Темірбетон бұйымдарының өзге құрылыс материалдарымен салыстырғанда айтарлықтай артықшылықтары бар. Мәселен, ол ауыр жүктемелер мен отқа төзімді әрі каррозияға да ұшырамайды. Бүгінгі таңда бұл құрылыс бұйымы кең таралған материалдардың біріне айналды және құрылыстың барлық саласында қолданылады.
Қазақстан Республикасының Президенті жүргізіп отырған отандық өндірушілерді қолдаудың дәйекті саясаты қазақстандық кәсіпкерлерге экономиканың түрлі саласында импортты алмастыратын, бәсекеге қабілетті өнім өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Қазіргі таңда қазақстандық кәсіпорындар әлемдік стандарт талаптарына сай өнім шығарады.
«ФИРМА «БЕНТ» ЖШС – осы дәйекті саясаттың арқасында өзінің қуаттылықтары мен жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, ел үшін стратегиялық маңызы бар өнім шығаратын жетекші кәсіпорындардың біріне айналған елдегі экономикалық субъектілердің бірі. Кәсіпорынның негізгі өнімдері – заманауи неміс технологиясы бойынша шығарылған, еуропалық үлгіде танылған темірбетон шпалдары.
– Сондықтан болар, біздің компания сенімді жеткізуші ретінде лайықты беделге ие және көптеген кәсіпкерлік субъектілермен тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де ұзақ мерзімді байланыста. Біз алдымен өнім сапасына ерекше көңіл бөлеміз. Себебі, ол сенімділік кепілі болып табылады,– дейді «ФИРМА «БЕНТ» ЖШС президенті – Дінмұхамед Ділмұратұлы.
2021 жылы компания «Ресей Жинақ банк» АҚ ЕБ-не айналым қаражатын толықтыруға өтініш берді. Жобаға «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік қолдау және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде «Даму» қоры қолдау көрсетті. Нәтижесінде пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігі несиелік сыйақы мөлшерлемесі бойынша жылдық 14 пайызбен 8 пайыз мөлшерінде субсидияланды.
Бүгінгі таңда «ФИРМА «БЕНТ» – өндірістің әртүрлі өндірістік құрылымы бар, елдегі қуатты өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі. BENT фирмасының қызметі екі негізгі бағытта ұсынылған. Олар: өнеркәсіптік, ауыл және тоған шаруашылығы.
А. ЫБЫРАЙ
Іле ауданы
Сурет ғаламтордан алынды





