Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ТӘКЕН ТӘЛІМІ

21.05.2021
ЖАНСАРАЙ
ТӘКЕН ТӘЛІМІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған заң колледжі ғимаратының төменгі қабатында ширақ  қимылды, жүзі таныс қызбен кездесіп қалдым. Ол маған қарады. Мен де жанарымды тіктедім. Кетуге ыңғайланып жалт бұрыла бергенде:
– Тоқта, қарағым, сен Тәкеннің қызы емессің бе? – дедім.
– Иә,  Ләйләмін.
– Ой, қарағым-ай, көптен көріспеген соң, шырамытқаным болмаса,  дөп басып жыға тани да алмай жатырмын.
– Сіздер мен тұрмақ папамды да ұмыттыңыздар ғой, – деді бірден  ренішті кейіппен.
– Неге олай дейсің?
– Өмірден озғалы он бес жылға жуықтады. Бірде-бір рет еске алып, өзі істеген газетке мақала да жазбадыңыздар. Іздеушісі жоқ дейін десем, тай-құлындай қатар өскен сіз барсыз. Бірақ үн қатпайсыз. Бұл ұмытқандық емей не?  – деп өкпесін ірікпеді.
Мен  ойланып қалдым. Әсіресе Ләйләнің «Папамды ұмыттыңыздар ғой» деген сөзі жаныма қатты батты. Ой қиялымен барлап қарасам, шынында да соңғы жылдары  Тәкен тұрғысында ешнәрсе жазылмапты. Тек  ақын Ахмет Кендірбекұлы  ұйымдастырған «Тағзым» атты теледидар хабарынан басқа  ойыма ешнәрсені оралта алмадым.
«Саналы  ғұмырын тек бір-ақ салаға бағыттап, соның жілігін шағып, майын жеп қоңданып, рухани байлығымызды кемелдендіруге өзіндік қомақты үлесін қосып, артында сарқылмас рухани мұра қалдырған белгілі журналист, жазушы-драматург, Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген мәдениет кызметкері Тәкен Әліпбайды шынымен-ақ ұмытқан екенбіз-ау…»  – деп, Ләйләнің өкпе-ренішін тарқату үшін қолыма қалам алып, Тәкен тұлғасын көз алдыма елестеттім.
Қарымды қаламгер Тәкен Әліпбай 2007 жылғы 28 сәуірде көз алдымыздан бұлбұлдай ұшып кеткенімен жарқын бейнесі жүрегіміздің төрінде мықтап орнықты. Жымиған қалпымен өзін байсалды ұстайтын кісілік келбеті бүгінгідей көз алдымда. Елгезектік танытып, елпілдей де қоймайды. Баяғы Тәкен сол Тәкен.
Жалпы алғанда ол қой аузынан шөп алмайтын біртоға, көркем мінезді жан-тұғын. Ешкімге жалынып, жалпаңдай да бермейтін.  Көпшілік ортада өзін салмақты ұстайтын. Көбік сөзді ұнатпайтын. Өзіндік ойын айтар тұста ғана білімділігі мен біліктілігін, тарихты жақсы зерделейтіндігін анық аңғартатын. Турашылдық пен әділдікті  жақтайтын. Мәселенің тоқетеріне тоқтап, тұжырымын қысқа қайыратын. Ғайбатты қаламайтын. Қоңыр тірлігін күйттеп, шаруасын тиянақты тындырушы еді. Соның нәтижесі болар, шығармашылық салада қыруар  іс тындырды.  

Осы тұста Тәкеннің осыншалықты мінез-құлқын, бірбеткейлік ұстанымын, турашылдығын қайдан білесіз деушілер де табылар. Мен оның адами парасаттылығын қалай жетік білетіндігімді айтайын. Екеуміз де Балқаш ауданына қарасты бұрынғы Қаратоған қыстағының қарасирақ балаларымыз. Бұл ауыл Іле өзенінің батыс жағалауына ірге тепкен. Осы жердің шаң-топырағына аунап, суына шомылып, асығымызды ойнап өстік. Сиыр жүнінен илектелген допты қуып, тоғайын аралап, бал татыған жидесін теріп жеп, шақырайған күн сәулесіне денемізді күйдіріп шыныққанымыз және бар.
