Талдықорған: +39°C
$ 479.26
€ 546.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АУЫЛЫНЫҢ АБЫЗ АҚСАҚАЛЫ

30.04.2021
КҮЛТӨБЕ
АУЫЛЫНЫҢ АБЫЗ АҚСАҚАЛЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Аспантаудың етегін ен жайлаған Үлкен Диқан ауылында тұратын береклі де, мерекелі шаңырақ Шормақовтар жайлы тек жақсы айтылады. Әлеуетті әулеттің ақылшысы, абызы БОТАН ақсақалдың өскелең ұрпақ тәрбиесі мен тәліміне сіңірген еңбегі ерен. Ауылдың берекесін асырып, тірлігінің түзу ұшуына үлес қосып келе жатқан қария биыл сексеннің сеңгіріне шығып отыр.

Қасиетті Қарадалада небір тұлғалар түледі. Олардың алды республика деңгейінде танылса, облыс көлемінде мойындалғандар мен аудан аумағында аты алысқа кеткен тұлғалар да баршылық. Адам кейінгіге қалар кенді ісімен, келелі ойымен, кемел ақылымен ғана жасай бермек. Соған сай жылдар жылжыған сайын қадірі артып, құрметі еселене түсетіндерді елі әрқашан қадірлей білген. Солардың ішінде ауылдың абыз ақсақалы, саналы ғұмырын білім саласына арнаған Шормақұлы Ботанның есімін ерекше атап өтуге болады.

Өмірі өнегемен өрілген қария 1941 жылдың мамырында бұрынғы Бағыағаш, қазіргі Үлкен Диқан ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Үш ұл мен үш қыздан кейінгі үйдің кенжесі еді. Бірақ сұм соғыстың кесірінен еркелей де алмады. Ер- азаматтар жаппай майдан даласына аттанып, аналар мен балалар жұмысқа жегілген жылдардың қиындығын сәби жүрегімен сезініп өсті. Сол жылдардағы солақай саясаттың кесірінен «халық жауы» деген жаламен айдалып кеткен әкесі Шормақты мүлде көрмепті. Хабар-ошарсыз кеткен әкесі кейін заманның беті бері қарағанда ақталды. Анасы Мінәсіп өжет еді. Жеті перзентін жалғыз жеткізіп, балаларының қатардан қалмауы жолында небір қиындықты бастан өткерді. Кіші ұлы сегіз жасқа таяған мезетте өмірден озады.

Еңбекке ерте араласқан Ботан қатарластарымен бірге қозы-лақ бағатын. Жауапкершілікті, ұқыптылықты бойына бала кезден сіңірді. 1949 жылы анасы сырқаттанып, ауруханаға түсті. Қаралы хабар келіп, шешесін жер қойнына тапсырғанда ол жайлауда жүрді. Жұрт үйдің кенжесі болғандықтан анасына жақын өскен ұлды бейіт басына апармағанды дұрыс көріпті.

Әкесін туғалы көрмей, анасынан ерте айырылғандықтан отбасылық жылылық пен махаббатқа сусап ержетті. Өз қамдарын өздері жасап өскен ағайындылар еңбек майданында ешкімге дес бермеді. Соның арқасында бүгінгі бедел биігіне көтеріліп, елдің құрметіне бөленіп отыр.

«Кішірек кезім болуы керек, өзімнен төрт жас үлкен Шәкен ағам екеуміз сауылатын қойлардың қозысының соңында жүрдік. Ол кезде мал бағатын адамның қасына төрт-бес үйді отырғызып, отардағы барлық қойды бөліп беретін. Күндізден кеш батқанша қозыларды бөлек бағамыз. Қойларды сауып, сүтін орталыққа өткізетін. Әрбір үй сүтін пісіріп, айранын ұйытып, егіндегілерге азық даярлайды. Қатық сүзіп, құрт-май жасайды, ірімшік қайнатады. Соғыстағыларға да азық-түлік, киім-кешек әзірлейді. Әйелдер түнде май шамның жарығымен қолғап, шәркей тоқып отыратын. Сүт өнімдерінен басқа ас жоқ. Нан деген нәрселерді кейінірек көрдік қой. Астық жинап жатқан кезде тұлыққа қосқан аттарға мінеміз. Ертеден қара кешке дейін жайдақ мініп, шеңберді айналатынбыз. Шаршап, қалжыраған кезде жылқы үстінде қалғып та кетесің. Тұлық бастыртып жүрген үлкендер ашамен түртіп жібергенде немесе атты салып өткенде ғана шошып оянып жөніңе келесің», – деп еске алады Ботан ақсақал балалық шағын.

