Талдықорған: +3°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

ЕСКЕЛДІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

11.07.2021
ІЗГІЛІК ІЗІ
ЕСКЕЛДІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ескелді ауданында «Жетісу — Ұлы Жібек жолының басты қақпасы» атты қолөнершілердің қайырымдылық көрме-жәрмеңкесі өтті. Онда аймақтың әр түкпірінен келген шеберлер қолдан жасалған бұйымдарын ұсынды. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрмені Ескелді ауданының әкімдігі «Алтын Адам Жетісу шеберлер орталығы» қоғамдық бірлестігі, облыстың Іскер әйелдер кеңесі, облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы, «Алпамыс» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырды.

– Көрменің мақсаты – қолөнер шеберлігін дәріптеу, оны халық арасында өзекті ету, қолөнершілерге тәжірибе алмасу жағдайын жасау. Бірқатар шеберлер мемлекеттік бағдарламалардың қатысушылары, соның арқасында өз ісін дамытып, шеберлік сабақтарын өткізеді. Сондай-ақ, олар ұлттық қолөнерді ары қарай жалғастыру және сақтау үшін балалары мен немерелеріне үйретіп келеді. Облыстағы көптеген қолөнерші «Алтын адам Жетісу шеберлер орталығы» қоғамдық ұйымына біріккен. Олардың  ұлттық өнерді бұқараға танымал ету бастамасы қуантады, – дейді облыстың іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Римма Салықова.

Ашылу салтанатында аудан әкімі Рустам Әли халық қолөнерінің зор әлеуетін атап өтті.

– Халықтық қолөнер ұлттық мәдениет пен туризм индустриясының ажырамас бөлігі. Елдегі туризмнің дамуын, туристік орындардың танымалдығының артуын ескерсек, қолөнер кең тарала бастайды. Бұл үрдісті күшейтіп, ұлттық қолөнерді ілгерілету үшін түрлі алаңды ұсына отырып, жаңа деңгейге көтеруіміз керек, – деді ол.

Жәрмеңкеге келген шеберлер қолдан жасаған заттарын көпшілік назарына ұсынды. Онда зергерлік, киіз және жібек бұйымдар, тоқыма және былғарыдан жасалған заттар, музыкалық аспаптар, ат әбзелдері, картиналар болды. Жиналған қаражаттың бір бөлігі киіз бұйымдарына керекті шикізат сатып алу үшін ерекше қажет ететін шеберлерге көмекке бағытталмақ.

Жәрмеңкеге қатысушылардың бірі – Сәуле Жүлкеева. Сәуле Талдықорған қаласында ұлттық нақыштағы әшекейлер жасайтын шебер.

– Мен зергерлік бұйымдарды табиғи тастардан жасаймын. Идея мен дизайнды түрлі жұмыстарға қарап, өзім ойлап таптым. Барлық өнім заманауи дизайндағы шығыс және ұлттық стильде әзірленген. Әрбір бұйым бірегей, қайталанбайды деп айтуға болады. Өйткені олар қолмен жасалады, – дейді қолөнер шебері Сәуле Жүлкеева.

Ал Сарқан ауданының тұрғыны Светлана Бестюбаева үшін бұл алғашқы көрме. Ол қыз жасауы мен көрпе-жастық және кілемдер жасайды.

– Бес жыл бұрын көрпе тігіп, қыздарыма жасау дайындай бастадым. Менің тіккендерімді көріп, туыстарым мен таныстарым тапсырыс бере бастады. Осылайша хоббиім кәсіпке айналды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, бизнес ашуға грант алдым. Осы қаражатқа тігін машинасы мен құрал-саймандар сатып алдым. Содан бері бизнесті дамыту бойынша белсенді жұмыс істеп келемін. Әзірлеген дүниемді Instagram-ға салып отырамын. Ұйымдастырылған көрмеде басқа да шеберлермен пікірлесіп, тәжірибе алмастым, – дейді ол.

Көрме жұмысы аясында шеберлік сыныптары, ұлттық киімдер көрсетілімі және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Ескелді ауданы

Алматы облысы
 

Қатысты жаңалықтар

«Мемлекет ішіндегі мемлекет» – фейк: Мұрат Әбенов Конституциядағы даулы сауалдарға нүкте қойды

«Мемлекет ішіндегі мемлекет» – фейк: Мұрат Әбенов Конституциядағы даулы сауалдарға нүкте қойды

10.02.2026
Халықаралық заңгерлер Қазақстанның жаңа Конституция жобасын қолдады

Халықаралық заңгерлер Қазақстанның жаңа Конституция жобасын қолдады

10.02.2026
Жаңа Конституцияда меншік нысандарының анықтамасы барынша нақтылануы мүмкін

Жаңа Конституцияда меншік нысандарының анықтамасы барынша нақтылануы мүмкін

10.02.2026
Қазақстандық арнайы жасақ Дубайда рекорд орнатты

Қазақстандық арнайы жасақ Дубайда рекорд орнатты

10.02.2026
Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.