2008 жылы құрылған «АВЗ» ЖШС Қазақстандағы желдету жабдықтары мен климаттық технологияларды шығаратын жетекші және жалғыз кәсіпорын. Негізгі қызметі: ғылыми-өндірістік, климаттық технологиялар мен желдету жабдықтарын әзірлеп, сату.
Дайын өнім өндірістік желдетудің барлық спектрін қамтиды. Аталған серіктестік шығаратын желдету жабдықтары құрылыс каталогтары мен анықтамаларына енгізілген, жобалық ұйымдар мен кәсіпорындардың техникалық қызметтері жаңа құрылыстарды жобалау кезінде ғимараттарға, құрылыстарға, технологиялық жабдықтарға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде осыны басшылыққа алады.
– Компания өз қызметінде қауіпсіздік талаптарын барынша сақтауға тырысады. Жабдықтың сапалы болуын, қоршаған ортаны қорғау, энергия үнемдеу технологияларын пайдалануды басты талаптың бірі ретінде қараймыз, – дейді «АВЗ» ЖШС басшысы Нұрғали Буксиков.
2021 жылы компания «Нұрбанк» АҚ-нан айналым қаражатын толықтыруды өтінді. Жобаны «Даму» қоры «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік қолдау және бизнесті дамыту бағдарламасы аясында қолдады. Нәтижесінде қарыз бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 14 пайыз болса, сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі 8 пайыз мөлшерінде субсидияланады.
Қазіргі уақытта өндірілетін жабдықтың ауқымы өлшемді қондырғылардың 100-ден астам түрін қамтиды және шартты түрде бірнеше топқа бөлінеді. Олар: жалпы өндірістік және жергілікті желдетуге арналған желдеткіштер, түтін шығаратын желдеткіштер,өрттен сақтайтын, түтінді кетіретін және жалпы өндірістік клапандар, орталық жақтау панелінің жабдықтау камералары (ПКЦКП), ауаны жылыту жүйелерінде қолдануға арналған торлар, сүзгілер, демпферлер, басқа да желілік элементтер.
Аталған компания жайлы толық білгілеріңіз келсе, Instagram: avzkazakhstan, Веб-сайт: https://avzv.kz/, + 7 (727) 304-20-98 телефоны арқылы байланыса аласыздар. Мекенжайы: Іле ауданы, Қоянқұс ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 8 «А».
Азамат СӘДУАҚАСОВ,
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының облыс бойынша аймақтық
филиалының бас менеджері





