Талдықорған: +19°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

МАҚСАТ – ӨНІМ КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТУ

14.11.2021
ОН САУСАҚ
МАҚСАТ – ӨНІМ КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТУ
WhatsAppTelegramFacebook

Жер жаннаты Жетісудың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып отырған аграрлық саланың айшықты жұмыс істеуіне, мол табыс табуына «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі еншілес компаниясы «аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржылай қолдау көрсетуі соны серпін беруде. Биылғы жылы Аграрлық корпорацияның ауылшаруашылық өндірістік кәсіпорындар (АӨК) саласын қаржыландыруы 251,9 млрд. теңгені құрайды. Сүбелі салаға салынған қаржының игерілуін бақылау мақсатында жуырда аталған корпорацияның ұйымдастыруымен Қарасай мен Іле аудандарындағы шаруашылықтарға баспасөз туры өтті.

Еліміздегі тауарлы-сүт фермаларын дамыту – корпорация қызметінің басым бағыттарының бірі. Осы мақсатты жүзеге асыру аясында биылғы жылы 19,5 млрд. теңге бөлу жоспарланған. Бұл саланың қаржыландырылуы елдегі сүт тапшылығын болдырмауға айтарлықтай әсер еткені анық. Соның дәлелі ретінде «Агробизнес» бағдарламасы бойынша Агарарлық несие корпорациясынан жеңілдетілген несие алған табысты жобалардың бірі – «Ақсүт LLC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін айтар едік. Алматы қаласының маңында орналасқан тауарлы-сүт фермасы қаланың сүт өңдеу кәсіпорындарына шикізат жеткізумен айналысады.
– Тауарлы-сүт фермасының құрылғанына екі жыл болды. Аграрлық несие корпорациясының 5 жыл мерзімге 6 пайыздық несие беріп, қаржыландыруының арқасында фермамыз аяғынан нық тұрып келеді. Себебі, мұндай шаруашылықты өз қаржыңмен жасау мүмкін емес. Қазір кәсіпорында Голландия мен Словакиядан әкелінген 2 мыңнан астам голштино-фриз асыл тұқымды ірі қара малы өсірілуде. Бастапқыда сатып алынған мың бас ірі қара саны екі есеге артты. Ендігі мақсатымыз – сауын сиырдың басын үш мыңға жеткізу және бәсекеге қабілетті сары май, ірімшік сияқты отандық сүт өнімдерін өндіретін зауыт құрылысын алдағы жылы бастау, – дейді «Ақсүт LLC» ЖШС-нің басқарушы директоры Ұлан Кеңесбаев.
Аталған фермада автоматтандырылған «Параллель» сауу залы жабдықталған. Заманауи технологияның қуаттылығы сағатына 240 сиырды саууға мүмкіндік береді екен. Желіні жер сызған сүтті сиырлардан тәулігіне 20 тонна сүт алынса, әр сиырдан орта есеппен 20-22 литр сүт сауылады. Олардың арасында тәулігіне 50 литрге дейін сүт беретіндері кездеседі. Сүттің сапасы мен құрамы күнделікті лабораторияда тексеріліп, қадағаланатындығын атаған ферманың бас мал дәрігері Нұрмағанбет Ақжігітов мұндағы әр бас сиырдың «паспорты» барын айтты. Мал ауруларының алдын алуда уақытылы екпе салу жұмыстары жүргізіліп, «Сиырдың сүті – тілінде» деген тәмсілге сай мал азығының құнарлы болуына да баса көңіл бөлінетіндігін тілге тиек етті.
Аграрлық несие корпорациясының қаржыландыруының нәтижесінде ферма қарамағындағы 5 гектар жерде 11 мал қорасының құрылысын қысқа мерзімде аяқтаған. Қысы-жазы осы қорада тұратын асыл тұқымды сиырлардың жемшөбін де шаруашылық өздері дайындайды. Биылғы құрғақшылыққа қарамастан қыстан қысылмай шығу үшін 4,5 гектар жерден он мың тонна сүрлем, екі жарым мың орам сабан, мың тоннадан арпа, жүгері, он мың орам жоңышқа дайындалған. Бір сөзбен айтқанда мал азығының берік қоры жасалған.
