Талдықорған: +17°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

КӨЛ БАЙЛЫҒЫ – КӨП БЕРЕКЕСІ

25.10.2021
ЭКОНОМИКА
КӨЛ БАЙЛЫҒЫ – КӨП БЕРЕКЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Аспанасты елімен іргелесіп, шегара шебінде шаңырағын тіктеген айдынды Алакөл ауданының бүгінгі даму қарқыны тұрақты. Қай салаға көңіл аударсаңыз да мерейлі жетістіктерді, межесіне жеткен жобаларды аңғарасыз. Сан мыңдаған тонна жүк тасымалы жүзеге асып, Орта Азия мен Еуропаны жалғап жатқан өңірдің бүгінгі тыныс-тіршілігіне бағдар жасау мақсатында аудан әкімі Алмас Абдиновпен жолығып, сұхбат жүргіздік. Айдынды өлке басшысының айтары да мол екен.

– Алмас Сапарғалиұлы, бұған дейін аудан идеологиясының көшін сүйреп, әлеуметтік салаларды басқардыңыз. Енді, міне, Алакөлдің әкімі болғаныңыздан бері де 8 айдай уақыт өтті. Нақ пандемияның өршіген кезеңінде ел тізгінін ұстау қиынға соқпады ма?
– Шыны керек, тек ел аумағында ғана емес, күллі әлем халқын әбігерге салған тәжвирусының кесірі бәрімізге де тиді. Қаншама жұмыс орындары қысқарды, тұрғындардың табысы да кеміді. Жеке кәсіп желкен көтере алмай, дағдарыс дауылына төтеп беру де қиындады. Барлығымыз да «Мұның арты не болар екен?» деп болашаққа қорқынышпен қарағанымыз да рас. Алайда,  мемлекет басшысының сарабдал саясаты мен ел бірлігінің арқасында карантиндік қатаң талаптардың тоңы жібіп, топырағы жұмсарғандай. Ең бастысы, Ебінің желіне тербеліп, дала төсінде кеңінен шайқатылып жатқан көліміздің ырысын көптеп көрдік. Былтыр құзғынша шүйілген коронавирустың салдарынан ауданымызға келер туристердің саны да едәуір кеміген еді. Биыл миллионның үстіне шығып, кеңінен тыныстауға мүмкіндік туды. 
Осындай қиын-қыстау кезеңде өңірдің экономикалық өсімін тұрақтандыру, әр саланың аяқ алысын аршындату оңайға соқпады. Бір жағынан туристік аймақтағы вирустың таралу қаупі де жоғары болды. Мұның бәрін бір жолға салып, жүйелендіру үшін жұртшылықпен жұмыла еңбек етіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білдік. Нәтижесі жаман емес. Әр саладағы өсім көңіл қуантарлықтай, жоспарларымыз да ойдағыдай орындалуда.
– Өзіңіз айтып кеткендей, Алакөл туризмнің қазаны қайнаған орталық. Ала жаздай адам үзілмегендіктен шомылу маусымында тәжді тажалдың азуы бата түскендей. Өңірдегі эпидемиялық ахуалды, соның ішінде көл бойындағы карантиндік талаптарды тұрақтандыру үшін қандай жұмыстар қолға алынды?
– Бастапқыда «Былай тартсаң өгіз өледі, былай тартсаң арба сынадының» кейіпінде болдық. Мыңдаған адамның кәсібі болып отырған көл бойындағы күйбең тірлікке тосқауыл қою да мүмкін емес еді. Екінші жағынан, тәжвирусы да тамырын терең батырып, алқымнан ала түсті. Барлық тарапқа да тиімді әрі оңтайлы жағдайды қалыптастыру үшін ең алдымен карантиндік талаптарға баса назар аудардық. Өңірде бетперде тағу, арақашықтықты сақтау сынды қарапайым ережелерден бастап «ASHYQ» бағдарламасын пайдалану, вакциналау жұмыстарын да жеделдеттік. Ел аумағында коронавирустың екінші және үшінші толқыны ауыр болды. Ауруханаларда оттегі жетіспеушілігі, науқастар жататын орынның аздығы байқалды. Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында орталық ауруханада автоматтандырылған заманауи оттегі стансысы қойылды. Коронавируспен күреске қажетті барлық құралдар жеткізілді. Ауданның жомарт жандары да қаражаттарын аямай, қиын кезеңде көмек қолын соза білді. Ауруханалар толықтай төтенше жағдайға көшіп, сырқаттарға арналған орындар көбейтілді. Әскери лазареттің де күшін пайдаландық. 
Бүгінгі таңда жағдай сәл саябырсыды. Бұрынғыдай ауруханаға толған адам жоқ. Халық та вирустан қорғану жолдарын меңгеріп, сақтық шараларын сақтауға үйренді. 
