Талдықорған: +10°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ МЕКТЕП ДАУЫНАН КЕЙІН ГАЗЕТКЕ СҰХБАТ БЕРДІ

26.11.2021
ЭКОНОМИКА
ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ МЕКТЕП ДАУЫНАН КЕЙІН ГАЗЕТКЕ СҰХБАТ БЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талғар ауданында ауылшаруашылығы түрленіп, өнеркәсіп өркен жайып келеді. Көрсе көз тоятын көркем табиғаты да отандық туризмді дамытудың қайнар көзі. Екі жүз мыңнан асатын халқы бар Талғар өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында аудан әкімі Қайдар ӘБДІХАНОВПЕН сұхбаттасқан едік.

–  Қайдар Әлиханұлы, қастерлі де қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына талғарлықтар қандай жарқетпе жаңалықтармен жетпек?

– Айтулы мерекеге орай талғарлықтарға ең үлкен тарту 1200 орынды жаңа мектептің пайдалануға берілуі болмақ. Бүгінгі күні ауданда үшауысымды мектептер саны 7-ге жетіп отыр. Бұл күрделі мәселе. Осы жүктемені азайту мақсатында іргесі қаланған жаңа мектепке Талғар қаласындағы үшауысымдық №1 орта мектеп пен үш ауысымның алдында тұрған бала саны өте тығыз №2 және №3 орта мектептің оқушылары оқиды деген жоспар бар. Сондай-ақ, ата-ана келісімімен жаңа мектепте оқығысы келетін оқушылар қабылданады.

Биыл ауданымызға тартылған инвестиция көлемі 85 млрд.теңгеге жуықтап қалды. Жоспар 100 пайызға орындалмақ. Бұл да ауданымыздың тәуелсіз ел дамуына қосып отырған сүбелі үлесі саналады.

– Жаңа айтып өткеніңіздей, үшауысымдық мектептерді жоюда тағы қандай жоспарлар бар? Мектеп салу ісі мұнымен тоқтап қалмас.

– Талдыбұлақ ауылында үшауысымдық мектеп бар. Сол ауылдан жаңа мектеп салу үшін мемлекеттік бюджеттен жер сатып алуға 80 млн. теңге бөлінді. Алдағы жылдары 1200 орынды жаңа мектеп құрылысын бастау жоспарда тұр. Бұған қоса Жаңалық, Жалғамыс, Айғаным мен Қызылту ауылдарына жаңа мектеп салу жоспарлануда. Жалпы, алдағы екі-үш жылда Бесағаш, Тұздыбастау, Гүлдала, Байбұлақ, Амангелді ауылдарын қосқанда 9 жаңа мектеп салу көзделген. Бұл мектептерді салуға «Базис-А», «Bi-Group» сынды ірі компаниялар ұсыныс жасауда.

– Елімізде туризм саласын дамытуға баса көңіл бөлінуде. Талғардың тамаша табиғатын отандық туризм индустриясын дамытудың қайнар көзі деуге болады.

– Туристік кластерді қалыптастырудың ұзақмерзімді бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жетісудың көрікті жерлерін тамашалауға ниетті туристерге қолайлы орта қалыптастырудың бір жолы – автомагистральдар салу. Бүгінгі күнге Бірлік – Ақбұлақ жолының енін 30 метрге дейін кеңейту көзделуде. Жалпы, ауданымызда туристік бағыттағы «Ой-Қарағай» этномәдени паркі, «Ғұндар» этноауылы, «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешені, «Тау-Табаған» тау-шаңғы курорты, басқа да жеке кәсіпкерлердің туризмге бағытталған демалыс орындары талапқа сай дамып келеді.

«АИБА» бокс академиясына қарасты 800 гектар жер аумағына тағы 200 гектар жер қосылып, мың гектар аумаққа туристік кластермен үлкен жоба жүзеге асырылмақ. Алдағы жылы онда шамамен 500 млрд. теңгені құрайтын мекеменің іргесі қаланбақ. Бұған кәсіпкерлер бүгіннің өзінде бетбұрыс жасап, қызығушылықтары артуда.

– Инвесторлар қай салаға қызығушылық танытуда?

– Жекеменшік мектеп ашуға ұсыныс көп. Осыдан біраз уақыт бұрын кореялық кәсіпкерлер Талғар қаласынан заманауи үлгідегі медициналық орталық ашуға ұсыныс жасаған еді. Карантиндік шектеулерге байланысты тоқтап қалған сол жобаны қайта жылжыту ойымызда бар.

Содан кейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізде біраз мәселелерге ұсыныс жасалуда. Соның бірі Талғар қаласына «Хуавей» компаниясымен келісімшарт жасасып, құны 8 млрд. теңгені құрайтын, берісі бес жүз, арысы бір жарым мың бейнебақылау камераларын орнату жұмыстарын жүзеге асыру жоспарлануда. Себебі, бейнебақылау камералары көптеп орнатылса қоқысты көрінген жерге, тіпті, өзенге лақтыруға тосқауыл қойылып, бұзақылық әрекеттерге тыйым болар еді.

