Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының бүгінгі күндегі көрсеткіштері көңіл қуантады. Елбасы бастамалары мен мемлекеттік бағдарламалардың арқасында, Мемлекет басшысының сол істі жандандырып, жалғастыруының нәтижесінде көптеген шаруа атқарылды. Атап айтар болсақ, осы 30 жылдың ішінде «Индустриялды-инновациялық даму», «Жұмыспен қамту жол картасы», «Нұрлы жер», тағы да басқа бағдарламалар шеңберінде жаңа жұмыс орындары құрылып, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жобалар өз деңгейінде жүзеге асты. Білім беру, денсаулық сақтау саласында күрделі жөндеу жоспарланған нысандардың дені аяқталып, тұрғындарды баспанамен қамту ісі де қарқын алды. Аймақта өңдеу өнеркәсібі облыс экономикасын дамытудың локомотивіне айналды деп толық сеніммен айта аламыз.
Расында, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы нарықтық экономикаға көшу кезінде ауылшаруашылығы саласы да көптеген жетістігін жоғалтып алғаны анық. Алайда содан бергі уақытта Елбасының сарабдал саясаты, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жақсы жетістікке қол жеткіздік. Аймақтың ел бойынша қант қазылшасы, майбұршақ, жүгері, көкөніс, картоп, ет, жұмыртқа, жүн өндіруде алдыңғы қатардан көрініп келе жатқаны, жүзім мен сүт өндіруде екінші орын алатындығы да ауыл мен мал шаруашылығы саласындағы бәсіміздің биіктігін білдіреді. Бүгінгі таңда облыстағы өнеркәсіптік әлеуетті өркендетуге ден қойып отырған екі мыңнан аса кәсіпорнының 82 пайызы агроөнеркәсіп кешенінің еншісінде. Биыл облыс ауылшаруашылығының жалпы өнімі 1 трлн. теңгеден асады деп болжануда. Демек, ел тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуде көш басында тұрмыз деп айтуға болады. Биылғы ауылшаруашылығы саласындағы көрсеткішімізден отыз жылда қандай жетістікке жеткенімізді көруге болады.
Ағымдағы жылы облыста агроөнеркәсіпті дамытуда да айтарлықтай істер атқарылған. Өңірде барлығы 117 мал бордақылау алаңы және 84 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді, соның есебінен ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 72 пайызға, сүт зауыттары 85 пайызға жеткен. Агроөнеркәсіп кешенінің қайта өңделген өнімдерінің экспорты 25 пайыз өсіп, 97 млн. АҚШ долларын немесе жалпы агроөнеркәсіп кешені экспортының 73 пайызын құраған. Жыл соңына қарай ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі алғаш рет бір триллион теңгеден асады деп болжануда.
Ауылшаруашылығы дақылдары алқабы биыл 972 мың гектарға жетіп, оның ішінде қант қызылшасы 16 мың, жүгері 95 мың, картоп 40 мың гектардан асқан. Облыс әкімдігі 2025 жылға дейін қант қызылшасы алқабын 53 мың гектарға дейін ұлғайту есебінен өндіріс көлемін екі миллион тоннаға дейін жеткізу жөнінде ауқымды міндет қойып отыр. Ол үшін жалпы өңдеу қуаты жылына 1 млн. 100 мың тоннаға Көксу және Ақсу қант зауыттарын жаңғырту жоспарланған.
Биыл 95,8 мың гектар дәндік жүгері жиналып, 654,8 мың тонна өнім алынса, орташа өнімділік 68,4 центнерді құрады. 12 мың гектар қант қызылшасы қамбаланып, 328,1 мың тонна өнім жиналды, орташа өнімділігі 272,7 центнерден айналды. 108,1 мың гектарға егілген күздік дақылдар да ысырап етілмей жиналды. Келесі жылға қажетті күздік және жаздық дәнді дақылдар, картоп, азықтық дақылдар тұқымы қамбаға құйылды.
