Талдықорған: +11°C
$ 474.04
€ 555.01
₽ 6.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЕЛІМ ДЕП КЕЛГЕН ҚАНДАСТАР ЖИНАЛЫП, ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ДӘРІПТЕДІ

11.12.2021
ТҮПСАНА
ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЕЛІМ ДЕП КЕЛГЕН ҚАНДАСТАР ЖИНАЛЫП, ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ДӘРІПТЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Азат елде азаматы ержеткен қазақ халқының тарихы бір арнаға тоғысып, тағдыры бір мақсатқа бұрылды. Боз көдесі мен жусанын самал желі тербеген кең сахараның бедерлі тұсына көшіп келген қандастар шаңырағын тігіп, уығын қадады. Тарихи Отанына үлкен махаббатпен бет түзеген сол қандастарымыз қоғамның әр саласынан өз орындарын тауып, ел іргесінің нықталуына, Отанының гүлденуіне қал-қадірінше өз үлестерін қосып, жұртына ілкімді ісімен танылды. Осының бәрі — Тәуелсіздіктің жемісі.

Ұлық мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында біз атап өткен, қоғамда өз орнын тапқан қандастарымыздың басын қосқан «Тәуелсіздіктің көш-керуені» атты салтанатты кездесу кеші өтті. «Дөңгелек үстел» форматында өткен рухани шараға облыстық басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері мен қандастарымыз қатысты.

Тәуелсіздіктің көшкеруені Елбасының «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында жүзеге асып, республикамызға 1,5 миллион, оның ішінде жұмақ мекен Жетісу өлкесіне 218 мыңға жуық қандасымыз келіп қоныстанған. Бүгінде солардың дені ұлт руханиятына, дәстүрлі өмір салтына байырғы бабалардан бері сақталған саф қағидаттарын енгізіп, өмірде өз орындарын тапты. Азаматы ұланға айналып, еркін елдің аспанында берекелі ғұмыр кешуде. Аталмыш жиын барысында шараның мақсат-міндетін түсіндірген облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім» орталығының директоры Жандарбек Бұлғақов зиялы қауым өкілдерін таныстырып өтті.

Жиында алғашқы болып Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов сөз алды. Ол:

– Қазақ халқы талай дүрбелеңді бастан кешірді. Ата-бабаларымыз жүріп өткен көн сүрлеу бүгінде тәуелсіздіктің даңғылына айналды. Егеменді еліміз дүние жүзіндегі қазақтардың бірлігін бекемдеді. Тамыры терең тарих куә! Өзінің дербес мемлекеті жоқ аз ұлттар мен ұлыстар немесе жер бетінен жойылып кеткен, тарих жадында ғана сақталған этникалық топтар да бар. Сарабдал саясаткер Елбасымыз сол кездегі әлі де әлсіз, жас мемлекетіміз үшін негізгі қауіптің бірі – демографиялық ахуалдың нашарлау екенін анық түсінді. Осындай бұлыңғыр, аумалы уақытта 1991 жылғы 28 қыркүйекте Түркияда тұратын қазақтармен кездесу барысында бірінші рет қандастардың тарихи Отанына оралуы керек деген Үндеуін тастаған болатын, – деп көшкеруеннің түпкі мақсатын, бастауын баяндамасында айшықтап өткен Рахмет Разбекұлы тарыдай шашырап кеткен қазақтардың тарихи Отанына оралуы Елбасының сұңғыла саясатының нәтижесі, Тәуелсіздіктің жемісі екенін асқақтата атап өтті.

Өз кезегінде 1991 жылы Моңғолия елінен атамекендеріне көш бастаған Сағат Заханқызына сөз кезегі берілді. Атажұртына оралудың оңтайлы жолын тауып, көшті бастап, ұйымдастырған Сағат Заханқызы мен Аятхан Тұрысбекұлы облыс әкімінің марапатына ие болып, иықтарына шапан жабылды.

Облыс бойынша «Қандастар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрметбек Сансызбайұлы Жетісу жеріне қоныстанған ұлы көш керуені мен қандастарымыздың ортаға бейімделу үрдісі жайында арнайы баяндама жасады. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аслан Көбентаев, қандастар атынан Қалқаман Ерболат сөз алып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Кездесу барысында Отанға ат басын бұрған қандастарымыз Сейітәлі Қабидін, Халық Бақыт, Тұрды Анар, Серік Мейіржанға  Қазақстан Республикасының азаматтығы берілді. Үш айдың ішінде азаматтық алған жандарға жеке куәліктері мен шетелге шығу төлқұжаттарын облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Р.Есдәулетов салтанатты түрде табыстады.

Кездесу соңы тағы бір шараға ұласып, Қ.Сансызбайұлының «Қазақ құндылығы ұлт ұлылығы», «Жылнама жырлары» атты екі кітабының тұсаукесері өтті. Ішкі саясат басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, облыстық «Jetisy» газеті бас редакторының орынбасары, ақын Нүсіпбай Әбдірахым, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жүкел Қамай қос кітаптың тұсаукесер рәсімін өткерді.

Өз кезегінде облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Оралбек Жақиянов автордың иығына шапан жапса, Нүсіпбай Додабайұлы қос кітаптың құндылығы, жастарға берер тағылым-тәлімі туралы сөз қозғап, автор шығармашылығы жайындағы ойын ортаға салды.

Елдік пен ерлік, ынтымақ пен бірлік сөз етіліп, көшкер­уен жайлы жылы дүниелер айтылған осынау тағылымды шара соңында 20 қандасымызға  облыс әкімінің, «Nur Otan» партиясының Құрмет грамотасы және Алғыс хаттары табысталды.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда ауыр атлетикадан ел чемпионаты басталды

Жетісуда ауыр атлетикадан ел чемпионаты басталды

14.05.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия бизнес форумына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия бизнес форумына қатысты

14.05.2026
Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

14.05.2026
2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау анықтамасы

2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау анықтамасы

14.05.2026
Іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар жоспары

14.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.