Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ИЮ-ҚИЮ

22.11.2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Жарықтық Мұса десе дегендей-ақ. Малға да, жанға да ықтасын қыстау. Күн суытып қыс түскен сайын асыл тұқымды мал зауытының малшыларға арнап соққан шатырлы, еңселі тамдарына қаз-қатар қоныстанған төрт-бес отбасы кәдімгідей бір қауым ел болып, түтін түтетіп, қазақ ауылының салт-жоралғысынан жаңылмай, араласып-құраласып жатады. Ұзыннан ұзақ салынған қашалар да, бұрынғыдай емес, ит-құстан әжептеуір қамсау. 

Бұл алпысыншы жылдардың басы. Соғыс кезіндегі, одан бергі уақыттағы жамау-жасқаулы күркелер мен құрым-құрым киіз үйлердің, ашық-шашық мал қораларының азабын бір кісідей тартқан жандарға мына жағдайлары хан сарайындай. 

Қора-қопсыдағы малды жайғастырған соң бір-бірін соғым басына, болмаса арнайы сыбағаға шақырып, абыр-сабыр болып жатқан көршілер.
Кешкісін алқа қотан отырып, бір отбасының ақ дастарқанынан дәм татып, әңгіме дүкен құру әдеттері де бар. 

Сырттағы үскірік жел, аппақ қар тұмшалаған алып даланың ызғары ортадағы жалт-жұлт еткен білте шамның жарығын сөндіре алмайды. Пеш ішінде лаулап жанған от пен көршілердің ынтымақ, береке жылуы астасып, үй іші қыз-қыз қайнайды. Киелі қазан бүлкілдеп, астауға ас түскенше, әңгіме-дүкен көрігі де қыза түседі. 

Үш-төрт жастағы қалқаң құлақ бала болсақ та, сондай бір кештерде көршіміз Есім атаның қос кемпірі айтқан әңгіме есте сақталып қалыпты. Әңгіме болғанда қандай! 

Соғыс жаңадан ғана біткен. Мал да, жан да бәрі тапшы. Малды ауыл қатар қонса бір-біріне ес болады ғой… Ферма басшылары біздің үйді қараң-құраң елге жақын қыстауға көшіріп-қондыруға салақсып, сол жылы айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау деп, Қопаның жағасында бір отар малымызбен жалғыз үй қалып қойдық. Отағасында мылтық бар. Кеш түсе анда-санда оқ атып, қорадағы малды аспалы шамның жарығымен ит-құстан күзетіп шығамыз. Үйде ер адам бары айбын ғой. Әйтеуір шал барда – еш қорқыныш жоқ. Малшының бейнетке толы шаруасымен таңның атысы күннің батысын білмей, бірсыдырғы өмір өтіп жатты. 

Бір күні отағасы керек-жарақ алып келуге орталыққа салт жүріп кетті. «Ит-құстан сергек болыңдар. Түн баласы бірер мезгіл сыртқа шығып, малды қарап қойыңдар. Мен де кешікпеспін. Барамын да қайтамын. Бәріңді бір Құдайға тапсырдым», – деп шегелей айтып, шаруаның жайын ескертіп кетті. 
Онсыз да белгілі тірлік қой. Сағымбала екеуміз күндегі әдетімізбен малды жайғап, бала-шағамызбен кешкі тамағымызды ішіп болып, енді кезек-кезек мызғып алуды ойластырып, төсек салып, балаларды ұйықтатып жатқанбыз. 

Сол, сол екен алыстан құлаққа жеткен бір жайсыз дауыс түн тыныштығын бұзып жіберді. «Ию-қию. Ию-қию. Ию-қию Түсініксіз, бір үрейлі, ессіз айқай. Адам дейін десең, адамның дауысына ұқсамайды. Сырттағы қарауыл иттер де үріп, айнала азан-қазан болып кетті. 

«Астапыралла, бұл не нәрсе», – деп иманымызды айтып, таласа тармаса, қазақ үй есігінің саңлауынан сыртқа телміре көз салып жатырмыз. 

Алыстан сізге өтірік, маған шын, бойы ұзын, тіптен үш метр шамасындай бар-ау. Аяғы анда бір, мында бір тие жүгірген алып адам ба, мақлұқ па бір нәрсе құйындатып келе жатты. Тілімізді кәлимаға келтіріп, үй ішіндегі есікті ішінен жабуға тіреу болар деген жүк аяқ, сандық, су құйған бөшке ме, қолға тиген бірдеңелерді сүйрелеп, кіргізбеуге қам жасаған болдық. 

