Талдықорған: +35°C
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТАСҚА ЖАЗЫЛҒАН ТАРИХ

03.09.2021
КҮЛТӨБЕ
ТАСҚА ЖАЗЫЛҒАН ТАРИХ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ даласы бірнеше мыңдаған, жүздеген, ондаған жылдар тарихынан әртүрлі мағлұматтар беретін ескерткіш түрлеріне өте бай. Солардың бірі – петро­глифтер. Петроглиф – латынның «петро» – тас және гректің «глиф» – жазу деген сөздерінен құралған термин. Қазақ тілінде  жартастағы жазу немесе сурет деген ұғымды білдіреді.


Сонау жоғарғы полеолит дәуірінде пайда болып, қазіргі заманға дейін келіп жеткен жартас суреттері, бір жағынан, оларды салған адам баласының рухани жан дүниесін көрсететін «ашық аспан астындағы галерея» болса, ал екінші жағынан, өткен дәуірлер мен қоғамдар тарихы үшін теңдесі жоқ дерек көздерінің бірі. Себебі, петроглифтерден біз ата-бабаларымыздың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылығы мен кәсібіне, діни наным-сенімдері мен әдет-ғұрыптарына, дүниетанымына, қоршаған ортамен қарым-қатынасына және тағы басқа да іс-әрекеттеріне байланысты мағлұматтарды ала аламыз.

Қазақ даласы осындай  мағлұматтар беретін жартас суреттері жиынтық орындарының көптігі жөнінен Еуразия континентіндегі алдыңғы орындардың бірін алады. Осы уақытқа дейін Қазақстанда әр тарихи кезеңді қамтитын 200-ден астам жартас суреттерінің шоғырланған орындары белгілі болып отыр. Солардың ішінде  жан-жақты зерттеліп, ғылыми айналымға түскендері: Таңбалы, Ақбауыр, Арпаөзен, Баянжүрек, Ешкіөлмес, Қойбағар, Майдантал, Мойнақ, Теректі әулие. Аталмыш ескерткіштерге байланысты еліміз бен бірқатар шетелдердің баспа беттерінен арнайы еңбектер жарық көріп, өз орындарын әлем мәдениеті мен ғылымның алтын қорынан тапса,  олардағы кейбір бейнелер түрлі басылымдардың мұқабасын безендіріп, халықаралық конференциялар мен байқаулардың және т.б. таңбасына айналып отыр.

Петроглифтерді зерттеу барысында көптеген қыры мен сырын, соның ішінде, ең алдымен, мәдени мұра мәселесін, оның қайнар көзі мен жаңғыру жолдарын айқындасақ,  ондағы кейбір сюжеттер ата-бабамыздың дәстүрлі мәдениетінің жоғалып бара жатқан компоненттерін, шаруашылық-мәдени типтерінің ерекшеліктерін, қоршаған ортамен және көрші елдермен қарым-қатынастарын, рухани жан дүниесін, философиялық, эстетикалық көзқарастарын түсіндіру үшін таптырмайтын бірден-бір дерек көзі.

Өз бастауын сонау көне замандардан алатын бұл суреттер құрамы жағынан да, мағынасы жағынан да алуан түрлі. Олардың арасынан жеке бейнелерден бастап көп бейнелі күрделі композицияларға дейін кездестіруге болады. Сол көріністер мен композицияларға жасалған сараптау мен жүйелеудің нәтижесінде біз оларды әскери тұрмыс; зооморфты образдар мен аңшылық сюжеттері; ұста құралдары мен зергерлік өнер туындылары; қатынас-тасымал көліктері; атрибуттар, символдар және культтік бейнелер мен ғұрыптық би билеушілер  сияқты бірнеше тақырыптарға топтастырдық. 

Басқа халықтар сияқты сақтар да табиғаттың тылсым күштеріне күнге, оның күркіреуіне, найзағайға, жел-дауылға табынған, осынау құбылыстар оларға құдай бейнесі секілденіп көрінген. Олардың түсінігі бойынша құдайлар, қанатты тұлпарлар, ат-самұрықтар сияқты қиялдан туған аңдар мен құстар, жануарлар бейнесінде де көріне беретін болған. Осынау бейнелердің мифология мен ауыз әдебиетінен кең орын алатыны сондай, Еуразия даналары өнерінде өзгеше бір «Аң стилін» тудырған.