Облыста қызылша, жүгері, картопты қалпына келтіруді қолға алып, жеке шаруа қожалықтарын заманауи үлгідегі техникамен қамтамасыз ету ісі де жүйелі жүргізілуде. Оған 11 миллиардтан астам қаржы бөлініп, техникаларды лизингке алып беру үрдісі жоғары деңгейде атқарылуда. Алдағы уақытта облыста екі сервистік орталық ашылмақ, ол жайлы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаржы бөлу мәселесі қаралғанын білеміз.
Балқаш ауданында Кеңес одағы кезінде 10 мың гектар жерге күріш егілетін. Қазір су жетпеу салдарынан оның көлемі 7-8 мың гектарға азайғаны байқалады. Қазіргі таңда күріш алқаптарына су жеткізудің баламалы тәсілдері қолға алынып, егістікке су жеткізудің, су көлемін көбейтудің шаралары қарастырылып жатыр. Соған орай күріш алқабын кеңейту қолға алынуда. Ал, Қаратал ауданында 2-3 мың гектар күріш алқабы бар. Оны қызылша алқаптарымен алмастыру жұмыстары жүруде.
Бүгінде Жаркент крахмал-сірне зауытында Индустрияландыру картасы шеңберінде жүргізілген жаңғырту жұмыстарынан кейін қалдықсыз өңдеу циклі құрылған. Соның нәтижесінде өңдеу қуаттылығы 20 мыңнан 90 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Қазір онда өнімнің 27 түрі шығарылады. Облыста интенсивті бақтарды дамытуға ерекше көңіл бөлініп, алқаптан сөреге дейінгі кластерлік негізде жұмыс істейтін компаниялар қазірдің өзінде бар. Жалпы, өңірдегі бақтардың көлемі 22,4 мың гектарға жетсе, соның 2,1 мың гектары – апорт алмасы. Олардың өнімдері Қытай, Пәкістан, Иран секілді шетелдерде айтарлықтай сұранысқа ие.
Бүгінде жылыжай көкөніс шаруашылығында компьютерлік гидропоника жүйесімен басқарылатын «Дат» технологиясы қолданылады, ол судың, минералды тыңайтқыштардың, пісу мерзіміне сәйкес келетін ауа ылғалдылығының қажетті мөлшерін көрсетеді. Облыста ауданы 24,3 гектар немесе жалпы көлемі 25 пайызын құрайтын 6 заманауи автоматтандырылған жылыжай кешені жұмыс істейді.
Облыс аумағындағы барлық су қоймасына келген, жиналған судың деңгейі мен көлемі тұрақты бақылауға алынған, мемлекеттік меншіктегі 48 су қоймасының 8-і транзиттік режимде жұмыс істейді. Аталған су қоймаларында жинақталған судың көлемі олардың жобалық сыйымдылығының 23,8 пайызын құрайды. Өткен жылы су үнемдеу технологиясы 1900 гектарға енгізілді (2019 жылы – 17257 га. 2020 жылы – 19158 га.). Сонымен қатар, облыстың суармалы егістігінің 4 пайызы ғана озық технологиялармен қамтылған. Ағымдағы жылдан бастап «Жетісу «ӘКК «РИР»АҚ қатысуымен Ескелді, Көксу және Ақсу аудандарында 340 гектарға тамшылатып суаруды енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.
2030 жылға қарай суармалы жер көлемін 3 миллион гектарға дейін ұлғайту туралы Елбасының және Президент Жолдауындағы тапсырмалары аясында облыс бойынша 138 мың гектарды қалпына келтіру жоспарлануда. Соңғы үш жылда айналымға 39 мың гектар бұрын шығып қалған суармалы жер тартылған. Ағымдағы жылы 14 мың гектарды қалпына келтіру үшін 6,3 млрд. теңгеге ирригациялық құрылыстарға күрделі жөндеу жүргізілуде. Ислам даму банкі есебінен Ескелді және Ақсу аудандарында суару желілерін қайта жаңарту жалғасуда.