Темір пештегі отты маздата жағып, шоқпар, оттығымызды дайындап жатырмыз. Бишік, шоқпар, басқа не бар дейсің бізде. Мылтығын шал өзімен ала кеткен. 
Зәр иманымыз қалмай, қолымыз дірілдеп, қалш-қалш етеміз. Балаларда да дегбір жоқ. «Қорықпаңдар!» – деп басу айтқанмен басқа түскен соң не шара.
Ию-қию. Ию-қию. Ию-қию! Дауыс бірте-бірте үдеп, зорайып, жақындап келеді. «Бисмилләһи, раһманир раһим! Жаратқан ием, өзің жар бола гөр?..» Көзімізден тарам-тарам жас аға, жарылқаушы иемізге жалбарынамыз. 

Әлгі алыпқа Құдай басқа салмасын, қазақ үй қаңбақ құрлы болмас. «Тәңірім-ау көрсеткенің осы ма еді?» 

Иттер абалап, шабалана үріп, қорадағы мал біткен дүрліккендей. Жылқылар кісінеп, сиыр мөңіреп, қойлар да маңырап, бір бәленің жақындағанын сезгендей азан-қазан. 

Ию-қию. Ию-қию. Ию-қию. Жаның жаһаннамға кетті деген осы шығар. Қанша дегенмен жасым үлкен, естияр болар жөнім бар ғой. Қайрат қылып, шоқпармен, нан илейтін оқтаумен су құйған бөшкені ұрып, тарсылдатып, «Кет, бәлекет, кет, кет деп айқайға бастым. Сағымбалаға: «Сен аяттарды дауыстап оқи бер» – деп қоямын. Үйелменді-сүйелменді үш-төрт бала өкси жылап, бір-бірін құшақтап алған. 

Осы кезде үйге жақындап сұңқылдаған Июю-қиюға қоса, алыстан мылтық даусы естілді. Үсті-үстіне мылтық атылған. Отағасы келе жатқан болды. Айлы түнде жақыннан атылған мылтық даусы үрейімізді ұшырған әлгі бәлекеттен құтқарғандай-ау. Кер жорғамен құйғыта шауып, үйге жеткен отағасы: «Қайдасыңдар? Барсыңдар ма? Шығыңдар түге», – деп сырттан айқайлап қояды». Біз ұлардай шулап, сыртқа шығып көрісіп жатырмыз. Отағасы әлі де болса мылтығын аспанға қарата бірнеше дүркін атып-атып жіберді.

«Төбеттердің абалап үргенін, малдың у-шуын естіп, ит-құс тиді ме?», – деп алыстан аспанға оқ аттым.

Сол кезде айдың жарығымен адам ба, аң ба белгісіз, екі аяқты алып бір мақұлықтың үй маңынан қияс бұрылып, қырға қарай беттегенін көзім шалды. Атқа қамшы басып, үсті-үстіне оқ атқаным сол! Адам айтқысыз ұзын бір сұлба ұзап бара жатты. Алла сақтасын, бүгін түнде ұйқы жоқ. Далаға отты лаулата жағып, қиқу саламыз. Анда-санда оқ атып, кірпік ілмейік. Таң ата көшеміз бұл маңнан, – деп Есім аталарың бізді жұбатып, байламын айтқан. 

Түз тағысы – көк бөрілерден де қорықпайтын басымыз сөйтіп бір дүрліккенбіз. «Қорыққанға қос көрінеді» деген, сол түні таң да атпай қойды ғой. Айдалада жалғыз үй қалуға болмайтынын осы жолы әбден көкейге түйдік. Қойшы, әйтеуір итшілеп, таң бозарды. Жарық шыққан соң, айналадан із кесіп қарасақ, адамның табанынан орасан үлкен, ірі, ойылып-ойылып түскен алапат бір із анда бір, мұнда бір тиген күйі қыр асып, жоғалыпты. 

Отағасы Құран оқып, таңғы шайымызды іштік те, шапшаң жиналып, қазақ үйді жығып, көшкенде жүк артатын қара нар жарықтыққа тиеп, үлкен ұлды отырғыздық. Екіншісіне қызды қалқайттық. Қос түйеден қалғанды арбаға тиеп, арық-тұрақ ұсақ малды да бір-екеуін матастыра байлап, сабан салып оған мен отырдым. Сағымбала мен отағасы қос атқа мініп, малды айдады. Сөйтіп, ескі жұртты тастап, үдере көшіп, елге беттедік. 