Тәкен екеуміз бір жылғы төлміз. Құрдаспыз әрі қаршадайымыздан сырласпыз да. Біздер  Жиделі жетіжылдық мектебін бітірдік. Әрі қарай оқуды қалай жалғастырамыз деп ойланып-толғанып жүргенімізде ауылымыздан жиырма шақырымға жуық қашықтықтағы, Іле өзенінің Балқаш көліне құяр сағасын мекен еткен Құйған ауылындағы Бозжанов атындағы орта  мектептен қазақ балалары үшін жоғары сыныптар ашылатынын естідік. Қуанышымыз қойнымызға сыймай, бөркімізді аспанға лақтырдық. 
Жан-жақтағы ауылдардан жетіжылдықты бітірген түлектер түгелге жуық жиналды-ау деймін, оқу жылы басталғанда сегізінші сыныпта оқитындардан бес сынып жасақталды. Әр сыныпта отыз оқушы тіркелген. Оқу басталды. Бірінші тоқсан соңында екі сынып жабылды. Оған себеп, кейбір оқушылардың тұрмыстық жағдайы көтермеді. Енді бірі оқуға ынталанбады. Және бір тобы жататын-тұратын тұрақ таппай қиналды. Сыныққа сылтау табылып жатты. Оқу жылы аяқталарда әдепкідегі бес сыныптан екі ғана сынып қалып, елу шәкірт тоғызыншы сыныпқа көшті. Бәрін айт та бірін айт,  сегізінші сыныпқа келген 300-ге жуық оқушыдан жиырма бесіміз ғана онжылдықты ойдағыдай  бітіріп, 1957 жылы аттестат алдық.
Дәл осы жылы Шу өңіріндегі ұландық комсомол-жастардың мектеп бітірушілерді мал шаруашылығында екі жыл жұмыс істеуге шақырған Үндеуі жарияланды. Оны біздің сыныптағылар да бірауыздан мақұлдады. Себебі, екі жыл өндірісте жұмыс істемейінше аттестат берілмейді деп нығарлап тастады. Соған орай Тәкен екеуміз де туған жерімізде жаңадан құрылған «Жиделі» совхозында екі жыл жұмыс істеуге бекіндік. Бұл шаруашылықта қаракөл қойын өсіру ұйғарылыпты. 
Қаратау қойнауындағы Созақ ауданы мен Түркістан аймағындағы шаруашылықтардан қаракөл қойын алып келуге совхоз малшыларымен бірге Тәкен екеумізді де жіберді. Түркістанда уақытша тұратын пәтер жалдап, онда бізді қалдырды да байырғы малшылар қаракөл қойын алатын шаруашылықтарды аралауға аттанды. Тәкен екеуміз ертелі-кеш арлы-берлі өтіп жатқан пойыздарды қызықтап, көшелерін, базарларын аралап шаршап келіп құлаймыз. Қожа Ахмет Яссауидің кесенесіне барып едік, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Сонда да болмай шалғайдан келгендігімізді айтып өтініп едік, бір қызметкері кесене ішін аралатып көрсетті. Тайқазанға иек арта тұрып түбіне үңілдік те құдығының салқын суын құмарта сіміріп,  шөлімізді қандырдық.
Қаратаудың арғы-бергі бетінде екі ай жүріп, төрт мың қаракөл қойын Түркістан теміржол стансысынан вагондарға тиестік. Одан Балқаш көліне жақындау Бурылбайтал стансысына жеткенше қойларды азықтандырып, малшыларға жәрдемдестік.
Еңбек жолымызды осылайша бастаған біздерді шаруашылықта аса қажетсіне қоймайтынын байқадық. Содан кейін өзіміздің ыңғайымызға қарай жұмыс істеуге бет бұрдық. Мені Балқаш аудандық газеті әдеби қызметкерлікке  шақырды. Бас тартпадым. Тәуекелге бел буып, аудан орталығы Бақанасқа келіп, газет редакциясына орналасып, қолыма қалам алдым.
Тәкен құрдасымнан осы кезде көз жазып қалдым. Ұзынқұлақтан «Кереку жаққа оқу іздеп кетіпті» дегенді естідім. Содан оны іздейін. Ол кезде телефон байланысы тым сылбыр. Әрі кімге, қайда қоңырау шаларыңды да білмейсің. 