Сақ тайпалары «нүктелі техника» деп аталатын суретшілік әдісін қолдана бастаған. Олар өздері мекендеген жерлердегі жартастарға аңшылық, малшылық тұрмысты «нүктелі техника» әдісі арқылы бейнелеген, жабайы хайуандар мен табиғат күштерін «кие» деп табынатын діни ұғымды білдіретін суреттер салған. Мұндай жартас суреттерінде қайқы мүйіз таутеке, бұғы,  жылқы сияқты хайуандар жиі кездеседі. Кейбіреулерінде садақ тартып тұрған адам бейнесі де бар. Бұл сияқты жартас суреттері Шинжаңның Алтай, Тянь-Шань, Тарбағатай тауларының барлық жерінен табылған.

Соңғы он жыл көлемінде зерттеу жұмыстарының қарқынды жүруіне байланысты Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда ежелгі тасқа қашалған көптеген өнер ескерткіші табылды. Олардың ішінде Шығыс Жетісудағы Баян-Жүрек, Жетісудың батыс бөлігіндегі және Қаратаудың оңтүстік беткейлерінде петроглифтердің ірі шоғыры бар. Аталған ескерткіштердің ішінде бұрын белгісіз болып келген әр дәуірде салынған мыңдаған ежелгі суреттер бар. Осындай тасқа қашалған өнердің ірі ескерткіштерімен қатар тек 2004-2008 жылдар аралығында зерттеушілер үшін маңызы зор бірнеше басқа да петроглифтердің шағын шоғыры табылды. Олардың қатарына  Серіктас, Лабасы, Қарақыр, Қайшы, Алмалы, Құлжабасы, Басбатыр, Ақтерек, т.б. тауларындағы петроглифтерді жатқызуға болады. Ежелгі өнерді, қола, ерте темір дәуірі мен орта ғасырдағы тайпалардың пұтқа табынушылық діни сенімдері мен ұғымдары материалдық мәдениеттің бөліктерін зерттеу «Мәдени мұра» бағдарламасының құрамдас бөлігіне айналды.  

Бірақ әлі де көптеген ескерткіштер зерттеле қойған жоқ. Алғашқы қауымдық өнерді зерттеушілердің алдына жаңа міндеттер қойылып отыр: жаңа суреттерді зерттеумен байланысты, бір жағынан, оларды бүгінгі күнге қарағанда кезеңдерге бөлу қажеттілігі туындады, екінші жағынан, Қазақстан мен Жетісу петроглифтерін неғұрлым ерте кездегі топқа жатқызуды, оның ішінде ежелгі өнердің бастауларын табуды ұсынған авторлардың еңбектері жариялануда. Бұл түсінікті де, өйткені  Сібір, Алтай, Моңғолия, Өзбекстан петроглифтері туралы жарияланымдардың авторлары мұндай бастауларды тас ғасыры деп біледі. 

Дегенмен,  зерттеушілер арасында петроглифтердің ежелгі тобы туралы бірыңғай пікір жоқ деуге болады. Петроглифтердің негізгі бөлігін барлық зерттеушілер энолит және қола дәуіріне жатқызады. Петроглифтердің ежелгі тобының датасын табу, тереңдету және дәлдеу  Қазақстандық археологтардың да  алдында тұрған міндет. Оны таяу маңда шеше қою қиын, бірақ, бұл бағыттағы жұмыстар  жалғасуда.

Бұл міндеттердің күрделілігі, энолит және ерте қола дәуірінде Еуразия тұрғындарының көшуі мен қозғалысының жолдары әлі де зерттелуде. Мәселен, көші-қон және мәдениеттердің өзара ықпалы туралы В. Д. Кубарев былай деп жазады: «Қаракөл ескерткіштері окундіктерімен кереметтей ұқсас болуының өзі Шығыс Еуропаның шұңқыр-катакомбалық мәдениеттері мен Минусинск жырасының (котлован) энолиттік ескерткіштері  арасындағы аралық буын бола отырып, көші-қон жолдарының бәрін айқындап береді. Көші-қон жолдарының сол «қарақшыларын» немесе «белгілерін» Моңғол Алтайының қола дәуіріне жататын петроглифтерін зерттеу барысы арқылы да айқындауға болады. 

В. А. Новоженов Байқоңыр пе-­­ троглифтерін талдап, ежелгі дәуірдегі тайпалардың көші-қон мәселесін зерделей отырып, Қазақстан петроглифтерінде екі кезең көрініс тапқан деген қорытындыға келеді.