Сол түні ұзақ-ұзақ шәуілдеп үрген ақ күшік үшті күйлі жоғалып кеткенін көшпей жатып байқағанбыз. Дәу де болса Ию-қию әкетті-ау… 
Ақтұмсықтағы малшылар қыстауына жетіп бір-ақ жығылдық.

«Әдірем-қалғыр бастықсымақтардың біздің өлген-тірілгенімізде шаруасы бар ма! Иен далада иесіз қалып, осылай ит-құстың зорын көргенбіз. Сондай да бір түн болған», – деп Есім атаның бәйбішесі Несібелі апа әңгімесін аяқтаған. 

Білте шамның жарығымен Рахия әжемнің тізесіне басымды қойып жатып, тырп етпей әңгіме тыңдаған маған қысқы кештегі сыртта есіре соққан желмен бірге… Ию-қию. Ию-қию, – деген дауыс та құлағыма жақыннан естілгендей болып, жүрегім атқақтай соғады. Бәлкім, қорқыныш деген сұмпайымен ең алғаш, осы әңгімені естігенде жолықтым ба екен? Әжемнің көкірегіне бұйыға тығылып күрсініп қоямын. 

Ең алғашқы күрсінуім де осы шығар, «Қараңғы болмаса екен. Кеш батпаса екен. Таң тезірек атса екен. Ию-қию. Ию-қию, сен бізге келме. Аулақ жүр. Кет, бәлекет, кет!» Сол түні шошынып ұйықтадым. Әжем әдетінше ұшықтап, тұзбен аластап, өзінің таусылып бітпейтін көңілді, әдемі, түрлі-түсті бояуға толы қызықты хикаяларының бірін бастап кетті. Көңілімді аулағандағы әдеті ғой.

– Костяның қыздарының ленттері қандай дедің, әжетай? – деймін әп-сәтте әжемнің тәтті әңгімесіне алданып, қиял-ғажайып әлеміне енген күйі.
– Наташа мен Валяның бұрымдары алтын түсті, біреуі қызыл, біреуі жасыл лент тағады. Көйлектері де қызыл жібек, жасыл крепдешиннен етегін бүрмелеп тіккен. Әдемі, өздеріне әйбат жарасады. 
– Тәпішкелері ше, әже? – Мен де сұрап қоймаймын, әжем айтқан әңгіме құлағыма майдай жағады. Әлгі қыздарды тіптен өзім көріп тұрғандаймын. Туғалы орыс көрмеген басым әжем айтқан кішкентай әпкелі-сіңлілі ақсары өңді, көгілдір көзді қыздарды елестетіп, қиялымда солармен бірге велосипед теуіп жүріп, ұйықтап кетемін. Сөйтсем, менің отбасылық жантанушым – жанымда, өзімнің әжетайым екен ғой!.. 

Әлгіндегі қорқыныш құшағынан әжем ойнақы әңгімесімен оп-оңай шығарып алып, тәп-тәтті немересін, яғни мені тыныш ұйқы құшағына бөлейді.
«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деген сүйікті өлең тіркесіне, «Әжесі бар балалар ешқашан қорықпайды», – дегенді де қоса салыңдар, достарым…

Айтпағым, үрейді жеңудің бір жолы осы екенін әжем қайдан білді десеңші? Міне, сендерге әңгімелеп беріп едім, енді өзім де түнде қорықпай қалдым. Сенбесеңдер, өздерің де өмірдегі үрейленген бір сәтті еске түсіріп, қағазға жазыңдар. 

Ешкімге оқытпасаңдар да мейлі. Қажет деп тапсаңдар, тіпті жыртып тастаңдар. Ең бастысы, сол мазасыздықты өз ойыңнан, жан дүниеңнен шығара алсаң болғаны.

Өмірде шуақты сәттің көп болғанына не жетсін! 

Ал әлгі Есім атамның қос кемпірі айтқан Ию-қию туралы әңгіме бар ғой, кейін ойлап қарасам, қар адамы, түз адамы туралы хикаяға келеді. Айдалада, елсіз жерлерді мекендейтін сондай түз тағылары болатынын ғалымдар да айтады емес пе?!

Бәлкім, бұл елсіз мекендегі сондай бір оқиға шығар. Бірақ, біз одан бәрібір қорықпаймыз. Солай ғой, кішкентай достарым!

Баян БОЛАТХАНОВА

Қатысты жаңалықтар

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

23.07.2026
Қараталда экологиялық рейд өтті

Қараталда экологиялық рейд өтті

23.07.2026
Құрылтай сайлауы: қоғамдық сенімнің жаңа сынағы

Құрылтай сайлауы: қоғамдық сенімнің жаңа сынағы

23.07.2026
Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

23.07.2026
Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

23.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.