Талдықорған: -4°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ТОҢДЫРДЫ БІЗДІ… «ЖЕТІСУ» ГАЗЕТІНІҢ ЖЕЛТОҚСАНШЫ ЖУРНАЛИСТЕРІ

17.12.2021
ЖАНСАРАЙ
ТОҢДЫРДЫ БІЗДІ... "ЖЕТІСУ" ГАЗЕТІНІҢ ЖЕЛТОҚСАНШЫ ЖУРНАЛИСТЕРІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Тоңдырды мені, тоңдырды сені, Желтоқсан желі – ызғарлы». Желтоқсанның сол күні талайдың өміріне сызат түсірді. Милиция мен алаңға шыққан жастар арасында қақтығыс болды. Сол уақытта «құқық қорғаушылардың» аяғының астында тепкіде қалған қызды көрдім. Бойжеткеннің жансыз бейнесі көз алдымда. Ол әдемі екен. Әппақ. Бірақ, тіршілік белгісі байқалмайды.

Осынау ызғар шашқан күнде алаңда «Jetіsý» газетінің журналистері де жүрді. Олар 1986 жылғы  Желтоқсан оқиғасында намысты таптатпауға тырысты. Соның бірі  газетіміздің қарымды қаламгері Шолпан Жүнісбайқызы. Шолпан – жарық жұлдыз еді. Мінезі өткір. Тумысынан отаншыл, қайраткерлік ұстанымы әр жазбасынан байқалып тұратын.  Бүгінде Шолпанымыз арамызда болмаса да оның ерлік ісін, біз, әріптестері, әрқашан еске алып тұрамыз. Оқиға болған жылы Жұмаділдің перзенті ҚазПИ-дің үшінші курс студенті еді.

Ол 18 желтоқсанда курстастары Дәурен Әбдірахбаев, Әбіл Өтемұратов, Ғалымжан Жұмашев сияқты бір топ студенттермен алаңға барады. Жиналған жұрт пленум шешіміне қарсы екендіктерін білдіріп, ел алдына қоғам қайраткерлері шығып, жағдайды түсіндіруін сұрайды. «Қазақты қазақ басқарсын!» деген ұран көтереді. Бірақ қазақты басып-жаншып отырған басқарушылар бұл жолы да уақытында бәрін тып-типыл етуді ойластырады. Арнайы жасақ жастарды ұрып-соғып, алаңда жүргендерді қашуға үлгертпейді. Фурманов көшесі жағынан лап қойған қарулы милиционерлер мен әскерлер әй-шай жоқ жиналғандарды соққының астына алады.

Шолпан басына тиген ауыр соққыдан шалқасынан құлайды. Бет-аузы көгеріп, қанталап кетеді. Сол кезді еске алғанда Шолпан: «Есім кіресілі-шығасылы. Бір бөлмеге алып келді. Ол жерде фотограф отыр екен. Бір таңданарлығы фотограф мені суретке түсірмеді. Себебі, менің суретке түсетіндей бет-әлпетім жоқ еді. Бет-аузым көгеріп, көзім жұмылып, киімім жыртылған. Суретке түсіргеннің өзінде бұл суретті шығартпайтын еді. Неге десеңіз кеңес империясы жасаған қылмыс тайға таңба басқандай көрініп тұрған», – деп сол кездегі жағдайды саралап, ойын топшылайтын. Сол жерде милиция қатарындағы қазақтың елжанды азаматтары Шолпанға көмек қолын созып, ауруханадан қашып шығуына септігін тигізеді. «Қара тізімге» іліккен Шолпанға оқудан шығуға тура келеді. Әйтпесе, елдің егемендігін аңсаған қыз-жігіттермен бірге оның да темір торға тоғытылуы мүмкін еді. Шолпан сол  басына тиген соққының зардабын кейін де көп тартты. Ержүрек, елжанды, қайсар әріптесіміздің ерлік ісі ұмытылмайды. Әлі талай жазылады.

Облыстың қос басылымы «Jetіsý» мен «Огни Алатау» газеттерінің басын қосқан «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшысының орынбасары, қаламы жүйрік журналист Болат Абаған да Желтоқсан көтерілісінің қатысушысы. Ұлт мүддесі  Бөкеңнің жанды жері. Қаламын жәбір көргеннің намысын қорғау жолында қару етіп келе жатқан қаламгер ел басына сын түскенде топтың алдынан көрінді. Қаламгер сол күнгі жағдайды бүгінгідей еске алады.