21 функциясы бар, мүмкіндігі өте мол бұл камераларды ауылдық округтерге де орнату жолдары қарастырылуда.

– Талғарлықтар үшін өткір де өзекті мәселе ауызсу ғой.

– Осы түйінді тарқату мақсатында жерасты суын пайдалану үшін ірі жобалар жүзеге аспақ. Биыл 16 млн. теңге жерасты су резервін зерттеуге бөлінді. Ол үшін 4 су ұңғымасын салу қарастырылған. Оның бірі Еңбекші ауылының маңына, екеуі Рысқұловтағы 2 су қоймасына қойылады. Тау жақтан тағы бірі туристік кластерге бөлінбек. Төрт су қоймасы салынатын болса, Талғар мен Бесағашқа дейінгі ауылдар судан таршылық көрмейтін болады. Яғни, жазда халықты жерасты сумен қамтамасыз етсек, қыста ашық су көздерінен алатын болады. Сонда су желілеріне де жеңілдік жасалады. Осы жобалар жүзеге асқанда Алматы маңындағы ауылдардың 90 пайызы төменгі тарифпен ауызсу пайдалануына мүмкіндік туады.

Бұдан кейінгі тағы бір проблема – су құбырлары 1975 жылдан бері жаңартылмаған. Қарашаның аяғында қорғау болады, қаладағы 248 шақырым су құбырларын жаңартуға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізде жұмыс жасауға ниетті инвесторлар тартылмақ. Кәріз жүйелері бойынша да нақты іс-шаралар жүзеге асатын болады.

– Қайдар Әлиханұлы, өзіңіздің бір сұхбатыңызда «Талғарды жасыл қалаға айналдыру – басты арманым» деген едіңіз. Мақсатыңыздың жүзеге асуында қандай жұмыстар атқарылды?

– Бұл ойым өзгерген емес. Қаланы көркейтуге күш салудамыз. Әсіресе, көшеттер отырғызып, көгалдандыруда көп жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, осы жылы қала әкімшілігі коғамдық жұмыскерлер күшімен Абылайхан, Қарасай батыр, Рысқұлов, Қонаев көшелері мен көпқабатты үйлердің аумағындағы арнайы дайындалған алаңдарға жалпы саны 1630 көшет ағашын отырғызды. Олардың ішінде алма, өрік сынды жеміс ағаштары мен үйеңкі ағашы бар. Сонымен қатар, Асфендияров, Курганка және Ломоносов көшесінің бойындағы арнайы орындарға жалпы саны 30 емен ағашын, 900 қарағаш ектік. Алдағы жылы Талғар қаласындағы «Бозторғай», «Мелиоратор» және жаңа ықшамаудандарына жалпы саны 1000 түп жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр.

– Аграрлық салада атқарылған жұмыстар жайына да тоқталып өтсеңіз. Биылғы құрғақшылықтан өнім көлемі кеміп қалған жоқ па?

– Ауданның агроөндірістік кешенінде 2,5 мың ауылшаруашылық құрылымы тіркелген, онда 11 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Бүгінгі күні 64,7 мың тонна дәнді дақылдар (14,1 мың га жиналды), 10,2 мың тонна майлы дақылдар (4,6 мың га), 4,4 мың тонна бақша дақылдары (220 га), 89,8 мың тонна көкөніс (2,7 мың га), 59,3 мың тонна картоп (3,1 мың га) жиналды.

Ауданда жалпы көлемі 7,3 гектарды құрайтын 18 жылыжай жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда олардан 1,3 мың тонна көкөніс өнімі алынды.

Өңірде 2021 жылдың 10 айында 9,7 мың тонна ет, 60,5 мың тонна сүт, 21,9 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Аудан бойынша 182 тонна ет өнімі ҚХР-ға экспортталды.

Биыл жалпы құны 1,9 млрд. теңге болатын 3 инвестициялық жоба іске қосылып, 50 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның алғашқысы Арқабай ауылындағы «Байсерке-Агро» ЖШС-нің құрама жем зауытының құрылысы. Жобаның жалпы құны 1,3 млрд. теңге. Онда 15 жұмыс орны ашылды.

Осы «Байсерке-Агро» ЖШС-нің тауарлы-сүт фермасын кеңейту мақсатында құны 200 млн. теңгені құрайтын жаңа жоба жүзеге асып, 10 жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, «ҚазҰАУ» ЖШС 1 гектар алаңда жоба құны 435 млн. теңгені құрайтын өнеркәсіптік жылыжай құрылысын аяқтап, 25 адам тұрақты жұмысқа тартылды.

– Баспанамен қамтуда қандай қадамдар жасалуда? Қанша адам үй алу кезегінде тұр?

– Талғар ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде 6736 азамат тұр. Өткен жылы 3 көппәтерлі тұрғын үйден 20 пәтер «Мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері» санаты бойынша кезектегілерге, 34 пәтер «Жетім балалар» санатындағы азаматтарға, 51 пәтер «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санатындағыларға, 55 пәтер көпбалалы отбасыларға берілді. Баспана кезегінде тұрғандар саны артпаса, кемімейді.

