Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тағы бір маңызды ақпаратымен бөлісті.
«2021 жылдың 26 желтоқсаны, сағат 11.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қалың тұман, жол көрінбейді) республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» автожолында (76-161 шақырымдары, Қапшағай қаласы — Сарыөзек ауылы) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», — деді төтенше жағдай қызметінің өкілдері. Аталған жайтқа байланысты азаматтардан осы бағыттағы жолдарға шықпауды сұраймыз.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