Көл бойында да демалыс орындары «ASHYQ» қосымшасы арқылы жұмыстарын жалғастырып, Ақши, Көктұма амбулаториялары қосымша дәрігерлермен күшейтілді. 
Ендігі мақсатымыз халықты 100 пайыз вакциналау. Бүгінгі таңда екпенің бірінші бөлігін 26 101 тұрғын, екінші бөлігін 23 295 адам алды. 
– Пандемияға қарамастан өңірдегі құрылыс жұмыстары қарқынды. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту болар жобалар бар ма?
– Биыл құрылыс саласындағы қадамдарымыз қарымды. Үшарал қаласында 150 гектар жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жасалуда. Республикалық және облыстық трансферттер есебінен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан 20 және 60 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйлердің де құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, Ақтүбек ауылында 150 орындық Мәдениет үйінің құрылысы басталған. Нысанға 517 млн. теңге бөлінген. Жұмыстың аяқталу мерзімі келесі жылдың ақпан айы. Алайда мердігер компания «Алакөл-Асыл-Құрылыс» өкілдері Тәуелсіздік күніне орай Мәдениет үйін қолданысқа беруге тырысамыз деп отыр. 
Бұдан бөлек, Достық кенті мен Лепсі ауылында дене шынықтыру және спорт кешендері салынуда. Аспанасты елімен іргелес Достық ауылындағы кешен құрылысы былтыр басталған. Спорт саласына байланысты Үшарал мен Бескөл ауылдық округінде 15 млн. теңгеге воркаут орталықтары ашылды.
«7-20-25» бағдарламасы негізінде аудан орталығында 21 тұрғын үйдің құрылысы жүзеге асуда. 
Туризмнің алтын ошағына айналған Ақши, Көктұма ауылдарындағы жұмыс қарқыны жоғары. Ауызсу және кәріз жүйелерін реттеуге бюджеттен миллиардтаған қаражат қарастырылды. Көл жағалауын бекіту жұмыстары да жалғасуда. 
– Қарап отырсақ, көпшілікке көрсетер, жұртшылыққа жеткізер жағымды жаңалықтар көп. Жаңа заманның сұранысына орай әлеуметтік желілерден аудан тынысын бағалап отырамыз. Бұл ретте мерзімді баспасөз беттерінен де Алакөл жайлы көңіл қуантарлық мақалалар көптеп жариялануда. Соның ішінде облыстың ата басылымы «Жетісу» газетіне деген өзіңіздің көзқарасыңыз қандай?
– Иә, ауданның даму үдерісі өте жақсы. Күніге бір жұмыстың басын қайырып, бағалауға ұсынудамыз. Жүзеге асқан ілкімді істерімізді әлеуметтік желілерге жариялап, халық талқысына саламыз. Алайда, қолымызға ұстап, кәсіби түрде жазылған мақалаларды жариялайтын газеттердің шоқтығы биік. Әсіресе, облыстың ақпарат жүгін арқалаған «Жетісу» газетіне деген көңіл мүлдем бөлек. Облыстың ордалы басылымы арқылы барлық аудандағы істерге баға беріп, өз өңіріміз жайлы бірауыз сөз оқысақ қуанып қаламыз. Бұқара игілігін көздеген жұмыстар, ауқымды істер журналистердің қаламына ілінсе тіптен түрленіп кетеді. Жұрттың сөзін жоғарыға жеткізіп, билік пен халық арасында алтын көпір болып отырған газеттің мерейі арта берсін дегім келеді. Қазіргі таңда баспасөзге жазылу науқаны да басталды. Бір қуантарлығы, аудан тұрғындары «Жетісуға» деген ақжарма көңілін ешқашан кері тартып көрмеген. Біздің тараптан да насихат жұмыстары доғарылмақ емес. 
– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбатты жүргізген: Алмат ЕСЕНБЕКОВ

Қатысты жаңалықтар

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

04.05.2026
PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

04.05.2026
Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

04.05.2026
Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

04.05.2026
Конституция күні қазақстандықтар қалай демалады?

Мамыр айындағы демалыс күнтізбесі

04.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.