Арада оншақты жыл өтіп те кетті. Мені Алматы Жоғары партия мектебіне білімімді одан әрі жетілдіруге жіберді. Жоғары мектептің кітапханасына барлық облыстың газеттері келеді екен. «Тәкен  Павлодар жаққа кетті» дегенді еске түсіріп, осы өңірдің  облыстық «Қызыл ту» газетінің тігіндісін алып парақтай бастадым. Өйткені Тәкеннің басылымдарға мақала жазып жүретіндігін жақсы білемін. Ол бұл бағытын өзгерте қоймас. Мақалалары шыққан да болар деген үмітпен газет тігіндісін парақтап, әр мақаланың төменгі жағына үңіліп, Тәкен Әліпбайдың аты-жөнін іздей бастадым. Үмітім алдамапты. Газеттің екі-үш санын парақтаған соң-ақ көлемді бір мақаланың соңындағы Тәкеннің аты-жөні көзіме оттай басыла кетті. Отыра қалып хат жазып, газет редакциясының мекенжайына жібердім. 
Көп кешікпей  Тәкеннен жауап та жетті.  Облыстық газетте қызмет істейді екен. Екінші бір хатымда:  «Қиырда жүріп не бітіресің, Жетісу жеріне жақындамайсың ба?» деп ұсыныс жасадым. Елі мен жерін аңсап жүргені болар, Тәкен ойымды құп көріп, келісе кетті. Сонымен Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласына қоныс аударды. Дайын пәтерге орнықты. Кідірмей редакцияға жұмысқа орналасып, бөлімді басқарды. 
Арада төрт-бес ай өткенде Тәкен жымия күліп келіп: «Аудандық газеттен гөрі, облыстық басылымда істеген қызығырақ сияқты маған. Шалғайдан шақыртқан өзің едің. Енді өзіңнен Талдықорғанға жұмыс бабымен ауысуыма рұқсат беруіңді өтінгелі отырмын. Облыстық газетте жұмыс істесем деймін. Ренжімей келісіміңді бере қойшы», – деді. Ойланып қалдым. Аудандық газет редакциясында білікті журналистер шамалы. Бір жағыма қолдау болып, демеп-жебеп жүре ме деп сенім білдірген Тәкенім менің жауабымды күтіп отыр.
– Ойпырай-ә, тұйыққа тіредің ғой мені. Қиналған жерім осы болды-ау, – деп сәл реніш білдірдім.
– Әлеке, жағдайды жақсы түсінемін. Бірақ, мені тұсамағаныңды жөн санаймын. Дұрыс ұйғарым жасауыңды өтінемін,  – деп қиыла өтінген Тәкен тік қараудан қымсынғансып, мойнын есік жаққа бұрыңқырап қойды.
 – Жарайды, қайда жүрсең де жақсылыққа жолығып, абыройлы болғайсың, – деп  қол бердім. Сонымен талапты да талантты  жас журналист Тәкен Әліпбай Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газетінің басшылығының ұйғарымымен қызметке түпкілікті орналасып алды. 
Тәкеннің  мақалалары мен әңгімелері мектеп қабырғасында жүрген кезден бастап-ақ аудандық, облыстық және жастар басылымдарында оқта-текте болса да жарияланып  тұратын. Ол кәсіби жоғары білім алып, өз талантын одан әрі жетілдіру мақсатында Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін ойдағыдай бітірді. Одан кейін, жоғарыда айтып өткеніміздей, әуелде Павлодар облыстық газет редакциясында жұмыс істеді. Одан соң Қаратал аудандық газетінің редакциясында шамалы ат аяғын суытып барып әуелде «Октябрь туы», кейін «Жерұйық» аталған Талдықорған облыстық газетінің редакциясында жемісті еңбек етті. Өзінін алғырлығы мен табандылығының арқасында мамандығының қыр-сырын жетік меңгеріп, биік деңгейіне көтеріле білді. Оның мақалалары қашанда тақырыпты терең талдауымен қоса өміршеңдігімен,  нақтылығымен ерекшеленетін. Публицистикалық туындылары республикалық басылымдарда жиі-жиі жарияланды. Жазғандары көпшіліктің назарын бірден аударып, жоғары бағасын  алып  та жүрді.
Замандасым Тәкен Әліпбай қызмет істеп жүрген «Октябрь туы» газетінің редақциясына мен де жұмыс бабымен ауысып келдім. Екеуміз бір ұжымда  қайтадан табыстық. Осы кезеңде Тәкен көсілте жазып, тебіндете ой толғап, тарихтың тұңғиық тереңіне бойлау мектебін қалыптастырды десек артық айтқандық емес. Ортақ  мүдде үдесінен шығуға мен де күш салып бақтым. Бәсекеге түскендей  жарыса жазып, қатардан қалыспауға құлшындық. Тынымсыз төккен еңбегіміз текке кетпеді. Абыройымыз артып, мәртебеміз де өсті. Соның жарқын белгісіндей Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиуымының 1989 жылғы 24 мамырдағы Жарлығы бойынша  Тәкен екеуміз бір күнде «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атандық. Құрметті атақтың куәлігі мен төсбелгісін Талдықорған облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары Калима Жазылбекова  тапсырып әрі қарай да жақсылықтарға жете берумізге тілектестігін білдірді.
