Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Ашық дереккөз

WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында мәдениет нысандарына деген қажеттілікті жан-жақты зерделеу, өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелерінің көтерілуі біз үшін ерекше маңызды. Себебі мәдениет қоғамның рухани дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Ал театр, кітапхана, музей мен шығармашылық орталықтар халықтың рухани сұранысын қанағаттандыратын, ұлттық құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін маңызды мекемелер.

Президенттің келесі жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялау бастамасы аясында мәдениет нысандарын салу және жаңғыртуға басымдық берілуі құптарлық шешім деп есептеймін. Бұл әсіресе өңірлік мәдениет ұйымдарының дамуына тың серпін береді. Өйткені мәдениеттің дамуы тек ірі қалалармен шектелмеуі керек. Әрбір өңір мен ауыл тұрғындары сапалы мәдени қызметке қол жеткізуге тиіс.

Театр туралы айтқанда материалдық-техникалық базаны нығайту, сахналық жабдықтарды жаңарту, заманауи технологияларды енгізу мәселелерін де назардан тыс қалдырмауымыз қажет. Театрдың дамуы тек ғимараттың жағдайымен өлшенбейді. Ең бастысы шығармашылық ұжымның әлеуеті, кәсіби мамандардың біліктілігі, көрерменге ұсынылатын туындының көркемдік деңгейі. Сондықтан инфрақұрылымдық жаңғыру шығармашылық дамумен қатар жүруі керек.

Жолдауда жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамытуға, соның ішінде креативті индустрия өкілдерінің осы үдеріске белсенді қатысуына ерекше мән берілген. Бүгінде өнер мен технологияны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Театр өнері де заман талабына сай жаңа ізденістерге бет бұруы қажет. Цифрлық мүмкіндіктерді көрерменмен байланыс орнатуда, спектакльдерді насихаттауда, шығармашылық өнімді кеңінен танытуда тиімді пайдалану маңызды. Дегенмен қандай технология дамыса да, театрдың басты құндылығы  тірі өнер, актердің шынайы ойыны мен көрермен арасындағы рухани байланыс болып қала береді.

Тағы бір маңызды мәселе жас шығармашылық мамандарды қолдау. Бүгінгі жас режиссерлер, драматургтер, актерлер мен суретшілерге өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасауымыз керек. Олардың жаңа идеяларына жол ашып, кәсіби тұрғыда қалыптасуына мүмкіндік беру отандық өнердің болашағына салынған инвестиция.

Біздің міндетіміз ұлттық өнердің дәстүрін сақтай отырып, оны жаңа заманның көркемдік тілімен байыту. Театр сахнасында қойылған әрбір шығарма көрерменді ойландыруы, қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғауы, адамгершілік пен ізгілік құндылықтарын дәріптеуі керек. Өйткені театр тек қойылым көрсететін орын емес, ол қоғамдық ой мен рухани тәрбие қалыптасатын орта.

Президент Жолдауында белгіленген міндеттер мәдениет саласының алдында жаңа мүмкіндіктермен қатар үлкен жауапкершілік те тұрғанын көрсетеді. Осы бағыттағы бастамалар жүйелі жүзеге асса, өңірлік мәдениет ұйымдарының әлеуеті артып, ұлттық өнеріміздің дамуына берік негіз қаланады деп сенемін.

Ерлік ЖУАСБЕК
Б.Римова атындағы академиялық
драма театрының директоры,
мәдениет саласының үздігі
                                                  

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.