Өткен жылдармен салыстырғанда аймақта мал мен құс саны орта есеппен 2 пайызға өскен. Облыста 1,3 млн. бас ірі қара мал, 4,5 млн. бас қой-ешкі бар. Мал шаруашылығында 28 цифрлық шаруашылық жұмыс істейді, 20 тауарлы-сүт фермасы, 2 бордақылау кешені және 6 құс фабрикасы. 6 мың басқа арналған «Арқарлы Майбүйрек» ЖШС және «Байсерке Агро»ЖШС» электр қоршаулары» күн панельдері арқылы табынды жаңа технология қолданады. Осы шаралардың барлығы ауылшаруашылығындағы жалпы өндірістің 2,3 пайызға, еңбек өнімділігінің 6,4 пайызға өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Малдың тұқымын асылдандыру және мал өнімдерін қайта өңдеу ісін өз деңгейінде жүзеге асыру үшін қазір жүз жылдық тарихы бар «Бауман» атты неміс компаниясымен жұмыс жасап, «Жетісуқой» атты бірлескен кәсіпорын ашылды. Оларға жер телімін бөліп, ин-фрақұрылым жүргізілді. Жоба аяқталуға жақын, сараптамадан өткен соң жұмыс басталады. Ол арқылы шикізатты емес, өндірілген өнімді Қазақстан атынан экспортқа шығаруға жол ашылады. Өкінішке қарай, облыста ет мол өңделеді, бірақ шетелге шығару талабына сай келмейді. Осы бағытта да «Бауман» компаниясының тәжірибесін меңгеру қажеттігі туындап тұр. Сондай-ақ, балық өңдеу мақсатында «Арна» индустриялық аймағында 67 млн. теңгелік зауыт құрылысы басталды. Онда өндірілген өнімнің 50 пайызы экспортталатын болады. Бұдан басқа да осы сынды бірқатар жобалар жүзеге асуда. Мал қыстауы үшін облыс жемшөппен толық қамтамасыз етіліп, биыл 5,3 млн. тонна азық дайындалған. Маңғыстау облысының зардап шеккен фермерлеріне гуманитарлық көмек ретінде 54 вагон шөп жіберілген.
Бүгінгі таңда облыстағы егін, мал және құс шаруашылығын цифрландыру бағытында қарқынды жұмыс жүргізілуде. Сүтті бағытта мал шаруашылығымен айналысып отырған «Амиран» ЖШС Америка-Германия технологиясы бойынша Қазақстанда салынған алғашқы кешен. Сондай-ақ, американдық «Baumatic» компаниясы «Параллель» сүт қондырғысы, «Алматы» АШӨК-тің сүт фермасы Германияның, «Адал» АШӨК АҚ-ның сүт фермасы тиімділігі жоғары және жетілдірілген озық технологиялық сүт сауатын «Мilkline 24*24=48», «Каримов» ЖК мен «Байсерке Агро» ЖШС сүт фермасы және Табыс» ШҚ сүт кешеніндегі асыл тұқымды сиырлар швециялық «Деловал» фирмасының сүт сауатын роботтық қондырғылары арқылы автоматты түрде сауылуда. Бұл өз кезегінде сүтті бағыттағы мал түлігінен алынатын шикізаттың сапасын сақтау мен экологиялық тазалығына қол жеткізуге мүмкіндік беруде. Етті мал шаруашылығы бағытында «Арқарлы Майбүйрек» ЖШС 2014 жылы Австралия мемлекетінен 5615 бас ангус және герефорд асыл тұқымды ірі қара мал басын әкеліп, қазіргі таңда 15433 басқа көбейді. Заман талабына сай күн сәулесін пайдалану арқылы электрленген қоршау ішіндегі малдар еркін жайылып, үнемі бақылауда. «Алипов» ШҚ ірі қара малын «Электр қоршау» арқылы жайылымда бағу тәсілін пайдалануда. Бұл мал жайылымын тиімді пайдаланып, көлемі аз жерден құны төмен және сапасы жоғары мал азығын дайындауға мүмкіндік береді.