Талдықорған орыстанып бара жатқан қала еді ол кезде. Шаһарда жалғыз ғана қазақ мектеп-интернаты болатын. Балабақша жоқтың қасы. Қазақтарға пәтер  көпқабатты тұрғын үйдің бірінші,  сосын ең жоғарғы бесінші қабатынан ғана берілетін. Ана тіліміздің аясы тарылып, тұншығуға айналып бара жатқаны қынжылтатын. Осындай қордаланған жайттар журналистердің намысын қоздырып, түн ұйқыларын төрт бөлетін. 
Облыстық «Оқтябрь туы» газетінің бас редакторы Тұрсын Әбдуалиев осы кезде құрылысы аяқталуға жақын қалған ғимаратты  қазақша оқытатын  мектепке беру қажеттігі жөнінде мәселе көтерді. Бірақ, бұған облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Анатолий Жигулин келіспей: «Құрылыс орыс мектебі үшін салынып жатыр. Бағдарды бұзуға ешкімнің де құқы жоқ» – деп қиястанып, мұрнын көкке көтерді. Осыдан текетірес басталды. Бас редактордың  көтерген мәселесін редакцияның шығармашылық  ұжымы бірауыздан қолдады. Тәкен Әліпбай бастаған, оны қоштаған Қанат Асқаров, Камал Әбдірахманов, Кемел Құсайыновтар күрделі мәселені жан-жақты қамтып, «Социалистік Қазақстан» газетіне көлемді мақала жазды. Республикалық басылымның басшысы Шерхан Мұртазаның келісімімен Жигулиннің ұлттық талапқа қайшы келетін саясатын баяндаған мақалалар бірінен кейін бірі жариялана бастады. 
Осы тұста партия конференциясы өткізіліп, Жигулин лауазымды орынтағына қайта жайғаспақшы болды. Қаламгерлердің күтпеген қарсылығына тап болған Жигулин қатты сасқалақтап, жанын қоярға жер таппай қобалжыды. Бұрын редакция қызметкерлеріне жеткілікті дәрежеде мән бермейтін басшы шиеленіс шырмауықтай шатылып, істің насырға шаба бастағанын сезінген шақта тыпыр қағып, алашапқын күйге түскен-тін. Жигулиннің тікелей жанашыр-қолдаушысы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы Ануфриев бұрын есігін ашып көрмеген редакция кеңсесіне  арнайы келіп, қызметкерлермен маймөңкелеген әңгіме өткізіп, жағдайды жұмсартудың жолын іздеп, бұлтарып-ақ  бақты. Әйтсе де қатайып алған қаламгерлер  қиыспайтын жадағай сөзге қыңбады. Үгітіне ешкім де құлақ аспады. Көндіре алмағанына бұртаңдаған басшы қаламгерлерге қиыс қараған бойда кете барды. Сонымен Жигулин сайланбай, лауазымды қызметінен қалпақтай ұшты.
Редакция қызметкерлерінің бұл жолғы әрекеттері сол кездегі қылышынан қан тамған солақай саясаттың тұсында ерен ерлік болатын. Партия комитетінің өз органы болып табылатын газеттің  облыстың бірінші басшысына қарсы шығып, айтқанға көнбеуі бұрын кездеспеген, ендігі жерде кездеспейтін де оқиғамен пара-пар-тын. Осылайша Тұрсын Әбдуәлиев бастап жұдырықтай жұмылған журналистердің  пәрменді қимылы жеңіске жеткізді. Олар көтерген өзекті мәселелер кезегімен шешімін таба бастады. Осындай белсенді топтың алғы шебінде әділдікті жақтап, турашылдығынан танбай, жасқанбай жүргендердің бірі бүгінгі әңгіме арқауына айналып отырған  Тәкен Әліпбай болатын. Арда азаматтың намыс туын  жоғары ұстап, ұлтының ұлықталуын жүрегімен қалайтындығының дәлелі еді бұл.
