Талдықорған: +35°C
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАҢА АВТОБУСТАР – ЖАЙЛЫ ҚЫЗМЕТ

14.11.2021
КҮЛТӨБЕ
ЖАҢА АВТОБУСТАР – ЖАЙЛЫ ҚЫЗМЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Сәні мен салтанаты жарасқан Талдықорған қаласының облыс орталығы болғанына жиырма жыл толды. Осы жылдар ішінде шаһарда көптеген оң өзгерістер орын алып, айтарлықтай көркейіп, гүлденді. Қала өсіп, өркендеген сайын жұмыс бабымен ауыл-аймақтардан көшіп келіп жатқан халық саны артып, тіршілік тамырына қайта қан жүгірді. Бұл тұрғыда жергілікті жұртшылықтың әрі-бері қатынауы үшін қоғамдық көліктердің, яғни, қала ішінде жүретін автобустардың атқаратын рөлі орасан зор.

Айта кетейік, Талдықорған қаласы бойынша «Транстал» ЖШС, «Сайман» ЖШС, «Ақ-Нар А» ЖШС, «Талдықорған-Таксопарк» ЖШС, «Майка-Инвест» ЖШС, «Жан-Ел» ЖШС, «Жигули», барлығы жеті тасымалдаушы кәсіпорын қоғамдық тасымалдау қызметімен айналысады. 26 маршрут желісінде 196 автобус тіркелген. Қазіргі уақытта 187 автобус маршрут желісіне шығарылады. 
Автобус  Талдықорған қаласы жұртшылығын тасымалдайтын негізгі көліктің бірі десек, бүгінгі таңда олардың басым бөлігі тоз­ған және қоршаған ортаға экологиялық тұрғыдан зиян келтіреді. Жаңасын сатып алу автобус парк­терін ішінара жаңартып, қала тұрғындарының көлік қызметіне қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. 
Биылғы жұмыс жоспарына сәйкес қала экология­сы мен жолаушылар тасымалының сапасын жақсарту мақсатында қоғамдық көліктерді жаңалау және оларды экологиялық таза отынға ауыстыру шаралары жүргізіле бастады. Осыған байланысты қазір ескірген қоғамдық көліктер шетінен жаңаланып, орнына экологиялық таза автобустар қолданысқа беріле бастады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында өткен жылдың 25 қарашасынан бастап Талдықорған қаласының қоғамдық көліктерінде жүз пайыз электронды билеттеу жүйесі енгізілді. Инвесторы «Алемпэй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 

Нұраян Өмірзақ, № 17 орта мектептің 5-сынып оқушысы:
– Жаңа автобустарды көргенде қатты қызықтым. Өйткені, сырты әдемі, ішіне көп кісі сияды. Ұстанып тұратын жерлеріне де бойым жетеді. Ал бұрынғысына адам тез толып кететін. Солдан кейін де біз мектепке қысылып баратынбыз. Жаңасы газбен жүреді. Табиғатқа да зиян емес. Осындай автобустар қаламызда көп болса екен деп ойлаймын.  
Алмагүл Мағауияқызы, қала тұрғыны:
– Қаламыз жаңа автобустармен толығып, бала-шағамызбен қуанып жатырымыз. Өйткені, олар ескі автобустарға қарағанда әлдеқайда кең әрі отырып, тұруға да ыңғайлы. Мен жұмысқа барып, қайту үшін күнде осындай қоғамдық көлікпен жүремін. Ал қазір қажетті жерлерге қиналмай жететін болдық. Ендігі кезекте жаңа көліктеріміз аялдамада ұзақ күттірмей жиі жүрсе екен деген тілегіміз бар.   
Нұрбибі Оспанбайқызы, зейнеткер:
– Қала шетінде тұрамын. Анда-санда қоғамдық көлікпен жүріп, балаларыма қыдырып барамын. Өткенде жаңа автобусқа отырдым. Қандай әдемі, терезелері үлкен, іші жылы да жарық. Музыка ойнап тұр. Заман талабына сай жасалған автобус екен. Санитарлық тазалығы да көңілге қонады. Бір айта кетерлігі, енді жолаушылар, әсіресе, жастар осындай жақсы дүниелерімізді бүлдіріп, сындырмай сақтаса деймін. Ол өзіміз үшін керек.

Биыл қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» акционерлік қоғамы арқылы жалпы құны 2 321 462 000 теңге болатын 55 автобус сатып алу көзделген. Сатып алынған автобус­тар тасымалдаушыларға жылдық 4%-ға дейін пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен 7 жыл мерзімге лизингке берілді. Қазіргі таңда 28 «YUTONG», 18 «ПАЗ», барлығы 46 автобус қалаға жеткізілді. Ал қалған 9 автобус жыл соңына дейін келеді деп күтіліп отыр. Сондай-ақ, газбен жұмыс істейтін автобустарға жанармай құюға арналған автомобильдік газ толтыру компрессорлық стансысы жұмыс істеп тұр. 
Сонымен бірге «Жетісу әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» акционерлік қоғамы жүргізушілерді жұмыс формасымен қамтамасыз етіп, автобустарды брендтеу жұмыстарын жүргізді. Жаңа автобустар электронды төлем жүйесімен, салондағы температура датчигі бар электронды рейс көрсеткіші бар автоинформатормен, жүргізуші микрофонымен, бейнебақылау жүйесімен және бейнетіркегішпен, монитормен, тағы басқа қажетті жабдықтармен жабдықталған. Қазіргі кезде автобустар қаланың он төрт бағыты бойынша жүреді. 
Айта кету керек, келген автобустар экологиялық таза – олар сығылған табиғи газбен жұмыс істейді және Евро-5 экологиялық класына сәйкес келеді. Жалпы, жолаушылар көлігін жаңарту жөніндегі жобаның маңызы жоғары. Өйткені, бұл жолаушылар қауіпсіздігі мен өңірдегі экологиялық жағдайды сақтауға септігін тигізеді. 2022 – 2025 жылдарға арналған жылжымалы құрамды жаңарту жоспарына сәйкес тасымалдаушы компанияларынан өтінімдердің түсуіне қарай автобус парктерін жаңартуды жүзеге асыру күтіліп отыр. 
 Бір сөзбен айтқанда, ел игілігі үшін жасалып жатқан мұндай жақсы үрдіс­тер тұрғылықты халық үшін үлкен қуаныш әрі жүргізушілер де дән риза. Тәжірибелі автобус жүргізушісі Айдос Нұрахметов заманауи үлгідегі қоғамдық көлік рөлін тізгіндегелі бері жұмысқа деген ынтасының артқанын, онда жолаушылар мен жүргізушілер үшін ыңғайлы жағдайдың бәрі қарастырылғанын, сондай-ақ, жылы әрі жарық екенін айтып, осындай тарту жасаған ел ағаларына алғысын жеткізді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
 

Қатысты жаңалықтар

Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

23.07.2026
Үйіңіздің маңына біреу қоқыс тастаса да айыппұл арқалауыңыз мүмкін

Үйіңіздің маңына біреу қоқыс тастаса да айыппұл арқалауыңыз мүмкін

23.07.2026
Алакөл жағалауында дронмен рейд жүргізілді

Алакөл жағалауында дронмен рейд жүргізілді

23.07.2026
Алакөлде заң бұзғандарға 150 мың теңге айыппұл салынды

Алакөлде заң бұзғандарға 150 мың теңге айыппұл салынды

23.07.2026
Қазақстанда жүк және жолаушылар тасымалының көлемі артты

Қазақстанда жүк және жолаушылар тасымалының көлемі артты

23.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.