Егіс алқаптарын цифрлы технологияға көшіру бағытында «Амиран» ЖШС-де американдық «Зиматик» жаңбырлатқыш жүйесі, «Баймене» ЖШС-де Израиль мемлекетінің «Мастер Пласт» компаниясының технологиясымен жабдықталған тамшылатып суғару әдісі қолданылуда. Жылыжай бағытын дамыту мақсатында «Грин Эко» ЖШС 1,3 гектар алқапқа өндірістік типтегі, жаңа Дат технологиясымен гидропоникалық, компьютерлік жүйемен басқарылатын жылыжай кешенін құрды. Қант қызылшасының жиын-терін жұмыстары «Франц-Кляйн» комбайндары арқылы жүргізілуде. Облысымызда аталмыш комбайндардың 14 данасы тіркелген. Осы комбайндардың адам күшін алмастыруына байланысты еңбек өнімділігі 6 есеге өсті.
Дәнді, бұршақ, жүгері дақылдарын егетін «Оптима» және «Моносем NG+» маркалы 13 дана нақты себу сепкіші, жиын-терін жұмысын жүргізуде аймақта жоғары технологиялық 380 дана «Джон-дир», «Кейс», «Нью-холланд», «Сампо» маркалы комбайндар тіркелген. Осы техникалар астық дәндерін жоғалтуды 12 пайызға қысқартты. «Алатау агро Инвест» ЖШС, «Tengry Project Development» ЖШС, «Тулеметов» ШҚ, «Жеңіс и Партнеры» ЖШС Израиль технологиясымен бақ өсірумен айналысуда. Онда судың, минералды тыңайтқыштардың қажеттілігін, мөлшерін өз мерзіміне сай қамтамасыз етіп отыратын компьютерленген жүйе орнатылған. Ауылшаруашылығы өнімдерін сақтау мақсатында жұмыс жүргізетін «Фреш Фруд Казахстан» ЖШС-де 6000 тонналық көкөніс-жеміс сақтайтын қойма немістің ең жаңа «Платен Хард» технологиясымен жабдықталған.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын ұстап тұру мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйегінде Үкімет қабылдаған 2021-2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешені іске асырылуда. Тұрақтандыру қорын құрып, жеңілдікпен кредит беру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 1,7 млрд. теңге бөлінген, жалпы сомасы 3,7 млрд. теңгені құрайды. Оның 3 млрд. теңгесі 0,01 пайызбен кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеуге және 700 млн. теңгесі 8,7 мың тонна өнім сатып алуға бағытталған. Бағаны ұстап тұру мәселесі басымдыққа ие болып, қатаң бақылауға алынған.
Келесі жылдың бірінші тоқсанында 4800 тонна көлемінде ӘМАТ форвардтық сатып алуды өткізу үшін қосымша 2,6 млрд. теңге қаражат бөлу жоспарлануда. Осылайша, 9 позиция бойынша, оның ішінде күнбағыс майы мен қарақұмық жармасы бойынша өңір қажеттілігінің 30 пайызын жабатын көлемде тұрақтандыру қорын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, 14 кәсіпкерлік субъектісімен, яғни, «Ақсу қант» зауыты, «Ақсай» ХБК мен «Сардар» наубайханасы, «Когер ЛТД» құс фабрикасы, «Ләззат» сүт зауыты, «Жұмағали» ШҚ сияқты 6 өндіруші кәсіпорын, «Тоймарт» супермаркеттер желісі, азық-түлік өнімдерінің дистрибьюторы және аудан орталықтарындағы 6 азық-түлік дүкенімен жалпы сомасы 1,9 млрд. теңгеге шарттар жасалды. Қазіргі уақытта наубайханаға 1500 тонна ұн және әлеуметтік нан өндіру үшін 1940 тонна бидай сатып алынды. Оған ұсақ наубайханаларды қамтамасыз ету үшін 1 сұрыпты 136 тонна ұн сатып алынды.
Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер негізінде облыстық ауылшаруашылығы басқармасының тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жетістігін бағамдауға болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауында: «Жалпы, ауылшаруашылығы саласының басты міндеті – елімізді негізгі азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету», – деп атап көрсетті. Біз алдағы уақытта Президенттің осы тапсырмасын орындау үшін жан-жақты жұмыс істей бермекпіз.
Мақсұт ЖАПАРОВ,
Алматы облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы





