Талдықорған: +15°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕР СӨЗ БОЛДЫ

12.08.2021
ЭКОНОМИКА
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕР СӨЗ БОЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың төрағалығымен Жетісу аумағында салынып жатқан және алдағы уақытқа жоспарланған құрылыс жұмыстарына байланысты селекторлық жиын өтті. Онда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан құрылыстардың бүгінгі жағдайы, алдағы салынуға тиісті құрылыстардың жобалық-сметалық құжаттамасының дайындалу барысы және салынып жатқан құрылыстардың сапасын бақылау мен қадағалау барысында орын алған кемшіліктер сөз болды. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Орын алған кемшіліктер бойынша облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Османбаев баяндап берді. Оның айтуынша, биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде бюджеттік қаражат есебінен жалпы ауданы 191,3 мың шаршы метрді құрайтын 2603 пәтерлі 521 тұрғын үйді іске қосу жоспарланған. Алайда қазіргі таңда кейбір аудан және қалаларда тұрғын үйді іске қосу жоспарының орындалмау қаупі туындап отыр.

Атап айтар болсақ, Кеген ауылындағы 36 пәтерлі  жалға берілетін тұрғын үй, Панфилов ауданы Нұркент қаласында 60 пәтерлі 2 және 80 пәтерлі 2 тұрғын үй, Райымбек ауданы  Нарынқол  ауылындағы  50 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үй, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылындағы 60 пәтерлі тұрғын үй, Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы 72 пәтерлі тұрғын үй, Талғар қаласындағы 72 пәтерлі 3 тұрғын үй, Ақсу ауданы Жансүгіров ауылындағы 30 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үй, Алакөл ауданы Үшарал қаласында 60 пәтерлі тұрғын үй, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылындағы 50 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй, Талдықорған қаласындағы коттедж қалашығы, 8 шағынауданындағы бірнеше үйдің құрылысы келісілген уақытта қолданысқа берілмейтіні белгілі болуда. Арасында қолданысқа беру мерзімі өтіп кеткендері де бар. Сондай-ақ, Талдықорған қаласы бойынша 7 тұрғын үй нысанының мердігер мекемелермен және техникалық бақылау жүргізетін ұйымдармен келісімшарт жасалмағандықтан құрылыс жұмысы басталмаған. Осыған байланысты биыл Талдықорған қаласы бойынша 5,3 млрд.теңге бюджеттік қаражаттың игерілмеу қаупі туындап тұр.

Келесі кезекте алдағы уақытта құрылыс нысандары салынатын жер телімдерін анықтау және инженерлік желілермен қамтамасыз етуге қатысты Талдықорған қаласы, Ақсу, Алакөл, Панфилов, Ұйғыр, Кеген, Кербұлақ, Райымбек, Іле, Талғар аудандарындағы проблемалық мәселелер сөз болды.  Осыған байланысты облыстық құрылыс басқармасы аудан және қала әкімдіктеріне жоғарыда аталған мәселелерді ерекше бақылауға алу қажеттігі туралы бірнеше рет тапсырмалар берген. Алайда аталған аудан, қала бойынша құрылыс саласына дұрыс назар аударылмай келеді. Сонымен қатар, Талғар, Кербұлақ, Панфилов аудандары мен Текелі қаласындағы жалгерлік және кредиттік тұрғын үйлердің инженерлік желілері мен абаттандыру жұмыстарының мердігер ұйымы «Монолит» және «Град центр» ЖШС-мен ҚМЖ жұмыс жүргізу кестесінен кешігіп жүргізілуде.

Баяндамадан соң аталған аудан-қала басшыларынан жұмыстың неліктен кешігіп жатқан себебін егжей-тегжейлі сұрап, мәселенің мәнін анықтаған Лаззат Махатұлы:

– Тұрғын үй нысандарының мерзімінде іске қосу және бөлінген бюджет қаражатын уақтылы игеру мақсатында аудан, қала әкімдері нақты шара қабылдап, осы мәселелерді ерекше бақылауға алуы қажет, – деп тапсырма берді.

Соңында облыс аумағындағы салынып жатқан құрылыстардың сапасын бақылау және қадағалау барысында орын алған кемшіліктер сөз болып, оны түзету туралы да тапсырмалар жүктелді.

Қажет АНДАС

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.