Талдықорған: +18°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АУЫЛДЫ ДАМЫТУДЫҢ АУҚЫМДЫ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

21.10.2021
ЭКОНОМИКА
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АУЫЛДЫ ДАМЫТУДЫҢ АУҚЫМДЫ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Үкімет басшысы Асқар МАМИННІҢ төрағалығымен кезекті жиын өткізілді. Онда қазіргі таңдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру барысы қаралды. Басқосуға министрлер мен облыс әкімдері онлайн режимде қатысты. Отырыста министрлерден бөлек Павлодар, Қостанай және Алматы облысының әкімдері баяндама жасады.

Алдымен елдегі эпидахуал жайында есеп берілді. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой індеттің таралуы бәсеңдегенін, жағдай тұрақты екенін жеткізді. Бүгінде індетке қарсы екпенің бірінші компонентін қабылдағандар 8 миллионнан асқан. Ал екінші бөлігін алғандар саны 7,2 миллионға жуықтаған. Соңғы мәлімет бойынша «жасыл аймақта» Шымкент қаласы, Ақтөбе,  Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстары, «сары аймақта» Атырау, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр. Ал қаупі жоғары «қызыл аймақта» Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр.

Денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы тұмауға қарсы егу науқаны да қарқынды жалғасып жатқанын баяндады. Қазіргі уақытта 1,4 миллион қазақстандық тұмауға қарсы екпе алған. А.Цойдың айтуынша, елде соңғы екі аптада індеттің таралу көрсеткіші 17 пайызға дейін төмендеген. Өлім-жітім кейінгі үш айда 3,6 есеге азайған.

Үкімет отырысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды. ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің сөзіне жүгінсек, осы бір жобаның аясында алдағы бес жылда қаржыландыру көлемі 800 миллиард теңгеге дейін ұлғаяды. Қазақстандағы барлық ауылдарды жаңғыртуға 1,3 триллион теңге жұмсалмақ. 2025 жылы ауылдық жерлерді сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайыз болады. Кентішілік жолдардың жай-күйі жақсартылады, инженерлік желілер, бірнеше мыңдаған әлеуметтік инфрақұрылым нысандары салынады және жөнделеді, 5 мың ауыл мектебі жаңғыртылады. Жалпы, мыңға жуық жоба іске асырылады. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2,5 есе артады, қайта өңделген өнімнің үлесі 70 пайызға дейін өседі, өнім экспорты екі есе артады. Аталмыш жоба аясында бір миллион ауыл тұрғыны табысын арттырып, ауылшаруашылығында 500 мың жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Жиында «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша Алматы облысының әкімі Амандық Баталов есеп берді. «Ағымдағы жылы халық саны 298 мың адамды құрайтын 41 ауылдық елді мекенде 18,4 миллиард теңгеге 55 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде дене шынықтыру комплексі, 1500 орынға 3 мектеп, 5 Мәдениет үйінің құрылыстары және 13 әлеуметтік объект және 124 шақырым жол, 59 шақырым су жүйесі жөндеуден өтетін болады. Барлық 55 жоба бойынша конкурстық рәсімдер өткізілді және жұмыс басталды. Оның ішінде 4 жоба аяқталды», – деді Амандық Ғаббасұлы.

Әкімнің сөзінше, қазіргі кезде мердігерлердің қатысуымен бірнеше кеңес өткізілген. Объектілер, ондағы құрылыс барысы әкімдік тарапынан толық бақылауда. Бірақ кейбір құрылыстардың жобалық сметасы қайта есептеліп жатыр. Есеп біткеннен кейін қаражат мердігерлерге аударылады. «Жыл соңына дейін бөлінген қаражат толығымен игеріледі, объектілер іске қосылады. Бағдарламаны іске асыру тұрақты бақылауда тұр», – деді Алматы облысының әкімі.

Отырыста Қостанай, Павлодар облысының әкімдері де есеп беріп, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асып жатқан игі істерді баяндады. Үкімет басшысы облыс әкімдерінің есебінен соң жиынды қорытындылап, салаға жауапты тұлғаларға бірнеше тапсырма жүктеді. «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру арқылы халықтың өмір сүру сапасы артатынын еске салған Асқар Ұзақбай- ұлы аграрлық-өнеркәсіптік кешенді қаржыландыру ісін ары қарай жалғастыруды міндеттеді.

Гүлжан ТҰРСЫН

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

04.05.2026
PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

04.05.2026
Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

04.05.2026
Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

04.05.2026
Конституция күні қазақстандықтар қалай демалады?

Мамыр айындағы демалыс күнтізбесі

04.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.