Талдықорған: +18°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЖЫРҒА АЙНАЛҒАН «АЛТЫН ОРДА» ЖОЛЫ БИЫЛ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ: ВИЦЕ-МИНИСТР САПАРЫ

15.09.2021
ЭКОНОМИКА
ЖЫРҒА АЙНАЛҒАН "АЛТЫН ОРДА" ЖОЛЫ БИЫЛ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ: ВИЦЕ-МИНИСТР САПАРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ауызекі тілде «Алтын Орда» жолы аталып кеткен, бірнеше жылдан бері жөнделіп бітпей келе жатқан күре жолдың күрмеулі тұсы жыл соңына дейін толықтай шешімін тауып, пайдалануға беріледі. Бұл туралы Алматы облысына арнайы жұмыс сапарымен келген Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев мәлімдеді.

Бұл – Алматы-Бішкек республикалық автожолының Қарасай ауданының аумағынан өтетін 16-19-шы шақырымы. Бүгінде құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан дәл осы жерде вице-министр бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, сұхбат берді. Сондай-ақ құрылысқа жауапты мердігер ұйымның жетекшілері журналистерді істің жайымен таныстырды.

Айта кетерлігі, мұндағы жолды кеңейтіп салу жұмысы 2018 жылы басталған болатын. Алайда құрылысы ұзаққа созылып кетті. Жұмыстың кестеден ауытқуы осы маңдағы көлік кептелісі мәселесін шешуді кешеуілдетіп келеді. Бұл әйгілі «Алтын Орда» базарының тұсымен ары-бері сапар шеккен жолаушыларға айтарлықтай қолайсыздық тудыруда. Алғашқы мердігер «Дәулетжолқұрылысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобаны кешіктіруі салдарынан жұмыс  мерзімінен бір жыл кейінге қалған. Сол себепті аталған компаниямен келісімшарт бұзылып, маусым айынан бастап екінші мердігер «Сине Мидас Строй» ЖШС жұмысты өз мойнына алған.

Министрдің орынбасары Берік Сайлауұлы жолдың барлық талаптар бойынша сапалы жасалып жатқандығын айтты. Бүгінде мұнда құрылыс қарқынды. Жұмыс күндіз-түні тынбастан атқарылуда. 230 жұмысшы екі ауысымда тәулік бойы жұмыс істейді. Бұрынғы екі жолақты жол кеңейтіліп, 10 жолаққа жеткізілмек. Оның сегізі жалпы көлік ағынына арналса, екеуімен тек қана арнайы транспорттар жүретін болады. Жалпы жоба құны 11,5 миллиард теңге.

Жолдың ұзындығы – 3,86 шақырым. 2021 жылға дейін 7 миллиард теңгесі игерілген. Биылға 4,5 миллиард теңге бөлініпті. Журналистерге жұмыстың 90 пайызы орындалғаны баяндалды. Енді қазан айының соңына қарай монолит құю жұмыстары бітіп, одан әрі жарықтандыру, айналасын абаттандыру сияқты шаруалар жүзеге асырылмақ. Ал қарашаның ортасында жалпы жұмыс толығымен аяқталады.

Тілшілермен тілдескен вице-министр жыл соңына дейін жоба толық аяқталып, маңызды жол қолданысқа берілетінін жеткізді. Бұл – жолаушылар үшін жағымды жаңалық. Жағалай «Алтын Орда» әмбебап сауда кешені, «Апорт» және басқа да ірі сауда орталықтары орналасқан осы жолмен бүгінде күніне 40 мыңнан астам көлік арлы-берлі өтеді. Дәл осы тұстағы көлік кептелісінде сағаттап уақытын жоғалтатын көпшілік күре жолдың ашылуын асыға күтіп отыр. 

Өңірге жасаған жұмыс сапары барысында вице-министрге аталған жолдан өзге учаскелердегі жобалар да көрнекі ақпарат түрінде таныстырылды. Олар Алматы — Нұр-Сұлтан автожолының Қарасай ауданы Жібек жолы бекетіндегі айналма жолының 42-49 шақырымы, сонымен қатар, «Қаскелең-Күрті», «Алматы-Ұзын- ­ағаш» жолдары. Сондай-ақ «Алматы-Космостанса» жолын күрделі жөндеудің жобалау құжаттамалары назарға ұсынылды.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Қарасай ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.