Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

25.06.2021
КҮЛТӨБЕ
ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы қаласының айналасындағы аудандардың халқы үшін кәсіпкерлік пен бизнесті дамытуға оңтайлы жағдай қалыптасқан. Еліміздегі ең ірі мегаполистің тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ауылшаруашылығы өнімдерін өндіретін құрылымдарды дамыту сол мүмкіндіктің бір бағыты ғана. Қарасай ауданына қарасты Елтай ауылдық округінің Қаратөбе елді мекенінде «Eurasian Green Product» ЖШС-нің құрылтайшылығымен ашылған өндірістік жылыжай кешені осы сөзіміздің дәлелі.


Кешеннің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев шараға жиналған қауымды негізінен экспорттық бағытта жұмыс жасайтын ауқымды жылыжайдың іске қосылуымен құттықтап, аймақ басшысы Амандық Баталовтың сәлемі мен ыстық ықыласын жеткізді. Жылына 3.5 мың тонна қызанақ өндіретін кешенге «Бизнесті қолдау» жол картасы бағдарламасы аясында облыс тарапынан қолдау көрсетіліп, кешеннің инфрақұрылымын қалыптастыруға 330 млн. теңге жұмсалған екен. Жаңадан 100 жұмыс орны ашылып, аудан бюджетіне жылына 100 млн. теңге төлем түседі деп болжануда.

Осыдан кейін сөз алған «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Айболат Әбенов осыдан үш жыл бұрын аталған жобаны қаржыландыруды қолға алып, мемлекеттің қолдауымен бөлінген 3,7 млрд. теңгенің нәтижесінде елімізде баламасы жоқ жаңа жылыжай кешені пайда болғанын қуана жеткізді.  Алдағы уақытта осы кешеннің жанынан  тағы 5 гектар алқапқа қияр өсіретін жылыжай тұрғызу жоспары бар екен. Айболат Жақсылықұлы «Аграрлық несие корпорациясы» бұл жобаға да қолдау көрсететінін айтып, кешен қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.

Өз кезегінде «Eurasian Green Product» ЖШС құрылтайшыларының бірі Жандос Тұрсынғалиев салтанатты шараның қонақтарына жылыжай кешенінің жұмысы мен болашақтағы жоспарлары туралы әңгімелеп берді. Аталған компания бұған дейін де  ауылшаруашылығы саласында біршама шаруалар атқарған болатын. Ал бұл жолы жылына 3 407 тонна қызанақ өсіретін, Голландияның ең соңғы технологиясы бойынша салынған алып кешен өндіріске енгізіліп отыр.   Аталған жобаға  5,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, 100-ден аса жергілікті тұрғын тұрақты  жұмыспен қамтамасыз етілетін болады. Осы арқылы Алматы облысы мен қаласын аса сапалы қызанақпен қамтамасыз етіп, Ресейге экспортқа шығару көзделіп отыр. Үшінші кезеңге арналған жоспар бойынша осы жерден көкөніс пен жеміс сақтау қоймасы салынады деп күтілуде.

Өндірістік жылыжай кешенінің лентасын қиғаннан кейін қонақтар жылыжайдың ішін аралап, өндірістік құрылымдармен танысты. Соңынан  кешеннің алдына көк желектерді отырғызылды.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ
Қарасай ауданы

Қатысты жаңалықтар

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

08.07.2026
Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

08.07.2026
«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

08.07.2026
Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

08.07.2026
Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

08.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.