Талдықорған: +3°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЕЛБАСЫНЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ» МАҚАЛАСЫ ТЕРЕҢ ТОЛҒАНЫСТАН ТУҒАН

6 желтоқсан 2021
КҮНДЕРЕК
ЕЛБАСЫНЫҢ "ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ" МАҚАЛАСЫ ТЕРЕҢ ТОЛҒАНЫСТАН ТУҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

Егемендік бізге оңай жолмен келген жоқ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ­­- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәулсіздік тағылымы» атты мақаласында еліміз егемендікке қалай қол жеткізгені туралы тереңінен толғап, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы оқиғаларымен бөліскен бізге ерекше әсер қалдырды.

Рас, біз «мың өліп, мың тірілген» елміз. Жұртымыз ашаршылықты да, қамау мен атуды да көрді, соғысқа да қатысты. Алайда солардың бірде-бірінде әлсіздік танытып, бас имедік, көкірек тостық, ел мен жер үшін жанды пида еттік. Елбасы өз мақаласында: «Кейде ойлаймын: қазақ деген не деген төзімді халық?! Көнбеске көніп, шыдамасқа шыдаған. Болашағы бұлдыр болған күннің өзінде сағын сындырмай, келешектен үмітін үзбеген. Қиындық атаулыға қасқая қарсы тұрып, үздіксіз алға жылжыған», — деп жаза отырып, жұртымыздың жанкештілігіне деген таңданысын жасырмайды.

Әрине, әр істің негізгі көзі, жетістіктің шыңы – еңбек. Бірлесе еңбектендік, ұжымдасып жұмыс істедік, қиын-қыстауда бір-бірімізді демедік. Тұңғыш Президент еңбектің қоғамдағы рөлі жөнінде де терең ой айтады. «Адамзат тарихына ең қанды қырғын ретінде енген Екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі – Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері, бала болсам да, әлі күнге дейін көз алдымнан кетпейді. Сәби кезімді еске алғанда әр үйден майданға аттанған ағаларым, ер-азаматының орнын жоқтатпай, «Бәрі де жеңіс үшін» деп, бел шешпей еңбек еткен аналарым мен жеңгелерім, қаршадай күнінен өгізге жегілген соқамен жер жыртып, масақ теріп, еңбекпен көзін ашқан қатарластарым еске түседі. Менің еңбек тақырыбына жиі оралатынымның бір сыры да балалығын соғыс ұрлаған сол ауыр күндерден қалған естелікте болса керек. Адамды қандай қиындықтан да аман алып шығатын құдірет еңбек екенін мен сәби кезімнен-ақ сезіндім. Кейінгі жастарға үнемі «Еңбек ет, отбасыңды асыра, еліңе қызмет қыл: өзің де табысты болып, Отаныңның да қуаты артады» дейтінім сондықтан», — дейді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Тәуелсіздіктің арайлы таңын көріп, бақытты, баянды өмір сүріп жатқан біз, шын мәнінде, бақытты ұрпақпыз. Елбасы атап өткен оқиғалар тізбегі мен ондағы әр іс кейінгіге үлгі. Біз өз егемендігіміздің қадірін жете түсіне білсек, алынбайтын қамал, еңсермейтін қиындық жоқ. Кейінгі жастар Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, қадірін білуі үшін осы мақаланы мұқият оқып шығуы тиіс дер едім. Тұңғыш Президентіміз Тәуелсіздік туралы толғанысында бүгінгі қоғам тынысына ең қажетті дүниелерді дәп басып, саралай білген. Мақаланың құндылығы да осында жатыр.

Аманжол ЖАЗЫҚБАЕВ,

«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты,

«Жетісу — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

30 қазан 2026
Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

30 қазан 2026
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

29 қазан 2026
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

29 қазан 2026
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

29 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.