Ұлттық мүдде таразыға түскен тартыста бірлік туын берік ұстаған Тәкен Әліпбай журналистикадағы шеберлігін одан әрі шыңдай түсті. Арагідік көркем әдебиет жанрларына қарай  ойысып, келе-келе драмалық шығармалар жазуға мықтап бекінді. Бұл бағыттағы діттеген мақсат-мұратына жетті де. Қаламынан туындаған мөлтек әңгімелері мен тарихи тақырыптарға терең бойлаған пьесалары көркемдігімен де, тартымдылығымен де көрермен  көңілінен дөп шығып, сыншылар тарапынан лайықты бағасын алып жатты.
Драматургия жанрына ықыластана ден қойған Тәкен Әліпбайдың  «Көрінбейтін көлеңке» атты тырнақалды пьесасы сонау 1974 жылы жазылған еді. «Даладағы дүбір», «Өгей әке» драмалары театрлардың сахналарында әлденеше мәрте  қойылып, көрерменнің жүрегіне жол тартқаны мәлім. «Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы» атты памфлет драмасы Семейдің Абай атындағы мемлекеттік музыкалық драма театрының сахнасында көрініс тапты. Алматы облыстық Бикен Римова атындағы драма театры «Соңғы бетпе-бет» спектаклін көпшілікке ұсынды.
Қаламгер шығармашылығының танымалдығынан болар, оған Жетісу өлкесінен тыс аймақтардың театрлары да қызығушылық танытты. Содан кейін де шығар, Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстары сахналарының төрінен «Қанды ғасыр» трагедиясының, «О, Аттила! Аттила!» және «Томирис» пьесаларының күні бүгінге дейін берік орын алуы дағдылы үрдіске айналған. Көп қырлы қаламгердің төрт бірдей драматургиялық туындысы Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының, Қызылорда, Жамбыл, Кереку және өзге де өңірлердің облыстык театрларының сахналары арқылы көпшілік назарына ұсынылды. Драматургиялык еңбектері әлденеше рет республика көлеміндегі байқауларда жүлделі орындарды иеленді. Солардың сүбелісі «Қанды ғасыр» трагедиясы Тәкен мәртебесін биіктете түскен айтулы драмаға баланды.  
Қазақстан Республикасының халық әртісі Алмахан Кенжебекова Тәкен Әліпбайдың осы «Қанды ғасыр» драмасы  тұрғысында былай дейді:  «Тәкен аға Алматы облыстық драма театрында қызмет еткен тұстары ерекше құлаш сермеді. Еркін тыныстады. Қазақ драматургиясының алтын қорына қосылған айтулы дүниелері де осы кезде жазылды. Әлі есімде, Жамбыл қаласында театрлардың республикалық фестивалі өтіп жатқан тұста біздер – талдықорғандық актерлер Тәкен ағаның «Қанды ғасыр» пьесасын сахналадық. Сол жолы қойылымды көрермен қатарында тамашалаған қазақтың белгілі драматургі, ақын  Иран-Ғайыптың: «Мынау не деген терең де ғажап еңбек. Авторын бұған дейін қалайша білмей келгенбіз!» деген үлкен бағасы мәртебемізді өсіріп, мерейімізді тасытып еді. Сапардан қуанышпен  олжалы оралған едік». 
Әріптесіміз шын мәнінде көркемдеп жазудың шебері-тін. Шоқтығы биік тұратын, таланты таудай-тұғын. Томаға-тұйық отырып алып қанаты талмас қырандай ой, қиялымен тарихтың терең қырларын, тұңғиық көгін шарлайтын. Ол көркем әдебиетте көбінесе тарихи тағылымды көбірек қаузап, тылсымына тереңірек бойлауға тырысатын.
Тәкен Әліпбайдың қаламгерлік тәсілінің басты ерекшелігі – шығармаларының өне бойында танымдық дүниелер тұнып тұратын. Шытырманды оқиғалары көрермен көңілінен шығып, автордың шеберлігіне  риясыз ризашылық білдіріп жататын. Бұл да шеберліктің шынайы үлгісі екендігі күмәнсіз.
