде «Жетісудың желмая ақындары» тақырыбында мәдени-танымдық іс-шара өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ақниет Тұматаев пен жазушы, ақын, журналистер, мәдениет қызметкерлері қатысты.


Салтанатты іс-шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ақниет Тұматаев «Үмбетәлі мен Нұрила айтысының шоқтығы биік екендігі анық. Соған орай Үмбетәлі атамыздың еңбектерінің әлі де зерттеуді талап ететіні көрініп тұр. Бұл орайда зиялы қауым өкілдері бел шеше еңбек етеді деген сенімдеміз», – дей келе Үмбетәлі ақынның шығармашылығын зерттеп жүрген бір топ азаматқа облыстық М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің директоры Рысжан Аязбаеваның Алғыс хатын тапсырды. Шолаққарғалы ауылдық округінің әкімі Мақсат Керімбаев та өз тарапынан кешті ұйымдастырушылар мен музей қызметкерлерінің еңбектерін атап өтті.  

Ақын, журналист, үмбетәлітанушы Нұрлан Әбдібек мазмұнды баяндама жасағаннан кейін Үмбетәлінің кіші қызы, бүгінде тоқсан жасқа келіп отырған Дәмегүл апаймыз әкесі жайында қызықты естеліктер айтты. ҚР мәдениет саласының үздігі, жыршы-термеші Жылбек Тоқтасынов Нұрила мен Үмбетәлі айтысының халық ақыны Әсімхан Қосбасаровтан жеткен нұсқасынан үзінді айтып берді. 

Жазушы, халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Президент атындағы сыйлықтың иегері Жұмабай Шаштайұлы: «Нұрлан Әбдібек бауырымыздың тың деректер мен оқиғаларды талдап жазуы, айтыстың әр нұсқасын түсіндіріп өтуі үлкен еңбек. Жалпы, бүгінгі кеш Үмбетәлі ақынның кішкентай музейінде өтсе де республикалық дәрежеде өтетін конференциялардан кем емес. Сол үшін музей қызметкерлері мен ақын ұрпақтарына алғыс айтқым келеді», – десе, филология ғылымдарының докторы Анарбек Бұлдыбай: «Иә, бұл айтыстың, Үмбетәлінің басқа да шығармаларының әлі де зерттеуді қажет ететіні сөзсіз. Биыл Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай 30 томдық жинақ жарық көрді. Сол 30 томның біріне біз Жамбылдың шәкірті Үмбетәлі Кәрібаевтың еңбектерін енгіздік. Бұл да болса біздің ақын алдында атқарған азаматтық борышымыз деп білеміз», –деп жиынды қорытындылады.

Мәдени іс-шараны Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектептің оқушылары ақын өлеңдерімен жалғастырды. 

Рухани, тәрбиелік мәні бар бұл жиын Үмбетәлі Кәрібаев атындағы әдеби-мемориалдық музейінің қызметкерлері құрастырған, ақын ұрпақтарының демеушілігімен шыққан «Үмбетәлі мен Нұрила айтысына 100 жыл» атты кітабының тұсаукесер рәсімімен өз мәресіне жетті.

Кеш соңында Үмбетәлі ақынның ұрпақтары мәдени іс-шараға келген қонақтарға дастарқан жайып, ақын рухына құран бағыштап, ас берді.

Елдар Жақыпбеков,
Ү. Кәрібаев атындағы әдеби-мемориалдық
музейінің қызметкері
 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

23.07.2026
Қараталда экологиялық рейд өтті

Қараталда экологиялық рейд өтті

23.07.2026
Құрылтай сайлауы: қоғамдық сенімнің жаңа сынағы

Құрылтай сайлауы: қоғамдық сенімнің жаңа сынағы

23.07.2026
Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

23.07.2026
Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

23.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.