Осыны ескеріп, Талғардың тарихында тұңғыш рет 9 қабатты 3 үйдің іргесі қаланып жатыр. Оның әрқайсында 72 пәтерден бар. Бұдан әрі 5 үйдің жобалық-сметалық құжаты жасалуда. 9 қабатты үйлердің барлығын заман талабына лайықтап жасауға, жеделсатымен (лифт) қамтамасыз етуге баса назар аударылуда. Ауданымызда жеделсаты жасайтын компания жұмыс істейді. Сол себепті, отандық құрылыс өнімдерін пайдаланып, жоғары сапалы тұрғын үйлер бой көтерсе Талғарымыздың ажары кіріп, көркі мен келбеті арта түседі.

Осындай жобамен қалада 18 үй салыну жоспарлануда. Мұның сыртында тағы 5 гектар жерге шағын мөлтекаудан бой көтермек. Сондай-ақ, әскери бөлімшенің банкке кепілдікке қалдырған 23 гектар жері қоқысқа толып кеткен еді. Жеке компания банктен кепілдіктен шығарып алды. Келер жылдан бастап қоқыстан тазартып, кемі 7 немесе 9 қабатты тұрғын үй салуды діттеп отыр. Олармен өзара меморандумға отырамыз.

Содан кейін Кеңдала ауылының бас жағынан 500 гектарға жуық жерге мектеп, балабақшасы бар шағын ықшамаудан салуға ниетті инвесторлар келуде. Баспана салуға әрекет еткендерге әркез көмектесуге дайынбыз.

– Медицина саласында да ілгерілеушілік бары байқалады.

– Аудан орталығынан, ауылдық жерлерден оңалту орталықтары ашылуда. Талғардағы Абай көшесіндегі бұрынғы балабақша оңалту орталығына айналады. Аудандық аурухананы сенімгерлік басқаруға алған «а-Class Меdical» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Талғар қаласынан COVID орталығын ашса, одан кейін Қызылқайраттан оңалту орталығын іске қосты. Бұл жұмыстар ауылдық округтер бойынша да жалғаса бермек. Сонымен бірге, автобазадағы балалар емханасын күрделі жөндеуден өткізіп жатыр, онда 8 дәрігер қызмет көрсететін болады. Жыл аяғында пайдалануға берілмек.

– Аудандағы Мәдениет үйлеріне де мән беріле бастағандай…

– Биыл Панфилов ауылындағы Мәдениет үйін 30 млн. теңгеге сатып алдық. Енді жобалық-сметалық құжаты жасалған соң күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Осы күні Бесағаш ауылындағы Мәдениет үйіне «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен «Қолғанат құрылыс» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын жасауда, алдағы жылдың наурыз айында берілетін болады.

– Қысқа дайынсыздар ма? Көмір тапшылығы жоқ па?

– Ауданда барлығы 252 көпқабатты тұрғын үй бар, ондағы пәтерлер саны 6186. Оның ішінде 164 көпқабатты үй Талғар қаласында болса, қалған 88-і ауылдық округтерде орналасқан. Облыс әкімдігінің бастамасымен осы көпқабатты үйлерді газдандыру мәселесі 2018 жылдан бастап қарқынды дамып келеді. Содан бері 34 жылу қазандығы салынды. Ол қазандықтардан 138 көпқабатты үйге табиғи газбен жылу беріліп, тұрғындар орталықтандырылған жылыту жүйесінің рахатын көруде.

Келер жылға тағы 30 қазандық салу жоспарланған. Егер бұл жоба жүзеге асса 68 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін болады. Бүгінге аудан бойынша барлығы 44162 жеке тұрғын үй болса, оның 32376-сы газдандырылған.

Аудан тұрғындарын қысқы жылыту маусымында көмірмен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ететін 3 көмір базасы жұмыс істеп тұр. Қамданған қапы қалмайтындығын ескеріп, ерте қимылдаған тұрғындар 50 мың тоннадан артық көмір сатып алған. Көмір бағасына келер болсақ, сұрыпына қарай 16-18 мың теңгеден сатылымда.

– Талғар қаласында жолаушылар тасымалдайтын маршруттық автобустар жоқтың қасы деуге болады. Неге бұлай?

– Мұнымен айналысатын «Тұлпар-Экспресс» мекемесі бар. Бұл мәселе талай мәрте көтерілді. Халыққа «Оңай» ыңғайлы, сондықтан автобустарға оны оқитын аппаратты кәсіпкер өзі орнатуы тиіс. Осы өзектілікті жою мақсатында «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен байланыс жасап, Талғарға метанмен жүретін, жолаушылардың мініп, түсуіне ыңғайлы автобустар алу көзделуде.

– Сұхбатыңызға рахмет.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

04.05.2026
PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

04.05.2026
Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

04.05.2026
Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

04.05.2026
Конституция күні қазақстандықтар қалай демалады?

Мамыр айындағы демалыс күнтізбесі

04.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.