Талдықорған: +13°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

ЖАРКЕНТ МАҢЫНДА ҚЫТАЙДАН КЕЛГЕН ҚАНДАСТАР ТҮЙЕ КӨБЕЙТІП ЖАТЫР

31.10.2021
ОН САУСАҚ
ЖАРКЕНТ МАҢЫНДА ҚЫТАЙДАН КЕЛГЕН ҚАНДАСТАР ТҮЙЕ КӨБЕЙТІП ЖАТЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Осыдан он алты жыл бұрын Қытайдан атажұртына көшіп келіп, Жетісу жеріне қоныс тепкен Құныпия Әбділғажы бала-шағасын асырайтын тиімді кәсіптің көзін іздеп аса қинала қойған жоқ. Шығыс Түркістандағы Үрімжі қаласының маңында мал өсіріп, бие байлап, қымыз саудалаған ісін жалғастыруға әрекет жасады. Бастапқыда Кербұлақ ауданында 7 жыл, онан соң Көксу өңірінде 2 жыл мал бақты. Ел азаматтығын алған соң жеке кәсібін өрбітуге әрекет жасапты. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Осылайша ол 2013 жылы Көксу ауданында аруана тұқымды бір өркешті екі түйе сатып алып, жинаған азды-көпті малына қосып баға бастады. Бара-бара түйесі келелеп көбейіп, оның сүтінен ашытылған шұбаттың жергілікті жерде сұранысы жоғары екеніне көзі жеткен Құныпия інгені іркілетін қолайлы жайылым іздей бастады. Ақыры жазиралы Жаркент өңіріндегі Айдарлы, Көктал ауылдық округтері аумағындағы сортаң болса да тобылғы, тораңғы, ши мен шілік, жантақ қалың өсетін өңірді таңдауға бел буды. Осындағы Аққұдық ауылының маңындағы қоражайды сатып алып, түпкілікті түйе өсіруге байлам жасады.

Қазір «Құныпия» шаруа қожалығындағы түйе саны бота-тайлағын қосып есептегенде 80 бастан асты. Көксу ауданында тұратын қожалық еншілесі Нұрлан Мақай екеуі жыл сайын түскен қаржының бір бөлігін сүтті түйе сатып алуға жұмсайды. Жазда күн сайын боталаған оншақты түйені үш уақыт сауып 50 литрге дейін, қыста екі уақыт иітіп 10 литрден сүт алды. Бабымен ашытылған шұбатқа жергілікті тұрғындардан сұраныс жоғары. Той, нәзір өткізетіндер алдын ала тапсырыс беріп алса, күнделікті тұрақты тұтынатындар да аз емес. Әр литр шұбатты биыл мың теңгеден саудалайды, бұл дегеніміз жазда қожалыққа күн сайын 50 мың теңге, қыс маусымында 10 мың теңге кіріс кіреді деген сөз. Негізінен түйе сауу әйелі Сара Әукеннің ісі, дегенмен түлік сүті молығатын жылдың жылы кезеңінде Құныпия сауын мен мал қарағанға көмекші жалдап жүр.

Биыл Құныпия мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасымен 6 пайыздық жеңілдетілген 3 миллион теңге несие алып, оған өзі жинаған біраз қаржы қосып 7 түйе сатып алып, қожалық қорасын байытыпты. Оған қосымша тендерге қатысып, Айдарлы ауылдық округінен 200 гектар жайылымдық жер алып, өрісін де кеңітіп отыр.

Біз қожалықтағы тағы бір қуаныштың үстінен түсіппіз. Республикалық «Үлгілі 30 ауыл» байқауында жеңімпаз болған Көктал ауылдық округі түрлі түсті кітапқа еніпті. Онда «Құныпия» шаруа қожалығынан да бірнеше фотосурет енген екен. Сол кітапты Құныпияға тапсыруға келген Көктал ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Сайлау Солтанқұлов пікір қосты.

– Түйе сүтінің, шұбатының адам ағзасына емдік қасиеті өте жоғары. Әсіресе асқазан, бауыр, өт жолдары, бүйрек, тағы басқа ауруларға бірден-бір ем. Түйенің шудасы буын ауруларын жазады. Сондықтан біздің ауылдастарымыз, бүкіл өңір тұрғындары Құныпияның қызметіне жүгініп жүр, — дейді ол.

Қожалық қожайындары Құныпия мен Сара Ермұхамет есімді ұл, Күлән, Гүлнар атты екі қыз өсіріп, оларға жоғары білім әперген бақытты отбасының иесі. Ұлдан екі немере, қыздан екі жиен өсіп келеді.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Аққұдық ауылы

Панфилов ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

30.03.2026
«EcoFuture: таза идеялар мен жасыл шешімдер аумағы» экологиялық фестивалі өтті

«EcoFuture: таза идеялар мен жасыл шешімдер аумағы» экологиялық фестивалі өтті

30.03.2026
«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

30.03.2026
Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

30.03.2026
Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

30.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.