Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАЙТПАЙ ҚАЛҒАН БАРЛАУШЫ

30.06.2021
КҮЛТӨБЕ
ҚАЙТПАЙ ҚАЛҒАН БАРЛАУШЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Сұрапыл соғыстың аяқталып, Жеңіс туы желбірегеніне де 76 жыл өте шығыпты. Былай қарасаң, бір адамның ғұмырындай уақыт. Жеңіс жолында қаншама боздақ қыршынынан қиылып, қаншама қандастарымыз жат жерде қалды десеңізші?! Солардың бірі – Ұғұмар Кендірбаев еді.

Ұғұмар Кендірбаев 1923 жылы қазіргі Ақсу ауданына қарасты Қызыл Ту ауылында дүниеге келді. Ұғұмар Ысқақұлының балалық шағы да, жігіттік кезеңі де осы өңірде өтті. Кеңес өкіметін қалыптастыру, ұжымшар құру жұмыстарына белсене араласқан жан еді. Өз заманының беделді, іскер азаматтарының бірі болды. Жетіжылдық мектепті аяқтаған соң Ұғұмар Кеңес армиясы қатарына шақырылғанға дейін ұжымшарда жұмыс істеді.
Ысқақ Кендірбаевтың отбасында асыл жары, ұлы Ұғұмар және қарындасы Бекен төртеуі тату-тәтті өмір сүрді. Соғыстан қайтпаған барлаушы Ұғұмардың әкесі Ысқақ және анасы Рысжан – ұжымшарда дала жұмысымен айналысқан жандар. Отағасы бригадир болса, зайыбы оның көмекшісі болды.
Ұғұмар 19 жасында Ақсу аудандық әскери комиссариатында армия қатарына шақырту алып, ұрыс даласына аттанды. Ол майданда гвардия сержанты атағымен 87-ші гвардиялық Қызылту атқыштар полкі, Ельня Қызылту дивизиясында барлаушылар бөлімшесінің командирі болып қызмет етті. 1943 жылдан ВКПб кандидаты атанды.
Жаужүрек барлаушы 1942 жылдан бастап қанқұйлы соғыстың бел ортасында жүріп, жеңіс жолында аянбай тер төкті. 1943 жылы полкпен бірге Ельня қаласын алып, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Сол жылдың тамыз айында барлаушылар бөлімшесінің командирі, гвардия сержанты болған Ұғұмар Кендірбаев Смоленск облысы, Воходск ауданы, Гнездиловка селосында орналасқан қарсыластар күшін жоюда басшылықтың бұйрығымен 4 адамдық барлаушылар тобымен бірге дәл және өз уақытында қойылған міндетті орындап, 10 гитлершінің көзін жойды.
1943 жылдың қыркүйек айында Смоленск облысы, Глинков ауданы, Орловка селосына барлаушылар тобының басшысы ретінде «тіл» алып келуге жіберілді. Қарсыластар қатарына кіргенде немістердің тобымен кездесіп, екеуін тұтқындап бөлімшеге әкелсе, ал төртеуін қарсылық танытқаны үшін атып тастады. Осы миссияны мінсіз орындаған ол тағы да «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Ұрыс даласында ол әрдайым бақылаушылар пунктінің алдыңғы шебінде болып, қарсыластардың жоспарын дәл танып, олардың «ыстық нүктелері» мен топтарын біліп отырды. Өзіне жүктелген сондай тапсырманың бірінен ол оралмай қалды. Нақтыласақ, 1944 жылдың 13 қаңтарында бөлімше (дозор) Александрово ауылына барлауға кіреберісте қарсыластарымен бетпе-бет келген Ұғұмар өзін оққа төсей отырып, оқтың атылу жүйесін және олардың санын анықтап, жауынгерлік тапсырманы орындап қайтып бара жатқан жолда мерт болды.
Барлаушы Ұғұмар қайтыс болған соң неміс басқыншыларымен соғыста көрсеткен қажырлы ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды. Таяуға дейін жақын туыстарының көпшілігі Ұғұмар Кендірбаевтың осындай ерен ерліктері туралы білместен өмірден өтіп кетті. Әрине, іздеу салды, сұрастырды, мұрағаттарға үңілді, әртүрлі дереккөздерді ақтарып, түрлі орындарға хабарласқанымен  еш мәлімет ала алмады. Тек 2020 жылдың желтоқсанында интернет арқылы «Халық жадында» (pamyat-naroda) сайтынан мәлімет табылды. Қолдағы бар ақпаратқа сүйенсек, ол 1944 жылы 21 жасында Ресейдің Калинин облысы, Идрицкий ауданы, Александрово селосында қаңтар айында жерленген екен. Өмірбаяны да аталмыш сайттан алынды.
Отан соғысының қаншалықты жан алып, жан беріскен қанды ұрыс болғаны тарихтан мәлім. Кеңес әскерін басып алуға жанталасқан жау барлық күштерін осы бағытқа төгіп, оқтың, бомба мен снарядтың астына алды. Ұрыс болған майдан даласы асты-үстіне келіп, аяқ басып жүрер жер болмағаны аян. Сондай бір аласапыранда ағам Ұғұмар неміс әскері туралы азын-аулақ ақпарат алу жолында не жау оғынан, не бомбасынан әлде снарядынан опат болған шығар, кім білген?! Ажал айтып келмесі анық. Қалай болғанда да ол Отан үшін, елі мен жерінің бостандығы үшін қыршын жанын қиды. Біз оны әркез мақтанышпен айтамыз.

Орал ЫСҚАҚОВА,
қарындасы

 

Қатысты жаңалықтар

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

08.07.2026
Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

08.07.2026
«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

08.07.2026
Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

08.07.2026
Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

08.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.