Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
КҮНДЕРЕК
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда төрелік ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру, олардың ашықтығын арттыру және азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту ұсынылды. Бұл мәселелер «Әділет» партиясы мен Құрылтайдың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті бірлесіп өткізген дөңгелек үстелде талқыланды. Жиында «Төрелік туралы» заңға енгізілетін өзгерістер қаралды.

Дөңгелек үстелге «Әділет» партиясының өкілдері, Құрылтай депутаттары, мемлекеттік органдардың, Қазақстанның Төрелік палатасы мен төрелік орталықтарының өкілдері, заңгер ғалымдар және сарапшылар қатысты.

«Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов өзгерістер енгізу қажеттігін сот тәжірибесі де көрсетіп отырғанын атап өтті. «Төрелік» ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, 2023–2025 жылдары соттарға төрелік шешімдердің күшін жою туралы 2 844 арыз түскен.

Ұсынылып отырған заң жобасы үш негізгі бағытты қамтиды. Біріншісі – төрелік ұйымдардың ашықтығын арттыру, бірыңғай тізілімдер құру және олардың қызметін жүйелеу. Екіншісі – төрешілердің кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігіне қойылатын талаптарды күшейту. Үшіншісі – азаматтардың құқықтарын қорғау, оның ішінде төрелік келісімдердің ерікті түрде жасалуын қамтамасыз ету. Бұл ретте жаңа талаптар төрелік ұйымдардың тәуелсіздігін шектемей, олардың қызметіне артық әкімшілік және қаржылық кедергілер туғызбауға тиіс, – деді Нұрсұлтан Байтілесов.

Ал, Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Евгений Больгерт заң жобасын әзірлеу ісіне азаматтар мен кәсіпкерлер тарапынан көтерілген мәселелер негіз болғанын атап өтті.

Біздің мақсатымыз – төрелік қызметке араласу немесе оның дербестігін шектеу емес. Алайда азаматтар мен кәсіпкерлердің өтініштерін назардан тыс қалдыруға болмайды. Сондықтан сарапшылар мен кәсіби қауымдастық өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасын жетілдіру жұмысын жалғастырамыз, – деді Евгений Больгерт.

Жиында Қазақстанның Төрелік палатасының өкілеттіктерін кеңейту, төрешілерді даярлау және сертификаттау, олардың кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мәселелері де көтерілді. Қатысушылар жаңа талаптар тараптардың төрешілерді еркін таңдау құқығын шектемеуі және төрелік ұйымдардың дербестігіне нұқсан келтірмеуі керектігін атап өтті.

Дөңгелек үстел қорытындысында айтылған ұсыныстарды жүйелеп, заң жобасын одан әрі пысықтау барысында ескеру жоспарланды.

Дереккөз: «Әділет» партиясы

Қатысты жаңалықтар

Мың алғыс, абзал жандар!

Мың алғыс, абзал жандар!

Бүгін, 13:29
Туған жерін түлеткен

Туған жерін түлеткен

Бүгін, 13:20
Сарқан ауданында 50 млрд теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Сарқан ауданында 50 млрд теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Бүгін, 12:50
Қапалдан қытайға дейін (Джон Масси Стюарттың «Томас, Люси және Алатау» кітабы желісімен)

Қапалдан қытайға дейін (Джон Масси Стюарттың «Томас, Люси және Алатау» кітабы желісімен)

Бүгін, 12:16
Әлемдік мұралар тізімі: Қазақстан Азия елдері арасында үздік жиырмалыққа енді

Әлемдік мұралар тізімі: Қазақстан Азия елдері арасында үздік жиырмалыққа енді

Бүгін, 12:15

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.