Талдықорған: +16°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

«АЛАКӨЛ» НЕСИЕ СЕРІКТЕСТІГІ БИЫЛ 40-ҚА ЖУЫҚ ҚОЖАЛЫҚҚА КӨМЕКТЕСТІ

30.10.2021
ЭКОНОМИКА
"АЛАКӨЛ" НЕСИЕ СЕРІКТЕСТІГІ БИЫЛ 40-ҚА ЖУЫҚ ҚОЖАЛЫҚҚА КӨМЕКТЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданының тұрақты экономикалық өсіміне тірек болып отырған салалардың бірі – ауылшаруашылығы. Диқаны алқап ырысын арттырып, түйір дәнінен еселеп өнім алса, шопаны төрт түлігінің төлін санап әлек. «Еңбегіне қарай өнбегі» демекші, өңірдегі ауылшаруашылығы саласы өзінің даму қарқынын жоғалтпаған.

Өткен тоғыз айдың қорытындысына назар аударсақ аталған салада барлығы 24 млрд.414 млн.теңгенің өнімі өндірілген. Көктемгі егіс жұмыстары ойдағыдай аяқталып, ала жаздай тыным көрмеген диқандар 85 мың гектарға жуық жерді игерген. Түздегі тірліктің қазанында қайнаған шаруалар күн-түн демей еңбектеніп, қызыл қырманның қызған шағында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.

Күзгі жиын-терінге келсек, 41 мың гектарды алып жатқан дәнді дақылдарды жинау толық аяқталды. 7,5 мың гектардағы күзгі бидайдан 12,5 мың тонна өнім алынып, әр гектарға 16,7 центнерден айналды. Жаздық бидай егілген 6,8 мың гектар егістіктен 15,2 мың тоннадай астық жиналды. Мұндағы әр гектардан 22,2 центнер өнім бұйырды. Өзге дәнді дақылдарға келсек, 1,1 мың тонна сұлы, 400 тонна құмай жүгері (сорго), 3,2 мың тонна дәндік жүгері қамбаға төгілді.

Майлы дақылдардың өнімділігі де шаруалардың көңілінен шығуда. 22,1 мың гектардағы майбұршақтың 8,5 мың гектары жиналып бітті. Өнім көлемі 18,6 мың тоннаны құрап отыр. Әр гектарға 22 центнерден айналуда. Бұл ретте Алакөл аудандық ауылшаруашылығы бөлімі дабыл көтеруде. Себебі, майбұршақ қана егілген жердің құнары кеміп, өнім көлемінің алдағы уақытта азаюына әкеліп соғуы ықтимал. Ол үшін ауыспалы егістікке көшкен жөн. Жердің тынығуына, құнарын қалпына келтіруіне мүмкіндік беріп, дақылдарды алмастыру маңызды екені сөзсіз. 4,8 мың гектардағы күнбағыстың 3,9 мың гектары жиналып, 3,4 мың тонна өнім берді. 40 гектардағы мақсарыдан 33 тонна дақыл алынды.

Аудан Кеңес заманында қант қызылшасы бойынша үздіктер қатарынан түспей, үнемі рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізетін. Өңірді еліміздегі қант қызылшасын өсіретін негізгі аймаққа айналдыру ісі қарқын алып жатқанымен нәтиже көңіл қуантарлық емес. Жыл басында 800 гектар жерге өнімділігі жоғары тұқымдар егілгенімен көктемгі ауа райының қолайсыздығына байланысты 300 гектарда жер бетіне көк жарып шыққан балтамыр болмады. Қалған 500 гектардағы тәтті түбірдің 20 гектары жиналып, 600 тонна өнім берді. Алдыңғы жылдардағыдай қазылша қар астында қалмай толық жиналады деген ойдамыз.

Қазіргі таңда республика бойынша дизель отынының тапшылығы мен қымбаттауы байқалуда. Бұл мәселені шешу мақсатында шаруаларға 1430 тонна арзандатылған жағармай бөлініп, осы күнге дейін 300 тоннадайы босатылды.

Аудандағы мал шаруашылығының да адымы аршынды. Алакөл даласында 86 мың бас ірі қара, 262 мың қой-ешкі, 33 мың жылқы өріп жүр. Жыл басынан бері 9,5 мың тонна ет, 29,8 мың тонна сүт, 475 тонна жүн өндірілген. Өсім тұрақты, жұмыс қарқынды.

Ендігі мақсат – төрт түліктің қытымыр қыстан қысылмай шығуын қамтамасыз ету. Өңірдегі 52 мың гектар шабындық жерден жоспарланған 354,7 мың тонна жемшөп толық дайындалды. Оның ішінде 193,8 мың тонна табиғи шөп, 62,6 тонна пішендеме, 39,4 мың тонна сабан, 20,7 мың тонна құрама жем, 37,4 мың тонна сүрлем әзір тұр.

Ауылшаруашылығын қолдау мақсатында «Алакөл» несие серіктестігі арқылы 39 шаруа қожалығына биыл 286 млн.600 мың теңгенің несиесі берілген. Бұлар «Кеңдала», «Іскер», «Агробизнес» бағдарламалары негізінде жүзеге асты.

 «ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

04.05.2026
PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

04.05.2026
Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

04.05.2026
Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

04.05.2026
Конституция күні қазақстандықтар қалай демалады?

Мамыр айындағы демалыс күнтізбесі

04.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.