Оның бірінші кезеңі – ежелгі-шұңқырлы мәдени-тарихи қауымдастық тайпаларының шығысқа қарай қозғалуымен байланысты болса, екіншісі қарасұқ мәдениеті тайпаларының шығыстан батысқа қарай Қазақстанға кері қозғалуымен байланысты. 

Қазақстанға кері оралу қозғалысы онша байқалмайды, дейтұрғанмен оны жоққа шығаруға да болмайды, өйткені Оңтүстік Қазақстанның бірнеше өңірлерінде кішкене тұмсықты бұғылар салынған моңғол суреттерінің классикалық үлгілері табылды.

Жетісудағы Ешкі-Өлмес петро­- глифтеріндегі шығыс дәстүрлері оларды ежелгі өнердің алтай ескерткіштерімен жақындастыра түседі.
Қола дәуіріне жататын федоровтық тайпалар тобының Жетісуда оңтүстікке карай қозғалуы туралы Е. Кузьмина жазды. Ол феодоровтық мәдениетке жататын тайпалар оңтүстікке қарай көшпестен бұрын белгілі бір уақыт ішінде Алакөл тайпаларымен байланыста болды, бұл Жетісу ыдыстарын дайындау мен өрнектеуде көрініс тапты деп есептейді.

Мұндай жағдайдың Шығыс Жетісудың таулы аймағындағы кейінгі қола дәуірі тайпаларының материалдық мәдениетінен табылуы осының дәлелі болады.

Жинақталған материал бір мәдениеттердің екіншісіне ықпалын байқауға мүмкіндік береді (сирек жағдайларда), бірақ,  бұл петроглифтердің ежелгі тобын нақты түрде бөліп қарауға аздық етеді.

Қазақстан археологтары осы немесе өзге ауданның қоныстану кезеңін анықтау мен айқындау мақсатында тастағы суреттер жинақталған аймақтарға бірнеше мәрте қазба жұмыстарын жүргізген болатын. Құйған І, ІІ, ІІІ; Көксу өзені аңғарындағы Талапты І, және ІІ қорымдары, Талапты қонысы және Ешкі-Өлмес тауларындағы бірнеше дәуірлерге жататын тасқа қашалған суреттер зерттелді. Материалдық мәдениеттің ескерткіштерін  зерттеу Баян-Жүрек тауларында және Қасқарау алқабының тау етегінде орналасқан қола дәуірінің қоныстары мен қорымдарында да жүргізілді. Осындай қазба жұмыстары Құлжабасыда жасалды, онда қола дәуірі петроглифтері, сол кезеңнің қонысы және  Аңырақай обасы мен моласы зерттелген. Кешенді зерттеу нәтижесінде қола дәуіріне жататын бұл ежелгі қоныстар мен молалар,  аталған тастағы жазулар қола дәуірінде салынғандығы анықталды.

Сонымен Орта Азия үшін тасқа қашалған өнер ескерткіштерінің уақытын белгілеу, дәл анықтау әлі жүзеге аса қойған жоқ, бұл оларды Қазақ­станда зерттеуге қиындық туғызады.  Бүгінде Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудан неолит дәуірінің кейбір тұрақтары, неолиттік пен энеолиттік индустрияның көптеген олжалары ғана табылды.

Жетісуда б.з.д. ІІ мыңжылдық басында болған Биғаш қонысына қазба жүргізілген. Ерте қола дәуірінің ескерткіштерін В. К. Мерц зерттеген. Бірақ бұлар тасқа қашалған суреттермен бірыңғай кешенді білдіре алмайды және петроглифтердің ерте сатысын бөліп қарау үшін негіз  де бола алмайды. Қорыта айтқанда, жалпы жартас өнері тарихшы ғалымдардың  әлі де тың зерттеулерін  талап етеді.

Ринат Шарипов,
«Таңбалы» қорық-музейі 
директорының ғылым жөніндегі 
орынбасары

 

Қатысты жаңалықтар

Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

23.07.2026
Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

23.07.2026
Үйіңіздің маңына біреу қоқыс тастаса да айыппұл арқалауыңыз мүмкін

Үйіңіздің маңына біреу қоқыс тастаса да айыппұл арқалауыңыз мүмкін

23.07.2026
Алакөл жағалауында дронмен рейд жүргізілді

Алакөл жағалауында дронмен рейд жүргізілді

23.07.2026
Алакөлде заң бұзғандарға 150 мың теңге айыппұл салынды

Алакөлде заң бұзғандарға 150 мың теңге айыппұл салынды

23.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.