Талдықорған: +4°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

НАУҚАСТАРҒА ДЕР КЕЗІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

23 желтоқсан 2021
КҮНДЕРЕК
НАУҚАСТАРҒА ДЕР КЕЗІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Аймағымызда жедел медициналық жәрдем қызметінің дамуы жолында маңызды оқиға орын алды. Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханада травматология және нейроинсульт бағыттары бойынша Ахуалдық орталық ашылды. Айта кетерлігі, Талдықорған облыстық ауруханасы базасындғы Ахуалдық орталық облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жұмысын бастады.

Әрине, Алатаудан Алакөлге дейінгі аумақты алып жатқан облыстың шалғай өңірлерінде тәжірибелі дәрігерлер мен заманауи құрал-жабдықтардың жетіспей жататыны жасырын емес. Сондықтан, орын алған төтенше жағдайлар мен ауруханаға түскен сырқаттарға дер кезінде емдеу шараларын қабылдауда қиындықтар туындайтын. Облыстық аурухана базасында ашылған Ахуалдық орталық осы қиындықты енді болдырмайды деген сенімдеміз.

Орталықта ақпаратты қабылдау және жеткізу үшін заманауи цифрлық мүмкіндіктері бар жедел-диспетчерлік сектор бар. Бұл – аймақта қандай да бір төтенше жағдай орын алған жағдайда шұғыл ұйымдастыру шаралары үшін барлық жедел ақпарат жинақталатын штаб болып табылады. Мамандар кез келген төтенше жағдай орнынан, емдеу мекемесінен арнайы видео ала алады, кез келген республикалық емхананың мамандарымен бейнебайланыс орнату мүмкіндігі бар.

Облыстық аурухана директоры, PhD, MD докторы Анарбек Монголдың айтуынша, мұнда IP-телефония жабдығын пайдалана отырып, бейнеконференцияларды және тікелей төтенше жағдайлар туралы есептерді дайындау және беруде автоматтандырылған жүйе жұмыс істейді.

Ахуалдық орталықтың ашылуына республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері шақырылды. Сол қатарда облыс тұрғындарының жедел медициналық көмек алуына жеңілдік беретін орталықтың жұмысымен біз де жақыннан танысып қайттық. Ашылу салтанаты басталған мезетте Кербұлақ және Алакөл аудандық аурухана дәрігерлері тікелей байланыс арқылы науқастарды емдеуге қатысты кеңес сұрады. Оларға Ахуалдық орталықтың жетекшісі Қуандық Құтбаев пен нейроинсульт бөлімінің меңгерушісі Айгүл Таугөзова тәжірибесімен бөлісіп, сырқаттарды емдеудің жолдарын түсіндірді.

Ахуалды орталық тәулік бойы жұмыс істейді. Ондағы байланыс құрылғылары заманауи жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ, кезекші және бір медбике базада тұрақты отырады. Жедел диспетчерлік орталықтың қызметкерлері арнайы картадан барлық «Жедел жәрдем» көліктерінің қозғалысын көре алады. Бүкіл «Жедел жәрдем» жүйесі ауылдық жерде де, қалада да ортақ жұмыс істейді. Бұл дәрігерлердің әрекет ету уақытын айтарлықтай қысқартуға және төтенше жағдайлар болған жерге өте жылдам жетуге мүмкіндік береді.

Ахуалдық орталық – жол-көлік оқиғаларынан кейінгі кешенді медициналық көмекті күшейтуге және жақсартуға, травматологиялық жарақаттардың алдын алуға арналған бағдарламалық-техникалық құралдардың тұтас кешені. Алдағы уақытта травматологиялық пункт облыстағы жарақаттар санын азайтып қана қоймай, медициналық көмек көрсетуді де жақсартпақ.

Қажет АНДАС

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

30 қазан 2026
Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

30 қазан 2026
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

29 қазан 2026
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

29 қазан 2026
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

29 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.