Журналистика мен көркем әдебиетті қатар алып жүретін қаламгерлер сиректеу ұшырасады. Ал Тәкен болса, журналистік салада  өндірте жазатын. Көркем әдебиетті де кейінге сырғытпады. Екі бағытты да тең ұстады. Бірақ, ол:  «Мен мынаны жаздым, енді мынаны жазайын деп жүрмін» – деп кеуде көтермейтін. Тіршілігінде туындыларын топтастырып жеке кітап етіп шығаруға ниет танытқанымен қолдаушылар тарапынан нақты жәрдем болмағасын әрі қарай өзеурей бермейтін, әдептілік сақтау шегінен аспайтын. Үйреншікті дағдысымен  жазу-сызудан бас алмай, рухани қорын  жаңа туындылармен толықтыра беруді мақсат тұтты.
Тәкен екеуміздің туған жеріміз бүгінде Жиделі деп аталады. Осынау шағын ауылдан шоқтығы биік қаламгерлер қанаттанып, еліміздің әр түкпірінде жемісті еңбек еткенін, олардың бірқатарының қазіргі таңдада қаламдарын қолдарына мықты ұстап жүргендерін үлкен мақтанышпен атап өтуге болады. 
Бір ауылдан қанат қаққан жиделілік журналистердің алғы легін кезінде белгілі жазушы Бек Тоғысбаев бастаған болса, бүгінгі таңда бұл тізбектің ұзын-ырғасы оннан асып жығылады. Олардың алдыңғы шебінде Тәкен және мен тұрсам, әрі қарай көш керуеніне ілескендердің қарасы да қомақты топты құрайды. Нақтылап тізбелейтін болсақ, алғашқыда Балқаш аудандық «Балқаш еңбеккері» газетінде бөлім басқарып, кейін Солтүстік Қазақстан облыстық теледидар комитетінде тележурналист болып қызмет істеген  Зинат Рысбекова, облыстық «Жетісу» газетінің байырғы журналисі Сайлаубек Байдүйсенов, «Социалистік  Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») басылымының жауапты хатшысы міндетін абыройлы атқарған тәжірибелі  де білікті журналист Сейділда Бәкеней, кезінде Балқаш аудандық газетінің редакциясын  басқарған  Манап Түбекбаев,  осы үнпарақта қаламдарын ұштаған Сейілхан Сайлаубайұлы, Мұхтар Күмісбек, аудандық басылымның қазіргі бас редакторы Күмісбек Ербай, республикалық «Экологический курьер INT» және «Атамен KZ» қоғамдық-экологиялық газеттерінің директоры Жанымкүл Далыбайқызы Ташкенбаева топырағы киелі өңірде қанаттарын қатайтып барып шығармашылық аспанына қанат қаққандар. 
Бүгінде аға-апа атанған осынау жиделілік журналистердің жолын қууға құштарлық танытып, «мен де журналист боламын» деп армандаушылардың қатары да көбеймесе сейілер сыңай байқалмайды. Қолына қалам ұстауға ниеттенгендердің ішінде биыл Жиделі орта мектебін тамамдайтын Назерке Нұрлыбайханқызының есімін атар едік. Журналист мамандығының қыр-сырын меңгеруді  армандайтын  түлектердің бірегейі аудандық және облыстық басылымдарға тырнақалды мақалаларын жазып жүр. Балауса талапкердің қаламын ұштап, шеберлігін шыңдауға деген талпынысы қуантады. Арманшыл жастың көздеген мақсатына  жетуіне ағалық ақ тілегімізді білдіреміз. 
Шабытының шалқары кеңейіп, кемелдене бастаған шағында Тәкен Әліпбайдың өмірге іңкәр жүрегі соғуын мезгілсіз тоқтатып, 69 жасқа қараған шағында дүниеден озып кете барды. Жанымызға жылу берері, қаламгердің артында парақ-парақ болып қатталған құнды байлығы –  қолжазбалары, қомақты  әдеби мұрасы қалды. 
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Тәкен Әліпбаевтың он бір драмалық шығармасы топтастырылған «Аттила» атты жинағы дүниеден озғаннан кейін 2008 жылы баспадан шықты. Ол сарқылмайтын рухани мол байлық. 
Тәкен Әліпбайдың тектілікке үндейтін тәлімі мен әділдікті сүйетін үрдісі кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде дәріптеліп, есімі мен жарқын бейнесінің шәкірттері мен мыңдаған оқырман-көрермендерінің жүрегінде ұзақ уақыт сақталатыны  айнымас ақиқат деп білемін.

Әли ЫСҚАБАЙ,
ҚР еңбек сіңірген қызметкері, 
Алматы облысының
Құрметті азаматы,  Қазақ журналистикасының қайраткері 

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.