Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚАСИЕТ ТЕ, ӨСИЕТ ТЕ СІЗДЕРДЕ: ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚАРИЯЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

23 қазан 2021
РУХАНИЯТ
ҚАСИЕТ ТЕ, ӨСИЕТ ТЕ СІЗДЕРДЕ: ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚАРИЯЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Қасиет те, өсиет те қарттарда» атты салтанатты жиын өтті. Шараға Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы жанындағы «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі және «Аяулы алақан» қоғамдық қорының қолдау көрсетті. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

«Қарты бар ел – қазыналы» деп тегін айтылмаған ғой. Жастық өмірін осы елдің өркендеуі мен көркеюі жолына арнаған, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын-қыстау шақтан қазақстандықтарды дауылға да, жауынға да ұрындырмай алып шыққан аға буынның орны ерекше. Олар бүгінде зейнетке шығып, атқарған жұмыстарының рақатын көретін жасқа жетті. Сондықтан бүкіл қоғам олардың мерейін тасытып, қамқорлық жасап, қолдап-қуаттаса артық болмайды.

Осы ретте аймақтағы зейнеткерлердің басын қосып, олардың әлеуметтік жағдайына назар аударып, жетіспей жатқан жерін жебеп, ұрпақ тәрбиесіне қосып жатқан үлесін таразылап, қазақстандық патриотизмнің қалыптасуына жебеуші болып келе жатқан облыстық және аудан-қалалардағы ақсақалдар ұйымының қызметіне дән риза боласың. Алдағы уақытта ардагерлердің еңбегі бүгінгіден де жоғары деңгейде сәулеленетін болды. Бұл туралы кездесу барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт айтып берді.

– Қымбатты қауым, өздеріңізбен осындай тәрбиелік мәні зор шарада кездескеніме қуаныштымын. 1 қазан Қарттар күні етіп белгіленгенін білеміз. Алайда облыстық ардагерлер ұйымы мерекені тек бір күнмен ғана шектемей, қазан айының басынан соңына дейін түрлі шара ұйымдастырып, қарттардың қадірін арттыруды мақсат еттік. Бүгінгі шараның Оқушылар сарайында өтуінің де себебі бар. Өйткені, қарттарды құрметтеуді, сыйлауды, аялауды, ең алдымен, жастардан бастағанымыз жөн. Сондай-ақ, қарттардың білігі мен білімін, тәжірибесін жастардың бойына сіңіріп, оларды ертеңгі елдің тірегі болуға бағыттауымыз қажет. Жуырда республикалық ардагерлер ұйымының VІІІ съезіне қатысып келдім. Онда зейнеткерлерге қатысты жаңалықтар айтылды. Алдағы уақытта ардагерлерге бағытталған әлеуметтік, медициналық, тағы да басқа көмектер заң аясында атқарылатын болады. Сондай-ақ, осы күнге дейін әр бағытта жұмыс істеп келген ардагерлер ұйымдары бір заңның аясында бірлесе жұмыс атқармақшы. Бұл ардагерлер ұйымының жұмыс ауқымын ұлғайта түспек. Сонымен қатар, бүгінгі шара аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына түрлі салада еңбек етіп, үлкен жетістікке жеткен ардагерлер марапатталып жатыр, әрбіріңіздің еңбегіңіз жемісті болсын, – деді ол.

Әрине, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі. Ата-бабаларымыз ұрпаққа аманат етіп қалдырған ұлттық құндылықтарды бүгінгі өскелең ұрпаққа жеткізіп, олардың сүйіспеншілігін оятып жүрген ардагерлерге қандай құрмет көрсетілсе де жарасады. Осыған орай «Атамның алақаны» қоғамдық бірлестігі мен «Аяулы алақан» қоғамдық қоры жан-жақтылы саралап, бірқатар ардагерді түрлі номинация бойынша марапаттап, сый-сияпат тапсырды.

Сол қатарда білім саласы бойынша Әукен Қазыбаев, денсаулық сақтау саласы бойынша Татьяна Уханова, мәдениет саласы бойынша Мұратхан Егінбаев, өнер, әдебиет, журналистика саласы бойынша Әли Ысқабай, ауылшаруашылық саласы бойынша Айдарбек Жантайлақов, қоғамдық істердегі үлесі үшін Мұрат Халық, ішкі істер қызметінің ардагері Болат Молдабеков, мемлекеттік қызметтің ардагері Светлана Гаитова, ұлттық қолөнерді ұлықтап жүргендер арасынан Әуесхан Мажай марапатқа ие болды.

Шара аясында Әли Ысқабай, Әукен Қазыбаев, Татьяна Уханова, Светлана Гаитова ардагерлердің алғысын жеткізді. Шараның соңында облыстық ардагер әжелер хоры мен Оқушылар сарайының өнерпаздары әннен шашу шашып, бұрала би билеп шараның көркін аша түсті. Ардагерлер мен жастар арасындағы береке-бірлік осылай тағы бір белеске көтерілді.

Қажет АНДАС

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Антальядағы COP31 көрмесінде қазақ қыздары көпшілікті тәнті етті

Антальядағы COP31 көрмесінде қазақ қыздары көпшілікті тәнті етті

Бүгін, 10:01
Бір аптада мас күйінде көлік басқарған тоғыз жүргізуші ұсталды

Бір аптада мас күйінде көлік басқарған тоғыз жүргізуші ұсталды

Бүгін, 09:30
13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

Бүгін, 08:47
Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.