Талдықорған: +24°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

БІР ҚҰМАЛАҚ БІР ҚАРЫН МАЙДЫ ШІРІТЕДІ. ҰЖЫМДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС

08.11.2021
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
БІР ҚҰМАЛАҚ БІР ҚАРЫН МАЙДЫ ШІРІТЕДІ. ҰЖЫМДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлығы үшін 14 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мәлім етті.

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылардың өз қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін дербес жауапкершілігі институтының іске асырылуына мониторинг жүргізіп келеді. Осы институтты іске асыруға мониторинг жүргізілген сәттен бастап, облыста өзінің қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 4 басшы (саяси мемлекеттік қызметшілер) отставкаға кету бойынша арыз жазды.

Облыс басшылығы тек 1 басшының отставкаға кетуін қабылдады (Текелі қаласының экс-әкімі), қалған 3-еуі сөгіс және қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды (Қарасай, Кербұлақ, Панфилов аудандарының әкімдері). Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың дәлелденген фактілері үшін 14 басшы (әкімшілік мемлекеттік қызметшілер) тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: ескерту алғандар – 2, сөгіс алғандар – 4, қатаң сөгіс алғандар – 5, атқарып отырған лауазымынан босатылғандар – 2, лауазымын төмендету – 1.

«Қатаң сөгіс» алғандардың арасында Қарасай ауданы Жібек жолы кентінің ауылдық округінің әкімі, Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, Райымбек ауылдық округінің әкімі, Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы. «Сөгіс» түрінде тәртіптік жазаға «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ МК Алматы бөлімшесі филиалының директоры, «ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы» РММ басшысы, Текелі қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы тартылды. Сонымен қатар, бірқатар мемлекеттік қызметшіге қатысты қылмыстық істер сотқа дейінгі тергеу және сот талқылауы сатысында тұр. Солар қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайда, саяси мемлекеттік қызметтегі басшылар отставкаға кету бойынша арыз жазып, ал әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер бағыныштылары сотталған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Еске салайық, 2020 жылы Қазақстанда отставкаға кету және бірінші басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі институты жұмыс істей бастады. Заңнамалық нормаға сәйкес, мемлекеттік саяси қызметшілер – министрлер және олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері мен әкімдер орынбасарлары, аудандардың әкімдері өздеріне тікелей бағынысты қызметкер жемқорлық қылмысын жасаған жағдайда орнынан түсуге міндетті. Ал саяси емес, А және Б корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын барлық басқа басшылар тәртіптік жауапкершілікпен жазаланды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Тәжірибелі таспагер

Тәжірибелі таспагер

28.06.2026
Баспаханашы

Баспаханашы

28.06.2026
«Жетісудың» Алтайы

«Жетісудың» Алтайы

28.06.2026
Корректор

Корректор

28.06.2026
Бай, қуатты болайық!

Бай, қуатты болайық!

28.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.