Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

СҮТ ЗАУЫТЫНЫҢ ТАБЫСТЫ КЕЗЕҢІ

16.11.2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Моноқалада бірнеше жылдан бері сүт өндірісімен айналысып, халықты табиғи өнімдермен қамтамасыз етіп отырған Текелі сүт зауытының 60 жылдық тарихы бар. Кәсіпорында «Текелі» брендімен сүт тағамдарының 23 түрі шығарылады, соның ішінде сүт, айран, май, қаймақ, сүзбе және басқа да түрлері бар. Алдағы уақытта балмұздақ пен ірімшік шығару жоспарланып отыр.


Текелі сүт зауытының тарихы сонау 1953 жылдан басталады. Алғашында сүт жинайтын сауда нүктесі ретінде құрылып, 1987 жылы оған жеке кәсіп мәртебесі берілді. Ал қазіргі «Текелі сүт зауыты» деген атау көпке кеңінен таныс. Ұжымның тынымсыз еңбегінің және басшылықтың ұйымдастыру шеберлігінің арқасында 1990 жылдардағы күрделі кезеңде кәсіп­орын жұмысы ақсаған жоқ. Ал тәуелсіздік жылдары зауыт қайта түлеп, жұмысы жаңаша қарқын алды. 

Сүт зауыты облыс әкімдігінің қолдауымен «Даму-өндіріс» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиеге ие болып, толықтай қайта жаңғыртылды. Заманауи технологиялармен жабдықталды. Бұдан соң зауыт тауарына деген сұраныс артып, кәсіпорын бүгінгі нарық талабына сай дами түсті. 
Текелі сүт зауытының өндіріс жөніндегі директоры Валентина Кубрак: 
– Алғаш зауытқа 1990 жылы өндіріс шебері ретінде қабылдандым. Бұл – еңбек жолымды алғаш бастаған жерім. Содан бері 30 жыл бойы осы зауыттың қабырғасында еңбек етіп келемін. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекет қолдауының арқасында зауыт шығаратын өнімінің көлемі едәуір артып, өндіріс іргесі кеңейді. Бүгінгі күні тәулігіне 10 тоннадан 20 тоннаға дейін өнім шығарамыз. Зауытта тәжірибелі мамандар жеткілікті. Олардың алды кемінде 20 жылдан бері осында еңбек етіп жүр. Бұл ретте 45 қызметкердің 30 пайызын  жастар құрап отыр. Олардың әлеуметтік жағдайына да көңіл бөліп, қолдап отырамыз. Кәсіпорын есебінен бір мезгіл ыстық тамақ және тегін жол жүру билеті беріледі, – дейді.

Директордың айтуынша, шикізат қала маңындағы шаруа қожалықтарынан, жеке аулалардан жиналады. Зауытта сүттің сапасын тексеретін арнайы зертхана бар. Тек зертханалық тексеру қорытындысы шыққаннан кейін ғана сүт өндірісте қолданылады. Мәселен, зауыт облыстың ірі шаруашылықтарының бірі «Хильниченко және К» шаруа қожалығымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Сүт зауытқа жеткізіліп, тиісті зерттеу жүргізілгеннен кейін сепаратордан өткізіледі. Соның арқасында сүт табиғилығын сақтайды. Мұнан кейінгі өнімнің стандартты майлылығына қол жеткізу үшін қалыптандыру, сүттің ұйып қалмауы үшін гомогенизация, сүттің максималды қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пастерлеу процестері жүргізіледі. Бұдан әрі дайын өнім қапталып, маркасы қойылып, сауда нүктелеріне жөнелтіледі.

«Текелі сүт зауыты» өнімінің басты ерекшелігі – оның ешқандай қоспасыз, өнімінің табиғи қалпын сақтауында. Сондықтан сүтте табиғи дәрумендер сақталатындықтан өнімді сақтау мерзімі шектеулі. Мәселен, зауыттың сүт өнімдері 5 күн, ал айраны 7 күн ғана сақталады. 

– 1953 жылдан бастап таза мемлекеттік тапсырысқа жұмыс істедік. Біздің сүтімізді балабақша, мектеп пен ауруханалар пайдаланды. Өйткені, өнімімізді таза табиғи сүттен дайындадық. Және әлі күнге сондай сапаны ұстанып келеміз, – деді кәсіпорын директоры. 