«Сағат таңертеңгі он жарымдар шамасы-ау деймін. Фурманов көшесінің жоғары жағынан ақ және сары жолақты, терезелерінің іші торланған он шақты «ПАЗ» автобусы келді. Көтерілісшілерді бұзып-жарып, алаңның ішіне қарай жүрді. Топ арасынан өткенше терезелерінің шынысынан түк қалған жоқ. Алаңға жетісімен сол автобустардан секіріп түскен, малақайының бауын тамағының астынан байлап, оның үстінен баса каска киген, қолдарында резеңке тоқпақтары мен сапер күректерін ұстаған сұп-сұр солдаттар қатарласып сапқа тұрды да, бір алапат дауыспен бізге қарайлап қойды. Екі арада тұрған милицияның өзі қайда қалғанын білмеді. Фурманов көшесінде ентелеп тұрған топпен екі араны бөліп тастады да, жанталаса қашқан біздерді соққының астына алды. Жүздеген жан ешқайда бұлтара алмай қалдық. Мені сол жердегі «Океан» деген балық сататын үлкен дүкеннің алдындағы балапан шыршаларға жете бергенде мұрттай ұшырды. Жан дәрменмен бетімді бүркеп жата қалдым. Соққы жауып кетті. Есімнен адасқандай күй кештім. Бір кезде: «Аға, тұрыңыз, жата берсеңіз өлтіреді», – деген дауысты естідім. Қарасам, милиция мектебінің курсанты екен. Өзі жылап тұр. Ақырын тұрғызып, алып жүрді. Қашуға шама жоқ. Орыс, қазағы, солдаты, милициясы, жасақшысы аралас жазалаушылардың жанымнан өтіп бара жатқаны бас-көз демей қолындағы сойылымен ұрып кетеді. Автобусқа жеткенше бірнеше рет құлатты. Басым жеті жерден жарылып, оң жақ құлақ шекем көгеріп, құлағымның сырғалығы жырымдалып кетті. Құлап жатып, бір ай бұрын ауылдан тіктіріп алған суыр малақайымды ойлаймын. Ұшып кетсе еңбектеп жүріп тауып аламын. Ақыры автобусқа әкелді. Ішіне енгізді. Қып-қызыл ала қан, жарылған бас, сынған қол, ісінген көз, жырылған қабақ… Сол кезде бірден бес автобусты аузы-мұрнынан шығара толтырып, Фурманов көшесімен ала жөнелді. Екі автобуста қыздар болса, үшеуінде жігіттер. Қазіргі әл-Фараби даңғылына жетіп, оңға бұрылдық. Сол сәтте  үшінші әлде төртінші автобустың есік-терезесін быт-шыт қылған жігіттер қашты. Біздегі ашынғандар да айғайға басып, құтылуға шақырды. Автобустың алдыңғы және артқы есіктерінде екі-үштен тұрған милициялар да сасқалақтап қалды. Алдыңғы есіктегі түрі қазаққа келіңкіремейтін капитан: «Жігіттер, қызбаланбаңдар, қазір барлығыңды босатамыз. Бірақ алаңға қайта оралушы болмаңдар», – деді. Сөзінде тұрды, шамамен алғанда, қазіргі Байтұрсынов көшесімен қиылысатын тұста автобусты тоқтатып, барлығымызды түсірді. Бір жігіттің қалтасынан түсіп қалған студенттік билетін де қолына берді», – дейді ызғарлы күндерді еске алған Болат Абаған.

Жаралы топ бір-бірін сүйемелдеп, қалаға қарай жылжыған. Көшедегілердің барлығы бұларға қасқыр көргендей қарайды. Тәлтіректеп жүріп, Сәтпаев көшесіне жете бергенде Абай көшесі жақтан тапаншаларын тарсылдата, иттерін арсылдата қуып келе жатқандарды көрген Болат Абаған қайда тығыларын білмей жанталасады. Одан кейін тағы да тас-түнек орнаған. Есінен танған. Тағы да соққы жеген. «Бір есімді жисам, Мечников пен Құрманғазы көшесінің қиылысында бағанға сүйеніп тұр екем. Бір такси зыр етіп келіп, қасыма тоқтай қалды. Еңгезердей мұртты қазақ жігіті қолтығымнан демеп отырғызды да, қайда апару керегін сұрап білісімен ызғыта жөнелді. Ақша да сұраған жоқ. Мені қақпадан кіргізді де қайта кетті», – дейді Болат ағамыз ақтарылып.

Міне, Желтоқсанның ызғарлы күнгі естелігі 35 жыл өтсе де санада жаңғырады. Жан-жарасының сызы кетер емес. Жастар армандаған тәуелсіздіктің таңы атты. «Jetіsýdyn» қос тілшісі азаттықтың ақ таңын атырушылар қатарында. Тәуелсіздік тұғырлы болғай!

Гүлжан ТҰРСЫН

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.