Түздегі тірлікке әбден жегілген ол он жасында ғана мектептің табалдырығын аттайды. Жасы үлкен болғандықтан бірден үшінші сыныпқа барып, тоғыз айдың жартысына сабақ оқып, қалған айларында жұмыста жүрді. Сөйте жүріп, хат тану, жазу-сызуды меңгерді. Табандылығының арқасында қатарластарына қосылды. Ауылда тек төрт сыныптық мектеп болғандықтан, 10-сыныпқа дейін Кеңес орта мектебінде білім алды. Жоғары оқуға түсу де оңай соқпады. Ауылдағылар дайын қойшыдан айырылғысы келмегені өз алдына, ол кезде кемінде үш жылдық еңбек өтілінсіз оқуға қабылданбайтын. Ақыры үш жыл ұжымшарда қой бақты, қыста жүк тиеуші болды, малдың жемшөбін әзірледі. Ең бастысы ағасы Сәлімнің қолын ұзартып, қасында жүрді. Әр жүз бас саулықтан 180-ге дейін қозы алып, абыройы тасып тұрған ағасынан тәлім алған Ботан да кейін еңбекте абыройлы болды.

1965 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетіне «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінінің мұғалімі мамандығы бойынша сырттай оқуға түсті. Сол жылы ауылға оралып, орта мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Жаңашылдыққа жақын, мектеп тынысына тың өзгерістер әкелген жас маманның қызметтік өрлеуі де көп күттірген жоқ. Директордың орынбасары, директор сынды лауазымдарға дейін көтерілді.

Мектепте жүріп, өмірлік қосағы, Әбзелханды жолықтырды. Химия-биология пәнінің мұғалімі қызметіне орналасқан жас қызбен тіл табысып, 1968 жылы отбасын құрды. Ұл-қыздары ата-ананың атына кір келтірмей, тал бесіктен берген тәрбиенің арқасында білімді де білікті болып ержетті. «Ұстаздар әулеті», «Білімділер ордасы» атанып кеткен жанұяның жеті баласы өмірлерінің басым бөлігін ұстаздыққа арнаса, үшеуі дәрігерлік жолды таңдап, ақ желеңді абзал жандардың қатарын толықтырды.

 «Қырықтың екеуінде ғанамын», – деп, әңгімеге қалжыңның қаймағын араластыра сөйлейтін Ботан ақсақал сексен жасқа да қажымай, талмай жетті. Ақсақалдың қимылы ширақ, сексен дейтіндей емес, сергек. Сөзі де шымыр, әңгіменің майын тамызғанда құдды бір кітап оқып отырғандай күйге енесің.

Қоңырқай тірлік кешкен қойлы ауылдың тумасы Ұлы Отан соғысының оты шарпи бастаған мезетте дүние есігін ашқандықтан өмірге өзгеше қарап, ең бастысы «Бейбіт күндеріміздің берекесін берсін!» дегенді қайталап отырады. Қиын кезеңнің құрдасы болған ақсақал қос ғасырдың шылбырын тең ұстап, өткен дәуірде жиған-терген білім-біліктілігін жаңа ғасырдың ұрпақтарына таусылмас қазына қылып тарту етуде. Мектептегі қызметі, еңбек жолындағы тәжірибесі, басшылық лауазымдағы адал да әділ істері ауыл тұрғындарының көкейінде.