Әр сиырдың күніге шамамен 50 литр су ішуі қажеттігін ескерген фермерлердің ең бірінші140-150 метр, одан кейін 250 метр тереңдікте су ұңғымасын орнатып, құмдауыт жердегі су тапшылығын жоюы үшін үлкен іс тындырғанын айрықша атау абзал. «Ақсүт LLC» серіктестігінде бүгінде 50 адам тұрақты еңбекпен қамтылған. Оларды жайлы жатақхана, ыстық тамақпен қамтамасыз ету басты орынға қойылған. Соның арқасында еңбек өнімділігі артуда. 
Жылыжай кешендерін дамыту да ауылшаруашылық өндірістік кәсіпорындары саласын қаржыландырудағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Жылыжай құрылысына, тамшылатып суару жүйесін сатып алуға биыл Аграрлық несие корпорациясы 21,4 млрд. теңге бағыттаған. 
Қаржылық қолдау нәтижесінде жалпы аумағы 14,6 гектар «Shakh Eco Food» шаруа қожалығы өнеркәсіптік жылыжайының құрылысы қарқын алған. Жоба іске асырылып, осы жылдың сәуір айында ауданы 4,6 гектарды құрайтын жылыжай пайдалануға берілген. Аталмыш жылыжай кешені «Қарапайым заттар экономикасы» несиелеу бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылған.
Осы кәсіпке келуімнің басты себебі – Алматы қаласында жеті жыл бұрын іске қосылған отбасылық «Шах» аспаздық мейрамхана желісі жұмыс істейді. Бала-шағамызбен шетелге шығып, жан-жақты зерттеп көргеннен кейін бізге Түркиядағы мейрамханалардың жүйесі өте қатты ұнады. Өйткені, көпшілік мейрамханалар өзіне керек шикізатты өздері өндіріп, қажеттіліктеріне жұмсайды. Сол себепті, бірінші мақсатымыз – біздің мейрамханаларда тұтынатын экоазық-түліктерді, атап айтсақ, қызанақ өсіруді қолға алдық. Осы орайда, Аграрлық несие корпорациясының көмегімен өткен жылы 4 гектарды жөндеуден өткізіп, алғашқы өнім алынды. Өткен жылы бір гектардан 300 тонна өнім алынды. Биыл 4,7 гектар жылыжайды іске қостық. Қазіргі таңда серіктестікте 50 адам еңбек етеді. Келешекте тағы 6 гектар жерді жабдықтап, жылыжай жасау жоспарымызда бар. Бұл ойымыз жүзеге асса 150 адам тұрақты еңбекпен қамтылатын болады, – дейді «Shakh Eco Food» ЖШС-нің құрылтайшысы Гүлдана Кемелбекқызы. 
Сапалы да табиғи қызанақтар Алматы мен Қазақстанның өзге де қалаларындағы сауда тораптарына таратылса, тағы бір бөлігі Ресейге экспортталады. Отандық өнім – қызанақты өсіріп, қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыс істеп тұрған жылыжай шаруашылығы толық автоматтандырылған. Мұндағы еңбек адамдарының жылы да жайлы орында алаңсыз еңбек етуіне бар мүмкіндік жасалған. Тіптен, карантиндік шараларды сақтап, денсаулықтарын қорғауда барлығы дерлік вакцина алып, жұмыс ырғағының бұзылмауына күш салуда. Қыркүйектің соңында отырғызылған жап-жасыл көшеттердің түйін тастағанын, алдағы желтоқсан айында алғашқы өнім жинала бастайтындығын қуана жеткізген Гүлдана Кемелбекқызы төккен тердің қайтарымы мол боларына бек сенімді. 

Ұлбосын ИСАБЕК
Іле, Қарасай аудандары

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарландыру

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарландыру

31.03.2026
Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді

Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді

31.03.2026
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді

31.03.2026
1 сәуірден кейін коммуналдық тарифтер мен жанармай бағасы өсуі мүмкін

1 сәуірден кейін коммуналдық тарифтер мен жанармай бағасы өсуі мүмкін

31.03.2026
Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

30.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.