Зауыт өнімдерін тұрақты тұтынатындар қатарында, жеке сатып алушыларды айтпағанда, «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, «Текелі» санаториі, кондитерлік цехтар, ірі сауда дүкендерінің желісі де бар. Талдықорған, Алматы қалаларында да сұраныс жоғары. 

Өткен жылы Текелі сүт зауыты ребрендинг жасап, өзінің барлық өнімінің сыртқы қаптауын толықтай өзгертті. Соның арқасында өнім қаптамасы бұрынғыдан гөрі айқын, танымал, қолайлы бола түскен. Қазір сүт зауыты тауарларын интернет желісі арқылы кеңінен жарнамалай бастады. Өткен жылы «Инстаграм» желісінде ашылған Tekelikz парақшасының бүгінде жазылушылар қатары 4 мыңнан асты. www.tekeligmz.kz сайты да жұмыс істейді. 

Кәсіпорын індет жағдайында зауыт жұмысын тоқтатқан жоқ. Қайта отандық тауарға деген сұраныс екі есеге артып, өнім шығару көлемі де ұлғайды. Кәсіп­орын қызметкерлерінің бәрі коронавирусқа қарсы вакцина алды. 

Келесі жылдан бастап зауыт балмұздақ пен ірімшік шығаруды бастамақ. Сонымен қатар, жаңа технологияның көмегімен өндіріс көлемін тағы да ұлғайта түсіп, нарықтағы позицияларын нығайтып, тауардың жаңа түрлерін меңгеруге көшпек.

Атап өтсек, кәсіпорын «Алтын сапа» байқауының жүлдегері, көптеген марапатқа ие болған. 

– Биыл тәуелсіздікке 30 жыл толып отыр. Бұл кәсіпорнымыз үшін екі есе қуаныш. Осы жылдар ішінде Текелі қаласы да өсіп-өркендеп, жаңа арнаға бағыт алды. Кәсіпорындар көбейіп, жаңа үй, әлеуметтік нысандар  салынды. Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде, қызметкерлердің күнделікті тынымсыз еңбегінің арқасында біздің зауыттың да іргесі кеңейіп, жаңа мүмкіндіктерге талпынуда. Сапалы өнім шығарып, жас мамандарды оқытып, үйретіп, жаңа жұмыс орындарын құрдық. Біз отандық өндірісті дамытуға үлес қосып жүргенімізге қуаныштымыз. Осы 30 жылда мен қарапайым маманнан директорға дейінгі қызметтік баспалдақтың бәрінен өттім, кәсібімді терең меңгеруге мүмкіндік алдым, өз-өзімді дамыттым, сөйтіп табысқа жеттім. Осындай даму жолдарының бәрі біздің береке-бірлігіміздің, бір-бірімізді қолдаудың, мемлекеттің мүмкіндік бергенінің арқасы деп білемін, – деді Валентина Кубрак. 

Күнделікті таңғы сағат 5-те сүт зауытының өнімдері көлікке тиеледі, таңғы асқа жеткізіп үлгеру үшін сағат 6-да тиісті нүктелерге, дүкендерге таратылады. Бұл зауыттың бірнеше жылдан бері үзілмей келе жатқан дәстүрі.

Атап өтсек, Текелі қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша, биылғы 9 айда Текелі қаласында құны 307,2 млн. теңге болатын 1100 тоннадан астам сүт, қаймақ, сары май, сүзбе және басқа да сүт тағамы өндіріліпті.  

Ал облыс бойынша қазіргі кезде 74,1 мың басқа арналған 116 мал бордақылау алаңы, 26,1 мың басқа лайықталған 84 тауарлы- сүт фермасы жұмыс істейді. Соның есебінен ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 72, сүт зауытының жүктемесі 85 пайызға жетті. 

Алматы облысы 
әкімінің баспасөз қызметі  

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

23.07.2026
Қараталда экологиялық рейд өтті

Қараталда экологиялық рейд өтті

23.07.2026
Құрылтай сайлауы: қоғамдық сенімнің жаңа сынағы

Құрылтай сайлауы: қоғамдық сенімнің жаңа сынағы

23.07.2026
Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

23.07.2026
Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

23.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.