Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КӨРКІН КҮН СҮЙГЕН

06.07.2021
КҮЛТӨБЕ
КӨРКІН КҮН СҮЙГЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Есілді жағалай мекен еткен тұрғындардан былтыр сүйінші сұраған сәт әлі де жүректе. Арқа төрінде ақ түйенің қарны жарылды. Астаналық көрермен асыға күткен Қ. Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының жаңа ғимаратының тұсауын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі келіп кесті. Көптен күткен қуаныш осылайша үлкен тойға ұласқан болатын.

Дәуір қойнауындағы тарих тарамдарына көз жүгіртер болсақ, сонау орта ғасырда қайырымды қаланы аңсап өткен Әбу Насыр әл-Фарабиден бастап, желмаясына мініп, жерұйықты іздеген Асан қайғының арманы да бүгінде Қазақстанның төр қаласына айналған Ұлы даланың елордасы мұратымен астасып жатқандай. Бабалар аңсап өткен сол асқақ арман бүгінде ақиқатқа айналып, ол Арқа төрінде бой көтерген жас та болса жасампаз шаһар – Нұр-Сұлтан қаласының кеңге құлаш жайған қадамдарынан айқын байқалады.
Ел астанасы Арқа төріне қоныс аударғаннан бері Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың кіндік қаласының тек саяси ахуалын ғана емес, бас шаһардың мәдени келбетін кемелдендіруге де тікелей атсалысып, күні бүгінге дейін жанашыр болып келеді. Оның айқын дәлелі – елорда төрінде бой көтерген мәдениет, өнер ошақтарының барлығына дерлік қолдау білдіріп, кеңінен қанат жаюына даңғыл жол салып беруі. Бір ғана елорданың төрінде 65 мәдениет мекемесінің, атап айтсақ, жеті сарай мен концерт залы, бес музей, жеті театр, 20 кітапхана мен алты кинотеатрдан бөлек, жеке көркемсурет галереяларының құрылысы жанданып, қарқынды жұмыс істеуі мемлекет тарапынан үздіксіз көрсетіліп келе жатқан осы бір қолдаудың жемісті нәтижесі болса керек.
Неге екен, астана десе, үнемі ойымызға Нұр-Сұлтан шаһарының бас архитекторы, жапон сәулетшісі Кисе Курокаваның: «Иероглиф әлі ешқандай белгі түспеген таза параққа келісті түседі», – деп қазақтың кіндік қаласы турасында айтқан тағылымды ойы орала береді. Расымен де, сол сонылығы, сол жастығы һәм сол жаңашылдығымен де бүгінде елордамыз әлем тамсана қарайтын ірі мегаполиске айналды. Күн сайын бой көтеріп, елорда келбетін кемелдендіріп келе жатқан сұлу ғимараттар да бас қаланың сұлулығына сұлулық үстеп, архитектуралық һәм тарихи мазмұнын байытып келеді. Арқа төрінен бой көтерген еңселі ғимарат – Қ. Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының зәулім сарайы да осы бір сәнді шаһардың салтанатын одан әрі асырып, мерейін және бір тасытқандай. Оған Елбасының ғажайып ғимараттың тұсаукесерінде театр ұжымына жолдаған мына бір жүрекжарды лебізі айқын дәлел болады.
– Бұрыннан, астанамыз Арқаға көшкеннен бері Елордамызда қазақтың ең үлкен драма театры болуы керек деп ойлап жүруші едім. Өзі де менің ойымдағыдай болып әдемі салынған екен. Сіз­дерге де үлкен қуаныш әкелген шығар деп ойлаймын. Осы орданың ішінде жақсы-жақсы әртістеріміз тәрбиеленіп шығатын болсын. Үздік шығармалар орындалатын болсын. Баршаңызға табыс, бақыт тілеймін. Дауыстарың шырқап, өнерлерің тасып, елге қызмет етіңдер, – деген болатын Елбасы тарихи сәт – жаңа театр ғимаратының тұсаукесер рәсімінде.
«Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды». Бұл – Елбасы ұстанымы. Ал театр – руханият ошағы. Ғимараттың жобасын өзі қолдап, бекітуі де содан. Елбасы бастамасын жүйелі жалғаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыс барысын тікелей қадағалады. Нәтижесінде, астаналық көрермен көркін күн сүйген ғаламат театрмен қауышты.

Мұхтар КҮМІСБЕК

Қатысты жаңалықтар

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

09.07.2026
Алатауға жаңа мәртебе берілді: Президент заңға қол қойды

Алатауға жаңа мәртебе берілді: Президент заңға қол қойды

09.07.2026
Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

08.07.2026
Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

08.07.2026
«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

08.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.