«Осындай дарынды да арынды әулеттен қыз алып, құдандаласып отырғанымызға қуаныштымыз. Талай азаматқа темірқазықтай жол көрсетіп, өнегелі өмір сапарын жалғастырған жанұямен туыс болып, ортақ немере-шөбере өрбіту де бақыт. «Ұстаздар әулеті» атанған отбасының тектілік тұғыры, білімге деген ынтызарлығы немерелердің бойына дарып, ойына қуат берсе құба-құп дүние деп білемін. Айтқаны өтіп, атқаны жетіп отырған құдамыз бүтіндей бір ауылдың ұйытқысы, дүйім халықты аузына қаратқан абыройлы ақсақал, дуалы тілінен дұғалы батасы үзілмеген данагөй қария», – дейді алакөлдік құдасы Елжан Абдрахманов.

Өзінің ғибратты ғұмырында көрген-білгенімен бөлісіп, үнемі ағалық ақылын айтып отыратын ақсақалды жайдары да жарқын мінезі бедел биігіне шығарды. Ауылдың айтулы азаматтарымен бірге өскелең ұрпаққа тәрбие беруде, ұлттық болмысты қалыптастыруда, рухани тұрғыда байытуда алдыңғы қатарда жүр. Қоғамдық шаралар мен жастар мәселесіне келгенде қол қусырып қарап отырмайды. Жиындарда, алқалы топтарда сөз бастайтын ақсақалдың ақ батасын алуға асыққан ауылдастарының да қарасы көп. «Сөз құдіреті түсінгенге қонады» демекші, әр сөзі өнеге болып өрілген ақсақалдың айтары мол.

Ботан ақсақал өзінің адамгершілігі мен кіршіксіз кісілік мінезі, қайырымдылық пен бауырмалдығының арқасында ауданына аты жеткен абыз ақсақал атанды. Еңбек жолында да ел алдынан көрінген жанның есімі Үлкен Диқан ауылында, ауданда үлкен құрметпен аталады. Біреудің ала жібін аттап көрмеген қария жайлы кімнен сұрасаң да тек жақсы ниеттерін ғана жеткізеді.

««Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады» демекші, Ботан ақсақал артынан ерген бала-шағасын тал бесіктен талмай бағып, бойларына тағылым дарытуда кемшілік жібермеген. «Жастай берген тәрбие жас қайыңды игендей» деп келетін қазақы тәмсілді бағыт етіп, өз перзенттерін ғана емес, барлық шәкіртін адамгершілік пен ақиқатшылдыққа баулыған. Осы еселі еңбегін ауылдастары әрдайым мақтан тұтады. Сөзі салмақты, ойы қаймақты ақсақалдың пікірінсіз ауылда іс ілгерілемеген. Барлық бастамада ақылын сұрап, айтарын тыңдап отырамыз», –  дейді Кіші Диқан ауылдық округінің әкімі Аманжол Атагелдиев.

Он баладан 28 немере, 2 шөбере сүйіп отырған ақсақал кішкентайлардың күлкісі мен махаббатына бөленіп, шаттыққа толы ғұмырын жалғастыруда. Қартайған шағында қуаныш сыйлаған шөберелері Дәрия мен Бегімай еркелей келіп, мойнына асылғанда мерейі өсетін қарияға жүз жылдық ғұмыр тілейміз. Еңбек жолында ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиелесе, қазіргі ел ағасы болған жасында өскелең ұрпаққа темірқазықтай жол көрсетіп жүре берсін дегіміз келеді.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ
Ұйғыр ауданы

Қатысты жаңалықтар

Бүгін – Қазақстанның Әскери-әуе күштері күні

Бүгін – Қазақстанның Әскери-әуе күштері күні

02.07.2026
Бензин тапшылығы: Қырғызстан Қазақстаннан жанармай сұрады

Бензин тапшылығы: Қырғызстан Қазақстаннан жанармай сұрады

02.07.2026
Мемлекеттің берік іргетасы

Мемлекеттің берік іргетасы

02.07.2026
Мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект

Мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект

02.07.2026
Құмды жерге гүл екті

Құмды жерге гүл екті

02.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.