Талдықорған: +24°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ҰЛТ МҰРАСЫН ДӘРІПТЕГЕН ИСАБЕКОВТЕР 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ИЕЛЕНДІ

10.09.2021
ӘЛЕУМЕТ
ҰЛТ МҰРАСЫН ДӘРІПТЕГЕН ИСАБЕКОВТЕР 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ИЕЛЕНДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Отбасы күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен онлайн форматта «Мерейлі отбасы – 2021» ұлттық байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты рәсімді ашқан Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

«Мен Қазақстандағы әр шаңырақ берік болып, әрбір әулет бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын. Сол үшін отбасы саясатына баса мән беремін. Ұрпақтың бойындағы адамгершілік пен адалдық, еңбекқорлық пен мейірімділік, ұлтжандылық пен отаншылдық сияқты асыл қасиеттердің бәрі, ең алдымен, отбасында қалыптасады. Қазақ – қашанда ата-ананы сыйлаған, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген жұрт. Қазіргі жаһандану заманында рухани құндылықтарды халқымыздың өмір салтына айналдыру – аса маңызды міндет. Жыл сайын «Отбасы күніне» орай өткізілетін ұлттық байқау бұған зор үлес қосуда. Оның, әсіресе, жастар үшін берер тағылымы мен тәлім-тәрбиесі зор», – делінген Президент құттықтауында.

Биылғы байқаудың ерекшелігі, әр аймақтан бір лауреат, демек, республика бойынша 17 үздік отбасы белгіленді. Алматы облысынан лауреат атанған Исабековтер отбасына да бұл күнгі шарада ілтипат көрсетіліп, Мемлекет басшысының атынан естелік сыйлықтар табысталды. Бұл рәсімді атқарған Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов арнайы диплом және 5 миллион теңгелік сертификатпен жеңімпаз отбасын марапаттады. Өз кезегінде  республика, облыс басшылығына алғысын жеткізген Мұхамед Баетбайұлы:

– Ұлттық байқаудың жеңімпазы атанғанымызға өте қуаныштымыз. Бұл сіздердің үлкен қолдауларыңыз бен өмірлік тәжірибеміз, ата-анамыздың бойымызға сіңірген үлгі-өнегенің арқасы деп білемін. Тәрбиенің үлкені – ата-бабамыз айтып кеткен обал деген сөзде жатыр. Бұл сөзді балалардың құлағына құйып, көкірегіне сіңіріп өсірсек, мейірімді ұрпақ тәрбиелейміз. Ата-әжесінің қолында, қариялар тәрбиесін көріп өскен бала жаман болмайды, ертең ел-жұртына қамқор болып, шуағын шашады, – деді.

Айтса айтқандай 6 бала, 13 немере өрбітіп отырған Исабековтер әулетінің негізгі тірегіне айналып отырған да тағылымды тәрбие, әке-шешенің балаларға беріп келе жатқан үлгі-өнегесі. Отағасы Мұхамед Баетбайұлы құсбегілікпен қатар тазы өсірумен айналысып, қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғыртуда. Бүгінгі таңда өздері тұратын Еңбекшіқазақ ауданында «Жеті қазына» мұражайын ашып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде. Бау-бақша өсіру жағынан да тәжірибесі мол отбасы ауыл тұрғындарына өз білгендерін үйретіп, қолынан келген көмегін аямауда.

Отбасылық кәсіптің негізін қалаушы Мұхамед Баетбайұлы 2007 жылы Ұлыбританияда өткен Халықаралық бүркітшілер сайысында «Үздік бүркітші» атанса, 2013 жылы Қырғыз елінде өткен «Құсбегілер» байқауында жүлделі 1-орынға ие болған. Ғылымға сіңірген ерен еңбегі үшін Слуцкий атындағы №1 медальдің иегері атанған. Жылдың үздік төрешісі номинациясы бойынша да «Алтын тұғыр» марапатын алған. Ұлттық спортты дамытуға  қосқан үлесі үшін көптеген Алғыс хат пен Мақтау қағаздарын иеленген.

Отанасы Ботагөз Көшкінова «Күміс алқа» медалінің иегері, «Жеті қазына» мұражайының жәдігерлерін жинақтаушы. Әулеттің ұрпақтары да құсбегілдік, саятшылық кәсіпті меңгеріп, мұражайда жемісті еңбек етуде.

Үлгілі отбасы атанып, облысымыздың мерейін тасытқан әулеттің өнегелі жолы басқа жас шаңырақтарға үлгі болары сөзсіз. Бұл жеңіс те оңайшылықпен келген жоқ.

Биыл еліміз бойынша өңірлік конкурстық комиссияларға барлығы 2768 өтінім келіп түссе, облысымыздан байқауға қатысуға 410 отбасы ниетті болған. Осының ішінен іріктелген 20 отбасы облыстық байқауда бақ сынаған. Онда 4 отбасы жеңімпаз деп танылып, Еңбекшіқазақ ауданынан қатысқан Исабековтер ел көлемінде өтетін ұлттық байқауға жолдама алды. Нәтижесінде ел-жұртымыздың мерейін асқақтатты. Үлгілі отбасының жеңісі мен жемісі әр шаңыраққа шуағын шаша берсін дейміз.

Алма ЕСЕНБАЙ

Алматы облысы

 

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026
Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.